Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ОБЪЯВЛЯЕТ ВИРТУАЛЬНЫЙ КОНКУРС «ЛУЧШИЙ МУЛЬТИМЕДИЙНЫЙ УЧЕБНЫЙ ПРОДУКТ»



Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығы

Басшы – Өскембекова Құралай Амреқұлқызы

Университетте тәрбие жұмысының 2016-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітлген. Аталған құжат ҚР «Білім туралы», «ҚР білім беруді дамытудың – жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», ҚР «Мемлекеттік жастар туралы» Заңдарына, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасына  негізделіп жасалған.

Тәрбие жұмысы мынадай бағыттарда жүргізіледі:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие;
  • Рухани-адамгершілік тәрбие;
  • Өзін-өзі таны мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру тәрбиесі;
  • Отбасы тәрбиесі;
  • Эстетикалық тәрбие;
  • Экологиялық тәрбие;
  • Кәсіби –шығармашылық тәрбие;
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.

Университетте іс-шараларды ұйымдастыру түрлері үш деңгейде жүргізіледі:

Бірінші деңгей – көпшілік іс-шаралар (мемлекеттік мерекелермен қатар, Білім күні, Ұстаздар күні, Студент қатыран қабылдау күні, Біз таланттыларды іздейміз, республикалық ретро әндер байқауы, Үздік академиялық топ, Жыл студенті, Диплом тапсыру);

Екінші деңгей – топтық түрлер. Яғни академиялық топтағы ұжымдық іс-шаралар, қызығушылық бойынша үйірмелерге тарту.

Үшінші деңгей – жеке тұлғалы тәрбие жұмысы, мұнда қосымша педагогикалық білім беру факультетінде оқитын студенттер мен оқытушылардың жеке жұмысы, студенттердің кәсіби қалыптасуына қолғабыс ету, шығармашыл жобалармен жұмыс жасау.

 

Орталық  қарамағына Ардагерлер ұйымы, Жастар ісі жөніндегі комитет, Дінтану секторы, Кураторлар кеңесі және «Студенттер үйі» қарайды.

ТарМПУ-да өзіндік ерекшеліктерімен, міндеттерімен және игі дәстүрлерімен студенттік өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан.

Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту ЖОО-дағы тәрбие жұмысының жүйесін құрудың басым міндеттерінің бірі болып табылады.  Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастырудың осы түрінің болуы оның негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Студенттік өзі-өзі басқару – студент жастардың тіршілігінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттердің бастамашылығымен азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған, студенттердің бастамашылық, дербес жауапты қоғамдық қызметінің ерекше нысаны ретінде қарастырылады.

ТарМПУ-да оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әр түрлі салаларда жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ұйымдары құрылған, олар:

-  Жастар ісі жөніндегі комитеті;

-  Студенттік кәсіподақ ұйымы;

-  «Жас Отан» Жастар қанаты;

-  Студенттер Альянсы;

-  «Қыз Жібек» қыздар клуды;

-  «SANA» оқыту орталығы;

-  «Біз біргеміз» еріктілер тобы;

-  «Бәйтерек клубы»;

-  «Айша» қыздар тәлім-тәрбие отауы;

-  «Жансарай» студенттер театры;

-  «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары;

-  «Раян Нұр» көңілді тапқырлар клубы;

-  «Томирис» бишілер ансамблі;

-  «Вокалды инструментальды ансамблі;

-   спорт клубы және т.б.

-  Жасыл ел және Студенттік құрылыс жасақтары,

Орталықта бірнеше жобалар жүзеге асырылады:

  1. «ТарМПУ көшбасшысы – шеберлік мектебі» (білім берудің жаңа бағдарламасын оқыту, студенттер бірнеше саланы меңгеріп, ол бойынша сауаттылығын арттыру, барлық саланың көшбасшысы болу);
  2. Ораторлық Өнер Курсы (студенттердің тіл байлығын дамыта отырып, сөз сөйлеу шеберлігін арттыру);
  3. «Зейін» әлеуметтік жобасы (ҚР Заңдарына қайшы келмейтін, мектеп оқушыларына ұлттық бірыңғай тестілеуге бейімдеу мақсатында ерікті түрде құрылған жоба. Жамбыл облысы және Тараз қаласы аумағындағы әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың белсенділігін арттыра отырып, тегін қосымша білім беру, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау;
  4. «Көмек. Демеу» атты жоба (әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттерге кәсіпкерлер тарапынан көмек көрсету);
  5. «Бір жылдық шәкіртақыны» («Кәсіподақ ұйымы» тарапынан жылына бір рет ұйымдастырылады).

 

«Студенттер үйінде» - ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен және Мемлекеттік білім ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидасына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Студенттер үйіне» орындарды бөлу жөніндегі ҚАҒИДАСЫ әзірленген.

Жатақхана бірінші кезекте төмендегі студенттерге беріледі:

-         1 курс студенттеріне;

-         Мемлекеттік грант негізінде білім алатындарға;

-         Өзге республика мен шалғай облыстардан келгендерге;

-         Ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;

-         Ата-анасының бірі қайтыс болғандарға;

-         Көп балалы отбасынан шыққан және ата-анасы жұмыс істемейтін студенттерге;

-         Университеттің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан студенттерге.

Бүгінгі таңда 500 студент қатамасыз етілді.

«Студенттер үйінде» студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Айша» клубы, «Бәйтерек» клубы, «Жан сыры» психологиялық орталығы, «Шахат» клубы, «Компьютерлік класс», 1 - «оқу залы», 1 – медицианалық пунк қызмет етеді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь