РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



Ректор

ҚОЖАМЖАРОВА ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Тел.: 8 (7262) 43-58-06, 43-26-37 (факс)

Қожамжарова Дария Пернешқызы – 1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.

БІЛІМІ:

1979 жылы №5 Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін үздікке аяқтады.

1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:

1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж –  ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2010 жылдан бастап профессор

2013 жылдан бастап ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

2017 жылдан бастап ҚР ҰҒА Академигі.

 

ЕҢБЕК ӨТІЛІ:

1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушы.

1989-1990 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында стажер-ізденуші.

1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты.

1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті.

2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педагогика факультеті деканының орынбасары.

2001-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының  меңгерушісі.

2003-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы.

2008-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі  проректоры.

2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры

2012 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.

2013 жылдың 1 сәуірінен бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.

2017 жылдың 15 наурызында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне қайта тағайындалды.

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС:

2016 жылдың наурыз айынан бастап VI шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы.

Қожамжарова Дария Пернешқызы – халықаралық конференциялардың тұрақты қатысушысы, Тараз қалалық маслихатының ІV шақырылымының, Жамбыл облысы мәслихатының V шақырылымының депутаты.

Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Білім және әйел»  секциясының төрайымы, Жамбыл облыстық мәслихатының марапаттау комиссиясының төрайымы,  Қазақстан әйелдері І съезінің делегаты, Қазақстан Тарихшылар қауымдастығының және Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мен үгіттеуге арналған Жамбыл облыстық үгіт-насихат тобының тұрақты мүшесі.

 

МАРАПАТТАРЫ:

Дария Пернешқызы Қожамжарова – 3 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен  және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоты – 2017» номинациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің «Көшбасшы әйел – 2017» номинациясының иегері.

 

ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР:

150-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың 5 монографияның, 3 оқу-әдістемелік  құралдың авторы.

 

Отбасылы. 1 ұлы, 2 қызы, немересі бар.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support