Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



ДЖОЛДАСОВА ОРЫНҚЫЗ КӨПБОСЫНҚЫЗЫ

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор

Джолдасова Орынкыз Көпбосынқызы – экономика ғылымдарының кандидаты.

1976 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1992 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының жанында құрылған арнайы дайындық мектебін үздік бітіріп, Жоғары білімін осы аталған институтта жалғастырып, 1996 жылы «Экономика» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады.

Өзінің еңбек тәжірибесін 1997 жылы Жамбыл университетінде «Қаржы және кредит» кафедрасында ассистент қызметінен бастады. 1998-2007 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Экономика» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндеттерін атқарды. «Экономика и бизнес» институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін де қатар атқарып жүрді. 2007-2013 жылдар аралығында осы университетінің Ғылыми кеңесінің Ғалым хатшысы қызметі мен қатар 2007-2008 оқу жылынан бастап «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселер жөніндегі проректоры.

2005 жылы Санкт-Петербургтік мемлекеттік экономика және қаржы университетінде 08.00.05. – «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша аспирантурасын бітіріп, осы университеттің  жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте «Формирование цен и оценка экспорта зерна Республики Казахстан» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ресей федерациясының жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 28-ші мамырдағы шешімімен Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2009 жылы «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми дәрежесі берілді.

Орынқыз Көпбосынқызы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Жамбыл облысы Әкімінің шығармашыл жастарға сыйлығының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреаты. 45-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. Ғылыми еңбектері тек республиканың жоғары рейтингтік журналдарында ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс шетелдерінің ғылыми жинақтарында, импакт факторы жоғары ғылыми журналда жарияланған. Екі оқу құралының, бір электронды оқу құралының және бір монографияның авторы.

Сонымен қатар, атқарған жұмыстарына байланысты бірнеше алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, дипломдармен марапатталған: ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2015, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің алғыс хаты, 2015,  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы, 2016 ж, 28-ші Дүниежүзілік  қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасынын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін Алғыс хат сертификаты, 2017 ж,  ҚР БжҒМ ғылыми – практикалық дене тәрбиесі орталығының «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісі, 2017 ж, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2017г., ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2019.

Байланыс телефоны: +7 (7262) 43 58 08

Е-mail:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе