РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



«Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» орталығы

Оқу процессін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстары, бір жүйеге келтіру мақсатында университетте 2010 жылы «Ақпараттық технологиялар және мониторинг» орталығы құрылған болатын. 2013 жылы Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар орталығына атауы ауыстырылған. Орталық  11 штат қызметкерлерінен құралған. «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» орталығын техника ғылымдарының кандидаты, Тасуов Болат жетекшілік етеді.

«Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» орталығы оқу ғимараттарының жергілікті желімен қамтамасыз етілуі, құрылымдық бөлімдер мен кафедралар интернетке қосылуы және жылдамдығы, университеттің компьютерлік техникамен жабдықталуы,  ЖОО-ның www.portal.tarmpi.kz оқу порталының  жаңалықтармен толықтырылып отыруы, университеттің серверлермен жабдықталуы қызметін атқарады. Орталық инженер-бағдарламашыларының басты міндеті - ЖОО-дағы оқу үрдісін  бағдарламалық қамтамасыздандыру болып табылады.

«Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» орталығының басты мақсаты-университеттің оқу процессінде жаңа ақпараттық технологиялармен ақпараттандыру, қолданылуын енгізу болып табылады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің компьютерлік паркі жыл сайын жаңартылып және толықтырылып отырады. Университеттің компьютерлік паркі қазіргі таңда 827бірлік компьютерді құрайды. Жоғарғы оқу орнында 22 компьютерлік сынып, 2 электрондық оқу залы, 2 лингафондық оқу кабинеті, оқу үрдісіне қажетті жаңа заманауи интерактивті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген  56 зертханалық кабинеттер мен аудиториялар бар.  Барлық компьютерлік сыныптарда және  электронды оқу залдарында ЖОО-ның ПОҚ мен студенттеріне арналған тегін Интернет желісі жұмыс істеуде. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің барлық 8 оқу ғимараттары Jphon оптоталшық негізіндегі  VPN каналының көмегімен корпоративтік желіге қосылған. Internet-ке қосылған университеттің корпоративті ақпараттық білім беру жүйесі 2011 жылы 4Мбит/с, қазіргі уақытта unlimited ақпаратты алу көлемі 128Мбит/с дейін жетеді. Университетке және қолданушыларға бөлінген трафик шығынының төлемақы базасы, сонымен қатар   IP мекен жайлары бойынша төлемақы базасы қарастырылған. Университеттің №1,5,6,7 оқу ғимараттарында WiFi сымсыз роутер байланысы орнатылған.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support