РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ! Назарларыңызға университетіміздің 2,5,6,7,8 оқу ғимараттарындағы фойеде орналасқан, 100-ге жуық отандық және әлемдік әдеби туындылардың QR-кодты интерактивты баннерын ұсынамыз. Баннердегі шығармалардың электронды нұсқасын QR-кодты сканерлеу арқылы оқи аласыз. Бұл үшін QR-кодты сканерлеуге арналған мобильді қосымшаны пайдалану қажет. Егер мобильді құрылғыңызда ондай қосымша болмаса, төмендегі нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз: -смартфон немесе планшетке QR Code Reader қосымшаны жүктеп алыңыз; -қосымшаны ашып, QR-кодты камера көмегімен сканерлеңіз; -кітапты жүктеңіз де, оқудан ләззат алыңыз! // ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ // «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ТарМПУдың ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш бөлім өз жұмысын 2017-2019 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сай және Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын, ҚР Үкіметінің қаулысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелерін, нұсқаулық хаттары мен шешімдерін негізге ала отырып жасайды.

МИССИЯСЫ

Бөлімнің негізгі миссиясы -  ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстың бәсекеге қабілеттігі мен теңдестірілгендігіндегі жетістіктер, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және білім берудің жүйесін біріктіру; университеттің ғылыми белсенділігін арттыруын қамсыздандыру  болып табылады.

ТарМПУдың ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің негізгі міндеттері:

-  Педагогика саласының ғылыми мәселелерін шешу үшін университеттің ғылыми потенциалын тиімді қолдану;

-  Ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен сапасын арттыру;

-  Интеллектуалды меншікті, зерттеушілердің авторлық құқығын қорғау және ғылыми жұмыстардың қазақстандық нарыққа шығуына ат салысу;

-  Оқу үрдісіне ғылыми зерттеулер нәтижесін ендіру;

-  Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымының көлемін импакт-фактор көрсеткіші бар ғылыми журналдарда арттыру;

-  Облыс пен қала мектептерімен бірлескен перспективалық ғылыми-педагогикалық жобаларды жасау мен жүзеге асыру бағытында тығыз байланыста болу;

2017 жылдың мамыр айында ТарМПУ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъекттер аккредитациясынан өтті.

Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің тарапынан жасалған ғылыми жұмыстар мазмұны Қазақстан Республикасындағы ғылым дамуының негізгі бағытына сай жүргізіледі. Оқу орнының оқытушы-ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру ғылыми бағыттағы зерттеулер негізінде орындалады. Ал бұл зерттеулер өз тарапына профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен ғылыми-бағытталған студенттердің  негізгі, іздеу және қолданбалы зерттеулерін біріктірген.   Сонымен, ғылыми зерттеулер оқу орнының гуманитарлы және жаратылыстану бағытындағы барлық факульттері мен кафедраларында жүзеге асып отыр.

Ғылыми-инновациялық қызметі бөлімі ТарМПУ ПОҚ мен студенттері арасында ғылыми және шығармашылық қызметті дамыту, белсендіру мен насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырады:

- ТарМПУ студенттерінің ғылыми жұмыстарының конкурсы;

- «ТарМПУ үздік оқытушысы» конкурсы.

 

Жұмыс жоспары 2017-2018

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ережесі

Конференция туралы ереже

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ереже

Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі туралы ереже

Басылымдар редакциясы туралы ереже

Жас ғалымдар кеңесі туралы ереже

Студенттік ғылыми қоғам туралы ереже

2015-2016 Ж.Ж. АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2015-2016 Ж.Ж. АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯЛАР ЖОСПАРЫ

ИМПАКТ-ФАКТОР КӨРСЕТКІШІ БАР ҒЫЛЫМИ РЕЙТИНГТІК ЖУРНАЛДАР ТІЗIMІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support