Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Университет тарихы

Бүгінгі таңда даму, өсіп-өркендеу, қалыптасу кезеңдерін басынан өткізіп, кемелденген,көптегеншетелдіңжетекші жоғары оқу орындарымен байланыс жасайтын, өзінің ғылыми-техникалық әлеуеті жетілген Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарихы тереңнен басталады.

Жамбыл педагогикалық институ- тын ашу облыс мектептерінде оқытушы кадрлардың жетіспеушілігінен туындаған мәселе болатын. Бұл мәселе 1967 жылы институттың ашылуымен сәтті аяқталды.

1967-1968 оқу жылында министрліктің жоспары бойынша Жамбыл  педагогикалық институтына 400 студент қабылданды. Оның 250-і күндізгі бөлімге, 150-і сырттай бөлімге, атап айтқанда: орыс тілі мен әдебиеті мамандығына 100, ағылшын тілі мамандығына 50, математика мамандығының қазақ-орыс бөліміне 200, физика мамандығының қазақ-орыс бөліміне 50 студент қабылданды.

Институт тарихына көз жіберсек, алғашқы студенттер Абай атындағы педагогикалық училищеге арналып соғылып жатқан ғимаратта дәріс алды. Ол бүгінгі педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультеттері орналасқан ғимараттар еді.

Институттыңалғашқыректорлығына филология ғылымдарының кан- дидаты, бұрынғы облыстық білім бөлімінің меңгерушісі М.М.Əбжанов тағайындалды. Ал проректор қызметін физика-математика ғылымдарының кандидаты Қ.Əбдіғапаров, институттың партия ұйымының хатшысы және марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кан- дидаты, доцент Ш.Əділов, филология факультетінің декандығын аға оқытушы Ж.Қ.Оспанов, физика -математика факультетінің декандығын т.ғ.к. доцент К.К.Қонақбаев, әкімшілік-шаруашылық саласын З.М.Мұқанов атқарды.

Сол жылдардағы институттың алғашқы профессор-оқытушы құрамы: филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі С.Ф.Василенько, ф.ғ.докторы, профессор Р.И.Музафаров, т.ғ.к. доцент Ш.Əділов, С.Т.Тамаев, С.Қ.Досыбаев, И.М.Пак, А.Т.Мақашев, С.Б.Бесінбаев, Е.А.Токарева, В.Ж.Исмагулов а-Кулешова, Д.А.Оспанова, Г.Н.Каймекин, Қ.М.Мамытбеков, А.Х.Қасымова, Э.А.Терешенко, Р.М.Мылтықбаев, А.А.Юмашев, Ғ.Қ.Жүнісова Жамбыл педагогикалық институтының ірге та сын қалады.

1968-1969 жылдары институтқа тәжірибелі мамандар Н.С.Сарыбеков, К.Е.Хон, Қ.Б.Бөлеев, А.Ғ.Шұқанов, Н.С.Сивкова, Р.А.Садықбеков, З.Ж.Жанабаев, Т.Б.Күренкеев, Т.Т.Таубаев, Ж.А.Абдуллаев, А.Н.Наурызбаев, И.Ғ.Мақсудов, Т.Əбсембетов, А.С.Мадыраимов, Т.К.Исқақова келді.

1969 жылдың 15 тамызынан бастап, министр Қ.Биляловтың бұйрығымен, Октябрь революциясының 50-жылдық атындағы Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып (1969-1974ж.ж.) Тұрдалин Қуандық Байшымырұлы    тағайындалды. Қ.Б.Тұрдалин ректорлық қызметті атқарған жылдары институттың материалдық базасы жақсарып, сту- денттер жатақханасы іске қосылды.

Тіл мамандығына байланысты лингафон-кабинеттері жабдықталды, институт корпустарында мамандар дайындауға қажет математикалық, физикалық, химиялық кабинеттер ашылып,  мамандықтарға   байланы- сты қорында 12 мыңға жуық басқа кітапханалардан түскен дублетті әдебиеттермен жинақталған, 20 орын- ды оқу залы мен абонемент бөлімі іске қосылды. Ғылыми қор бірнеше сөздіктер мен орыс тілінің бір ғана энци- клопедиясынан құралды. Кітапхананың меңгерушісі Мазина Нина Серге- евна тағайындалып, алғашқы 300 оқырмандарға қызмет көрсеткен кітапханашылар М.С.Тұрарова, С.П.Пиунина, ал 70-80 жылдары кітапхана меңгерушісі А.В.Хабарова және 23 қызметкерден (Н.А.Халилова, Н.Ф.Кадысева, Т.В.Гнатенко) тұрды. 1985 жылы кітап қоры 170 мың данаға ұлғайып, кітапхана жаңа оқу ғимаратына көшіп, 3 оқу залы, абонемент бөлімі, 3 кафедралық кітапхана ашылып, жылы- на 3 мыңнан аса оқырмандарға қызмет көрсетілді.

Ректор Қ.Б.Тұрдалиннің ұстанымы- институттың материалдық-техникалық базасын жақсартумен қатар профессор- оқытушы құрамының ғылыми деңгейін көтеру еді. Оған оқу министрлігі де қолдау көрсетіп, ынтасы бар жас маман- дар көптеп тартылды.

Сондықтан да шығар Қ.Б.Тұрдалин басқарған жылдары институттың ғылымға қабілеті бар, ізденгіш жас мамандары күндізгі аспирантураға, тағылымдамаға, қайта даярлау курстарына, шығармашылық демалысқа, орталық қалалардағы ғылыми конференцияларға, іс-сапарларға, сырт- тай оқитын аспирантураға жіберіле ба стады.

Қ.Б.Тұрдалинге ректорат тарапы- нан институттың проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Юрий Павлович Киселев көп көмек берді.

Сол жылдары институтқа тәжірибелі мамандар: П.Радионов, З.Əбдібаев, Қ.Тасболатов, П.Сағымбекова, С.Алдабергенов, О.Жұмашев, Б.Сарбаев, Т.Понеделко, Г.Красина, Қ.Б.Баедилова, М.Жұмабаев, Қ.Қ.Нағметжанов, Ж.Жұмабеков.

Сонымен  қатар талантты жастар: О.Сәлімбаев, В.Нездемковский, А.Е.Құлымбетова т.б. келді. Институттың көркеюіне көп еңбек сіңірген бұл мамандар – бүгінде ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары.

Институттың жас оқытушыларымен, студенттерімен етене араласып еңбек еткен, жастар ұйымын басқарған Есіркепов Оңласын Қарабайұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Сту- денттер белсенділігі де, оқу  үлгерімі де осы кезеңдерде өте жоғары болды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде, бүгінгі облыс, аудан деңгейіндегі оқу- ағарту және басқа да салада жүрген тұлғалардың басым көпшілігі – ин ститут түлектері. Соның бірі бүгінгі Қазақстанның алғашқы еңбек ері – Аягүл Төреқызы Миразова.

Институттың барлық салалары бойынша жан-жақты көркейген, ғылыми әлеуеті дамыған 1975-1984 жылдары аралығында институттың ректоры қызметін доцент, физика-ма- тематика ғылымдарының кандидаты Ғ.Б.Сайденов табысты атқарды.

Осы жылдары институттың проректорлары қызметін \ филология ғылымдарының кандидаты, до- цент С.Ф.Василенко (1975-1980 ж), техникалық ғылымдардың кандидаты А.Ф.Рогулкин (1980-1984 ж.) атқарған.

Аталған жылдары институт- та жаңа мамандықтар  (көркем-сызу, қос    тілді-ағылшын-неміс)     ашылып, студенттерді қабылдау жоспа- ры ұлғайды. Институттың сырттай бөліміндегі студенттерді қосқанда, білім алушылардың саны 2000-нан асты. Студенттердің оқу үлгерімі 90 пайыз, орта бағасы 3,9 ды құрады.

1984-1986  оқу жылдарында әлемге танымал ғалым, Қазақтың ғұлама математигі,  физика-математи- ка ғылымдарының докторы (1978), профессор (1983), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2004) М.Ө.Өтелбаев институттың ректорлық қызметін атқарды. Институттың оқу- тәрбие жөніндегі проректоры, профес- сор А.Ғ.Шұқанов, ғылым жөніндегі проректоры, профессор Ж.Қ.Боданов болды.

1985 жылы Жамбыл қаласында пединститут  базасында  ЖОО  аралық

«Функционалдық анализ және оның қолданылуы» атты алғашқы ғылыми семинарды алғашқылардың бірі болып профессор М.Ө.Өтелбаев ұйымдастырды. Қазақтыңғұламаматематигіатанғанака демик М.Ө.Өтелбаевтың көрегендікпен бастаған бастамасы күні бүгінге дейін оның талантты оқушыларының бірі ф.- м.ғ.д., профессор М.Б.Мұратбековтың ғылыми жетекшілігімен өз жұмысын 30 жылдан аса уақыт бойы үздіксіз табы- сты жалғастырып келеді.

Қазіргі кезде сол  ғылыми семинар негізінде  институтта профес- сор М.Б.Мұратбеков ғылыми мектебі қалыптасты, 20-ға жуық ғылым кандидаттары және PhD докторлары дайындалды. 1985-1986 оқу жылы ректор, профессор М.Өтелбаевтың тікелей инициативасымен және жетекшілігімен облыстық А.С.Макаренько атындағы мектеп (қазіргі қазақ-түрік мектеп ин- тернаты) базасында математиканы тереңдете оқу сыныптары ашылып, жұмыс істей бастады.

Осы жылдары институтта «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті», «Дене тәрбиесі» кафедралары ашылды.

1986-1991  жылдарда  институттың ректорлық қызметіне Қазақ ССР оқу министрлігінен профессор Б.Қ.Дамитов сайланып, проректорлық қызметтерді А.Ғ.Шұқанов пен Ж.Қ.Боданов, В.С.Ли атқарды.

1986-1987 оқу жылында информатика мамандығы бойынша студенттер қабылданып, информатика және мате- матиканы оқыту әдістемесі кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі және ұйымдастырушысы болып облыс информатикасының негізін қалаушы ф.-м.ғ.к., доцент Б.Мүсілімов болды.

1988-1989 оқу жылында бастауыш мектеп мұғалімдерін және балабақша тәрбиешілерін дайындауға байланысты педагогика факультеті ашылды.

1991-1996 жылдар аралығында ректорлық қызметті филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі А.Ғ.Шұқанов жалғастырды.

Осы жылдар аралығында институттың ұстаз-ғалымдары көптеген жетістікке жетті, атап айтқанда Н.С.Сарыбеков, В.А.Ким педагоги кадан, М.Б.Мұратбеков  математика- дан докторлық диссертация қорғады. Ал О.Салимбаев Мәскеудің Ғылым Академиясының докторантурасы на жолдама алды. Сонымен қатар институттың өзінде  «Педагогика»,

«Математика», «Əдебиеттану» салалары бойынша аспирантура ашы- лып, институт оқытушыларының, жас мамандардың ғылыммен айналысуына зор мүмкіндік туды.

Институттың үздік түлектерінің ішінен жастар «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Ұлы Британияға жіберіліп оқыса, шетелдік жастарға арналған институт жанынан колледж ашылып, онда 20-дан астам Түрік жастары қазақ, ағылшын тілдерін үйреніп, білім алды.

1996 жылғы ЖОО оңтайландыруға байланысты педагогикалық институт университетке айналды. ЖОО қойылатын барлық талаптарға жан-жақты сай келетін Жамбыл университетін негізге ала отырып, Жам- был қаласындағы үш ЖОО біріктіріліп, мемлекеттік университет болып қайта құрылды. Жаңа университет ректо ры болып техника ғылымдарының докторы, профессор У.Қ.Бишімбаев тағайындалды.

Білімді маман, білікті басшы ретінде У.Қ. Бишімбаев университеттің оқу- ғылым ісінің, материалдық-техникалық базасының дамуына көп еңбек сіңірді. Солардың бірі университетті тарихи тұлға М.Х.Дулатидың есімімен  атау еді. Ол үшін арнайы құрылған топпен Үнді-Пәкістан елдеріне сапар шегіп, М.Х.Дулати кесенесін жөндеуге ат салы- сты, Университет ғимаратының алдына М.Х.Дулати ескерткішін тұрғызды.

2001 жылы университеттің ректорлығына заң ғылымдарының докторы, профессор Ə.Е.Бектұрғанов тағайындалды. Бұл жылдары Педагогикалық институт университет құрамында болғанымен, институт ста- тусын сақтады.

Тек 2003 жылдың соңында Ел Президенті Н.Ə.Назарбаев ауыл мектептеріне оқытушы-кадрларды даярлауды жөнге қою мақсатында Республиканың бес аймағында мемлекеттік педагогикалық инсти- туттарды ашу туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институты өз статусын 2004 жылы қайта алды.

Осы жылдары, яғни 2004-2009 жылдар аралығында институттың ректорлығына педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ыбырай   Алтынсарин   атындағы Қазақтың Білім Академиясының мүшесі

М.Н.Сарыбеков сайланды. Осы жылдары институттың проректорлық қызметін п.ғ.д., профессор О.Сәлімбаев, ф.ғ.д., профессор С.Ж.Тәжібаева атқарды.

Осы тұста ТарМПИ жаңа тұрпатты мұғалім дайындауда жаңа педагогикалық инновацияларды енгізу мен таратудың оқу экспериментік алаңына айналған базалық жоғары оқу орны болып саналды да, институттың ғалымдары жаңа тұрпатты мұғалім моделін жасаушылар болды.

Институтта филология, жараты- лыстану ғылымдары, тарих-геогра- фия, шығармашылық мамандықтар, педагогика, сырттай білім беру сияқты 6 факультет, ал кафедралар саны 24-ке жетті. 6000-нан астам студент 29 педагогикалық мамандық бойынша білім алды, 10 мамандық  бойынша 50-ден астам магистрант білімін жалғастырды. Педагогика, тарих, математика және  филология  салала- ры бойынша республиканың түрлі аймақтарынан келген 10 докторант, 30 аспирант және 100-ден аса ізденушілер ғылыми зерттеулерін жүргізді. 2004-2009 жылдары  химия,  та- рих, географ, эколог, бастапқы әскери дайындық мамандықтарынан ұстаздар дайындауға байланысты «Химия және химияны оқыту әдістемесі», «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі», «География және экология», «Бастапқы әскери дайындық» кафедралары ашылды.

«Ұстаздарды дайындаудағы педагогикалық инновациялар», «Мектепте құзыреттілік білім беруді енгізу жағдайында педагог кадрларды дайын- дау» және «Жас ғалым» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияла- ры, «ҚР Білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жоғары және жоғары оқу орындарынан  кейінгі білім беру жүйесіндегі іске асыры- луы» атты ғылыми-практикалық конференциялардың өткізілуі дәстүрге айналды.

Осы уақыт ішінде республикалық ғылыми конференцияларға, байқаулар мен олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған білімгерлер саны артты. Олим- пиадаменспорттықбайқаужүлдегерлері де институт атын халықаралық, республикалық деңгейде жоғары саты- дан танытып отырды. 2008 – 2009 оқу жылы институт білімгерлері 9 мамандық бойынша республикалық олимпиадада жеңіске жетіп, білім сапасының жоғары деңгейде екенін дәлелдеп, жеңіске толы осы жыл жұлдызды жылға айналды.

Өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырған бұрынғы Жамбыл педагогикалық институтының түлегі, институттың оқытушы қызметінен ка- федра меңгерушісі, деканы, прорек- торы лауазымдық қызметінен өткен Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков көптеген ғылым кандидаттары мен докторларының ғылыми жұмыстарына жетекшілік етіп, ғылымдағы  өз  ор- нын табуына бағыт берді. Ол – өзекті тақырыптағы 300-ден астам ғылыми еңбектің, 16 монография мен оқу-құралдарының авторы, өзекті де жаңашыл ғылыми жобалардың жетекшісі, сонымен бірге ірі қоғам қайраткері.

2010 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының    ректорлығына тарих ғылымдарының докторы, про- фессор А.Б.Абдуалы тағайындалды. Институттың проректорлық қызметін п.ғ.д., профессор Р.С.Амандосова, ф.ғ.д., профессор С.Ж.Тәжібаева, п.ғ.д., профессор О.С.Сәлімбаев  атқарды.

Осы жылдары педагогикалық институт  жаңа  дәуірді  басынан өткізді. Студенттерінің  саны  күрт өсті, мемлекеттік  грант  көптеп бөлінді. Осыған орай бұрынғы төрт оқу ғимаратына қосымша тағы төрт оқу ғимараты іске қосылды. Оқу корпустарының барлығы, асхана, жатақхана күрделі жөндеуден өтіп, ау- лалары абаттандырылды, білімгерлер үйі көз тартатындай болып өзгерді. Компьютерлік база нығайтылып, кітапхана қоры жаңартылып, толықтырылды.

Бакалавриат – магистратура – аспирантура – докторантурадан құралған мұғалімдердің және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың көпдеңгейлі үздіксіз жүйесі қалыптастырылды. Білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатудың аймақтық орталығы құрылды.

Еліміздегі орта білімнен кейінгі кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлініп отырған уақытта институт   жанынан

«Мәдениет және өнер» колледжі ашыл- ды. Колледжде білім алған талантты жастардың саны 800-ден асты.

Жас кездегі бар қажыр қайраты мен білімін, жинақтаған тәжірибесін осы институттың оқу – әдістемелік, ғылыми және материалдық – техникалық базасының дамуына жұмсаған А.Абдуалының ерен еңбегін мемлекет әділ бағалады. Мұның айқын дәлелі мемлекеттік наградалармен марапатта- луынан көрінеді.

2010 жылғы 17-қыркүйекте ин- ститутымыз қазақстандық 30 оқу орнының қатарында Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осы арқылы институт өзінің Болон үдерісінің негізгі ұстанымдары: академиялық ұтқырлықты, ЖОО дербестігін, академиялық еркіндікті, білім мен ғылым интеграциясын және т.б. қолдайтындығын танытты.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы тапсырмасына сәйкес 2012-2013 оқужылықабылданған студенттерге «Өлкетану», «Акмеология негіздері» және «Қазақстан құқығы» пәндері  жүргізіледі. Заман  талабы- на сай студенттердің оқытушыларды таңдау мүмкіндігін ескере отырып, білім берудің дәстүрлі әдістерінен инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана бастады.

Институт ұжымы білім сапасын бағалаудың Тәуелсіз Қазақстандық агентігінде институционалдық аккредитацияның екінші  кезеңінен сәтті өтті. ISO 9001:2008  стандар- ты бойынша француздық АФФНОР агентігінің сертификатын иеленді. Оқытушылар мен студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу деңгейі күн санап өсумен қатар, оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізді.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылы білім беру са- пасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінде ак- кредитацияны табысты өтті және 2012 жылғы 27-желтоқсандағы шешімімен институционалдық аккредитациясы ту- ралы куәлік алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрықтарына сәйкес көптілді білім беруді дамыту аясында инсти- тут “5В011400-Тарих”, “5В011100-

Информатика” мамандықтары бойынша арнайы бөлімдер ашылатын ЖОО-ның тізіміне енгізілді. Осы арқылы шетелдік серіктес оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі өз жалғасын тапты.

Ректораттың маман даярлау саясатындағы басты ұстанымы іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті мәселелері, оның ішінде 12 жылдық білім беру, филология, педагогика, мате- матика, физика, биология, химия, психо- логия салалары бойынша және арнайы құрылған ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу бағытын жанданды- ратын жоғары білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру болды.

Сондықтан институттың ғылыми- зерттеу бағыты осы келелі мәселені шешуге негізделген. Осыған орай ауыл мектептеріне оқу-әдістемелік және ғылыми-кеңестік көмек көрсететін «ТарМПИ – ауыл мектебіне» атты кешенді бағдарламасы жүзеге асырыла- ды.

Институт 2012 жылғы 15-наурыз- да ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден табысты өтті. Бұл ин- ститут ғалымдарының ҚР БҒМ-нің Ғылым комитеті қаржыландырылатын байқауларға қатысуына жол ашты. Осының арқасында профессор М.Б.Мұратбеков,доценттерА.Ибрашева және А.Мәжібаев республикалық гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми-зерттеу жобалары аясында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Білім сапасын бағалаудың қазақстандық Тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша ТарМПИ 2012 жылғы еліміздегі ең үздік төрт педагогикалық ЖОО қатарына енді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе