Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Адам ресурстары басқармасы

Адам ресурстары басқармасы (АРБ) университетіміз құрылған күннен бастап жұмыс істеп келе жатқан ең байырғы қызмет-бөлімдерінің бірі. Оның құрылғаннан бастап қаз  тұрып кетуіне алғашқы бөлім бастықтары А. Маскаева, Ж. Әшметов, Е. Лисовская, Э. В. Сихвардт, Г. Н .Рожко, Ә. А. Халиева, Г. С. Умирбаева, Н. Т. Бадырова, М. Р.Уралбекова, Э.Қ. Сапарбекова, Р. М. Кидирбаева, М. Р.Уралбекова, А. А. Назарбекова сынды тұлғалар айтарлықтай үлестерін қосқандықтарын атап өтуге болады.

Өзінің 50 жылдан астам тарихында бұл басқарма кадрлар бөлімі де, кадрлық қызмет бөлімі де, ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар басқармасы да болып аталды.

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық актілерін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

АРБ кадрларды іріктеу және дұрыс орналасуын жақсарту, қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге жағдай жасау, жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру, университет қызметкерінің кадрлық мансабының өсуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.

Құжат айналымы көлемі мен құжаттармен жұмыс технологияларын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек заңдары аясында құжаттардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ететін бірыңғай жұмыс тәртібін белгілейді. Басқарма жұмысының негізгі бағыттары: университеттің даму стратегиясына сәйкес кадрлар саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру шараларын анықтау; университеттің басқару процесінің тиімді жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; университет қызметін құқықтық қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; іс жүргізу мәселелері бойынша Университет барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жалпы ұйымдастыру және оны үйлестіру; университеттің мұрағат қорындағы құжаттар есебі мен сақталуын қамтамасыз ету; университет қызметкерлері мен білім алушыларының әскери есебін ұйымдастыру; университеттің барлық құжат айналымының тиімді ұйымдастырылуын, рәсімделуін және орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

АРБ мақсаты:

-  жоғары кәсіби, білікті мамандарды даярлау саласындағы міндеттерді сапалы шешу, тұрақты, оңтайлы теңдестірілген университет ұжымын қалыптастыру болып табылады.

 

АРБ негізгі міндеттері мен функциялары:

-  университеттің штаттық кестесі негзінде ПОҚ кадрларымен және қажетті мамандықтарды, біліктіліктері мен  олардың алған дайындығы мен іскерлік қасиеттерінің деңгейі мен бейініне сәйкес кадрлармен жасақтау;

-  университетте басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жүргізу және жетілдіру;

-  кадр жұмысын жетілдіруге бағытталған үдерістердің жай-күйін және басқарылуын болжау;

-  университеттің өндірістік қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

-  кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру;

-  университетте кадрлар есебін жүргізу;

-  кадр резервін құру;

-  университетте құжат айналымын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

ҚР азаматтарының әскери міндеттерін орындауын және әскери есепке алу ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, қорғаныс іс-шараларын жүргізуде әскери комиссариаттарға көмек көрсету және тиісті жағдайда әскери есепке алуды қолдау.

БАСҚАРМА БАСШЫЛЫҒЫ:

Дуйсенбаева Жанат Базартаевна

Қызметі: Басқарма басшысы

Байланыс телефоны: 50-00-15

E-mail: janna081067@mail.ru

БАСҚАРМАНЫҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Нурматов Бекахмет

Қызметі: Заң қызметінің заң кеңесшісі

Байланыс телефоны: 43-37-60


Егембердиева Салима Аргынбаевна

Қызметі: Кадр қызметінің жетекші маманы

Байланыс телефоны: 43-29-52

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

Ефремова Александра Петровна

Қызметі: Кадр қызметінің әскери есеп бойынша маманы

Байланыс телефоны: 43-29-52

E-mail: alex_petr71 Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

Ускенбаева Шахибал Аманбаевна

Қызметі: Кадр қызметінің маманы

Байланыс телефоны: 43-29-52


Джолдошева Индира Акылбековна

Қызметі: Кадр қызметінің маманы

Байланыс телефоны: 43-29-52

Ұялы тел.:

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

Омарова Жанар Аубакировна

Қызметі: Кадр қызметінің маманы

Байланыс телефоны: 43-29-52

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе