РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



«Студенттер үйі»

Басқа қалалардан келген студенттер Интернет-кластармен, оқу залдары, жаттығу құрылғыларымен жабдықталған залдары, қызығушылық бағыттары бойынша клубтары бар  жайлы жатақханада тұрады. (тіркелу  және орналастыру мәселелері бойынша Тараз қ.,Жамбыл даңғылы 16А мекен-жайы бойынша хабарласуға болады).

ТарМПУ 460 адамға арналған «Білімгерлер үйі» бар. «Білімгерлер үйінің» санитарлық–гегиеналық ахуалы,  қазіргі заман талабына сай жабдықталған, білімгерлер  үшін қыз балаларға және ұл балаларға арналған жуынатын бөлмелер, сырқаттанған білімгерлерді оңашалауға арналған бөлме, әр қабатта тамақтарын дайындап асхана, кір жуатын бөлме, киім кептіретін бөлмелер, оқу залы, кітапхана, сызу және сурет мамандықтарында оқитын білімгерлерге арналған шеберхана залы арнайы талаптарға сай жабдықталған. Білімгерлердің ата-аналары мен университет қонақтарына арналған 21 орындық бөлмелер  қонақ үй үлгісінде жабдықталған. Қазіргі таңда «Білімгерлер үйінде» білімгерлер өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан, білімгерлер Кеңесінің төрайымы және мүшелері жалпы бөлмелерді бөлу, орналасу, тазалық пен тәртіптің бұзылмауын қадағалап отырады. Қазіргі таңда «Білімгерлер үйінде» 361 білімгер тұрады.

Сонымен қатар, білімгерлердің бос уақытын тиімді және қызықты  өткізу үшін барлық жағдай жасалған: Білімгерлер үйін білімгерлердің игілігіне берілгеннен бастап «Бәйтерек» клубы құрылған, клубтың ішінде  ұлттық аспаптардан құралған ансамблі, КТК (КВН) командасы т.б. өнерлі жастардан  тұратын мүшелері бар. «Бәйтерек» клубы арнайы құрылған жоспар арқылы жұмыс жүргізеді. Атаулы мерекелерді білімгерлер Кеңесімен бірігіп  өткізеді  І курс білімгерлеріне арналған «Таныстыру кеші», «Үлгілі бөлме», «Үлгілі қабат», «Үздік аспазшы», «Күз ханшйымы», «Жаңа жыл мерекесі», «Халықаралық студенттер күні» және «8 наурыз Халықаралқ әйелдер күні» т.б.

Биылғы оқу жылында интернет желісіне жалғанған «компьютер залы» ашыды, білімгерлердің дене шынығуына жаттығуларын жасау үшін «тренажер залы», әр қабаттарға теледидар көруге арналған «демалыс» бөлмелері, қыздарға арналған «Айша» қыздар тәлім-тәрбие отауы ашылды. «Айша» қыздар тәлім-тәрбие отауының мақсаты: бойжеткен қыз баланың проблемаларын  қарастырып, шешімін тауып қыздардың дұрыс жол таңдап, сыр бөлісіп,  жаман жолға түсіп кетпеуіне алдын алу.  Қыздарымызға арналған сән – салоны қызмет көрсетеді.

Білімгерлер кәсіподақ комитеті, Қазақстан студенттер Альянсы мен білімгерлер Кеңесімен бірігіп, факультеттердің  кезекшілік міндетін атқаруын, жатақхананың  тазалығы мен санитарлық – гигеналық ахуалына байланысты сауалнамалар алып, қадағалап қалпында тұруын бақылайды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе