РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Филология факультетінің деканы

ТҰРАРОВА АЙСҰЛУ НҰРДЫНҚЫЗЫ

Факультет деканы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Айсұлу Нұрдынқызы 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің филология факультетін, 1995 жылы ҚазМҰУ-нің аспирантурасын  бітірген.

Білім саласындағы жұмыс өтілі: 30 жыл. Еңбек жолын Жамбыл педагогикалық  институтында  оқытушылықтан (1989-1990ж.) бастады.

1999 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1989 жылдан Жамбыл пединститутында, оқу орынының ауысуына байланысты 1997 жылдан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, доцент, 2000 -2010 жылдары Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 2010-2011 оқу жылынан бастап ТАРМПИ, қазіргі ТАРМПУ  филология факультетінің деканы қызметін атқарады.

Осы жылдар аралығында1 монография, 3 оқу құралы, 2 әдістемелік-оқу құралы, 1 электронды оқу құралының  авторы, 90-ға жуық ғылыми  мақалалары бар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Қазақ тілі» типтік бағдарламасы авторларының бірі. Сонымен қатар, студенттерге ғылыми-теориялық білім берумен қатар, терең тәрбие беруде де белсенді. Профессор-оқытушылардың ғылыми-педагогикалық еңбектерінің жемісті болуына жәрдем беріп келеді, кафедраның ғылыми дәрежелі оқытушыларынқалыптастыруға қосқан үлесі мол. Тәжірибелі маман, іскер басшы ретінде күнделікті жаңа ғылыми, әдістемелік негізде жазылған зерттеу еңбектерін талдап, талқылауда және өз әріптестерімен пікір алмасуда да көптеген игі іс-шаралар атқарды.

Айсұлу Нұрдынқызының атқарған еңбектері жоғары бағаланып, «Ең үздік кафедра меңгерушісі» (2004 ж.),«НұрОтан» партиясының мақтау грамоталарымен, «Ғылым» номинациясы бойынша облыс әкімінің жүлдесімен марапатталған (2008 ж.). «Институтқа 40 жыл»,Институтқа 45 жыл»,Институтқа 50 жыл»   төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   мақтау грамотасымен (2008ж.) және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Біліктілік сертификатарымен, әртүрлі мерекелерде белсенділігі ескеріліп, алғыс хаттармен  марапатталды.

Байланыс телефоны: 51-00-32;+7 702 8231721

e-mail: aisulu.turarova@mail.ru

Құрметті талапкерлер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ең ескі факультеттерінің бірі - филология факультеті. Ол 1967 жылы құрылған.

Факультеттің басты миссиясы –жаңа тұрпатты филолог-оқытушының қалыптасуы . Негізгі міндеттері - кәсіптік білімді ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық мәдениетті, ойлау мәдениетін игерген, өздерінің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруға, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін этикалық және құқықтық нормаларды меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік тіл мен орыс тілін меңгерумен қатар, бітірушілер шет тілдерін де еркін меңгеруі тиіс. Тіл - әр түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқаруы тиіс.

Бүгінгі таңда факультет жоғары деңгейдегі профессор-оқытушылар құрамынан құралған орталық болып табылады.Филология факультетінің ұжымы Президент Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті сезінеді және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосуға дайын.

Оқу үрдісін факультеттің 4 кафедрасы жүргізеді және 5 мамандық бойынша оқытуды жүзеге асырады.

«Қазақ филологиясы және латын графикасы оқыту әдістемесі» кафедрасы

«Орыс филологиясы» кафедрасы

«Практикалық шет тілдері» кафедрасы

«Шетел тілдері» кафедрасы.

Факультет келесі мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады:

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»;

5В-11800 - «Орыс тілі және әдебиеті»;

5В012200 - «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»;

5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі»:

- ағылшын және неміс тілдері;

- ағылшын және қытай тілдері;

- ағылшын және түрік тілдері;

- ағылшын және корей тілдері;

Байланыс телефоны: +7 (7262)-34-04-72

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Декан орынбасарлары

ҚАЗАҚБАЕВА  КАМИЛА РЫСБЕКОВНА

Магистр, оқу-әдістемелік жұмыс бойынша декан орынбасары

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

ЖАЙЛЫХАНОВА ГУЛЬНАР ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ
магистр, тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

ТОЙШЫБЕКОВА ГҮЛНАЗ АСХАТҚЫЗЫ

Магистр, ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша декан орынбасары

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе