Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Қабылдау комиссиясы

Қабылдау комиссиясы

Қабылдау  комиссиясының негізгі мақсаты мен міндеттері - Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру.

Қабылдау комиссиясы алдыға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешуі тиіс:

  • Кәсіби бағдар жұмысын тиімді  ұйымдастыру және үйлестіру.
  • ТарМПУ-ға оқуға түсушілерден өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.
  • Түсу емтихандарын (шығармашылық/арнаулы, қосымша), мемлекеттік грант конкурстары мен оқуға қабылдауды ұйымдастыру.

Қабылдау комиссиясы келесі қызметтерді атқарады:

Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын дайындау және бекіту;

Кәсіби  бағдар беру жұмыстарын жоспарлау және жүргізуді ұйымдастыру;

ҚР БжҒМ «Жоғарғы  оқу орнына қабылдау типтік ережесіне» сәйкес ТарМПУ  қабылдау ережесін дайындау;

ҚР БжҒМ «Жоғарғы оқу орнына қабылдау типтік ережесімен» университеттің құрылымдық бөлімдерін, жоғары мектеп, кафедралар арасында семинар ұйымдастыру;

Жамбыл облысы аудандары және Тараз қаласының  мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында аудандар бойынша жауапты жоғары мектептер,  кафедраларды және құрылымдық бөлімдерді бекіту;

Университет және университет  білім беру бағдарламалары  бойынша   аудандық, қалалық газеттерге мақалалар жариялау;

Телеарналарға университеттің білім беру бағдарламалары бойынша видео-роликтер дайындап шығару;

Университеттің «Ашық есік күнін» жоспарлау және бағдарлама жасау, жоғары мектеп, кафедра және құрылымдық бөлімдерді жұмылдыру және ұйымдастыру;

Талапкерлерден құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру;

Шығармашылық/арнаулы емтихандардың ережелерін дайындау және оны ұйымдастыру;

Шығармашылық/арнаулы емтихандардан  консультация ұйымдастыру;

Кешендік тест тапсыру үшін талапкерлердің құжаттарын қабылдау, ұйымдастыру және мемлекеттік грант иегері болу үшін конкурсқа қатысу, студенттер құрамына қабылдау;

Талапкерлерді қабылдауға қажетті құжаттарын (өтініш, жеке іс парағы, қолхат, білімгердің жеке ісі, хаттама, келісім шарт) дайындау және көбейту;

Кәсіби бағдар жұмысына қажетті құжаттарды (плакат, буклет, флайер) жеткілікті көлемде дайындау және көбейту;

Талапкерлердің өтініштерін  мемлекеттік білім грантының иегерін бөлу конкурсына қабылдауды ұйымдастыру;

Студенттер қатарына қабылданған талапкерге бұйрық шығару және АКТ бойынша құжаттарын СҚКО тапсыру.

Қабылдау  комиссиясы жұмыстары туралы жылдық есеп дайындау;

Қабылдау комиссиясы атқаратын кәсіби бағдар жұмысы келесі мәселелерді іске асырады:

Университет білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері жөнінде жастарға толық түсінік беруді;

Бәсекелікке  бейім, көңіліне қонымды мамандықты таңдауға жастарға жағдай жасауды;

Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу барысында жастардың құқығын сақтау және мойындауды;

Әр мектеп (колледж) бітірушінің өзіндік ерекшеліктерін және таңдаған Білім беру бағдарламаларын талдай және таңдай білуге үйрету;

Әр Білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау барасында жұмыс берушілердің талабын жүзеге асыруды;

 

НУРПЕИСОВ МУХАМЕТЖАН КЕНЖЕТАЕВИЧ

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

БАЙЛАНЫСТАР

Қымбатты талапкерлер!

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін талапкерлерге арналған Call-орталығы. ТарМПУ-ға оқуға түсу жөнінде сұрақтарыңызбен біздің кеңес беру орталығына хабарласыңыз:

Тараз қаласы, Төле би даңғылы 62, Қабылдау комиссиясы.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе