РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі

Бөлім жұмысының басты мақсаты – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру, патриоттық санасы жоғары, өз елі мен университетті үшін мақтаныш сезімі кернеген, адамгершілік сезімі биік және толерантты, креативті, қоғамның барлық салаларындағы инновациялық өзгерістерге бейім студентті тәрбиелеуде білікті де рухани тұлғаның қалыптасуына және дамуына септігін тигізер біртұтас шаралар жүйесін жасау.

Оқу орнындағы тәрбие жұмысының негізгі мақсаты мәдениеті, зиялылығы, әлеуметтік белсенділігі, саяси сауаттылығы,азматтық қасиеті қалыптасқан, отансүйгіш, жоғары жалпы азаматтық мәдениеттілігі байқалатын жоғары кәсіби білімді, болашақта бәсекеге қабілетті тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады.

ТарМПУ студенттерімен тәрбие жұмысының басты мақсаты оларға белсенді тіршілік әрекеттілігін, азаматтылықты дамытуға жағдай жасап, өзін-өзі тануды және интеллектуалды, мәдениеттілік пен өнегелі қсиеттерді дамытуды барынша жоғары дәрежеде қанағаттандыру болып табылады.

Нақты  және өзекті міндеттер мыналар:

  1. Студенттердің бойында азаматтық бағытты,  отансүйгіштік сананы, құқықтық  және саяси мәдениетті қалыптастыру.
  2. Нәтижелі кәсіби қызметте қажетті зиялылықты , жеке қасеттерді қалыптастыру.
  3. Рухани, өнегелі қасиеттерді тәрбиелеу.
  4. Жоғары мәдениетті гуманистік арманға  және жалпыазаматтылық құндылыққа бағдар беру.
  5. Студенттің өзін-өзі басқарудың әр түрлі жолдарын қолдана отырып, ұжымды басқарудағы ептілік пен дағдыға баулу.
  6. Университеттің тарихи-мәдени дәстүрлерін  сақтау және көбейту студент жастарды тәрбиелеудегі артықшылық.
  7. Университеттің рухани өміріне қатыстыру студенттер арасында ынтымақтастық пен бірлескен сезімдерді қалыптастырады.
  8. Дене саулығын жоғары сатыға көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлыққа, ішімдікке, қоғамға жат іс-әрекетке қарсы тәрбиелеу.

Тәрбие қызметінің мақсат, міндеті және бағытын жүзеге асыру мақсаты бағдарламаларды іске асыра отырып, тәрбиелеу, студенттің  өмір салтын ның жан-жақтылығы байқалатын,  болашақ маманның  бойындағы нақты қажеттіліктерді қалыптастырады.

Бұл арнайы бағдарламалар оларды жүзеге асыру қажеттілігі туындаған кезде жетілдіріледі.

Мақсатқа жету үшін қажетті нақты міндеттер мен шешімдер:

-  Бірінші міндет: педагогикалық оқу орнындағы орын алған жақсы дәстүрлерді барынша нығайту  мен сақтау, студент бойында оқу орнының және таңдаған мамандығының дәрежесін, жоғары білімнің мәртебесін көтеретін бағыттарға тәрбиелеу, тұлға бойында шығармашылық бастаманы дамыту.

- Екінші міндет: оқудан тыс тәрбие жұмысының жаңа түрлері мен әдістерін шығармашылық өңдеу, студенттердің уақыты мен қажеттілігіне сай келетін жаңа педагогикалық инновациялық ізденістердің керектігі.

- Үшінші міндет:   студенттің өмірлік салтының белсенділігін, шығармашылық бейімділігін, тұлғаның ерекшелігі мен қызығушылығын ұғыну, оның базалық мәдениетін анықтау, бағалы бағдарларды қалыптастыру, таңдаған мамандығын таныту,  үздіксіз қызығушылығын зерттеу.

Міндеттері:

-     университеттегі тәрбие жұмысын жетілдіру үшін оның мақсатын, міндеттерін, бағыттары негізінде ұйымдастыру алғышарттарын жасау;

-     тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда университеттегі құрылымдық бөлімшелердің ролі мен орнын анықтау;

-     тәрбие жұмысын бір-бірімен тығыз байланысты барлық субъектілерінің үйлестірілуі негізінде университеттегі тәрбие жұмысын жүзеге асыру;

-     студенттердің қоғам және университет өміріндегі  белсенділігін арттыруға бағытталған уәждемені  күшейтуге мүмкіндік туғызу;

-     студент жастарға арналған патриоттық тәрбиені күшейту, мемлекеттік тілдер саясатын және этносаясатты жан-жақты түсіндіру, этносаралық келісімді насихаттау және гуманистік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың  кешендік шараларын әзірлеу;

-     Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі тәрбие жұмысын жүзеге асыру механизмдерін анықтау.

ТарМПУ-дегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

  • университетте бірыңғай тәрбиелеу ұжымын  қалыптастыру;
  • тәлімгер кеңесін құру және қызметін ұйымдастыру;
  • университет өмірін қамтамасыз етуге оқытушылар мен  студенттердің кәсіби бірлесіп атақты әрекеттесуін ұйымдастыру;
  • ұжым мүшелерінің оқу-шығармашылық, әлуметтік тұрмыстық ынтасы мен жаңашыл пікірлерін қолдау және дамыту;
  • тәрбие барысындағы оқу орнының ұйымдастырылған құрылымдарының  қызметі;
  • студенттер құқығының сақталуын бақылау;
  • студенттерді әр түрлі қызмет барысында марапаттау мен ынталандыру үшін  қаражат көзін табу;
  • шығармашылық бірлестіктер  мен діни ұйымдармен жұмыс жасау;
  • атақты адамдармен кездесу мен студенттердің қолы бос уақытысында кештер ұйымдастыру;
  • студенттердің жеке ерекшеліктері мен шығармашылық қабілетіне қарай хореография, музыка, өнер саласында дамыту;
  • әр түрлі байқауларды ұйымдастыру және өткізу;
  • шығармашылық кештер өткізу;
  • секция жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жарыстар өткізу ( курс біріншілігі, факультет т.б.)

Тәрбие жұмысының толықтығын қамтамасыз ету, оның тәрбиелік қызметін күшейту, оқу құрылымдары мен оқудан тыс жұмыстардың өзара қызметін ұйымдастыра білудің  тиімділігіне байланысты.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе