Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Университет туралы

Университет туралы


Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 1967 жылы құрылған. Мекен - жайы: Тараз қаласы Төле би көшесі 62.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің миссиясы – педагогикалық білім беру саласындағы үздік ұлттық, халықаралық тәжірибе мен маңызды ғылыми жетістіктерді біріктіру арқылы ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті педагогикалық элитасын қалыптастыру.

ТарМПУ-да білім беру қызметі 55 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы (33 бакалавриат, 13 магистратура, 9 PhD докторантура) бойынша жүргізіледі, олар 4 жоғары мектеп пен 20 кафедраға қызмет көрсетеді. Кадрлық құрам 385 адамнан тұратын штаттық ПОҚ, дәрежесі – 44%. ПОҚ біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО, НЗМ ДББҰ ПШО, жетекші университеттер базасында өтеді.

Университетте жүргізілетін зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық деңгейдегі ғылыми тенденцияларға сәйкестендіру мақсатында ТарМПУ алыс және жақын шет елдердің 60 университеті мен зерттеу орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, жоғары білікті мамандарымен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың қатарында Адам Мицкевич атындағы университет, Вроцлав және Зеленогурск университеттері (Польша), Злин университеті (Чехия), Ақсарай университеті (Түркия), Еркін Берлин университетінің Түркология институты (Германия), Сегед университеті (Венгрия), Бериа колледжі (АҚШ), Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Зволендегі технологиялық университет (Словакия), Хобд мемлекеттік университеті (Монғолия), Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институты, Ульяновск мемлекеттік университеті, Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясы (Ресей) бар.

Бүгінгі күні ТарМПУ - бұл дамыған инфрақұрылымы бар жоғары оқу орны, онда оқу үдерісін, студенттердің тұрмысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Сегіз оқу ғимараты қазіргі заманғы зертханалармен, лингафондық кабинеттермен, компьютерлік және интернет-сыныптармен, интерактивті тақталармен, электронды оқу залдарымен жабдықталған. Заманауи оптоталшықты байланыстың арқасында ТарМПУ студенттері мен оқытушылары интернет-сыныптарда, кафедраларда, электронды оқу залдарында жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке тегін кіруге мүмкіндігі бар.

Университеттің ғылыми кітапханасының әмбебап кітап қоры тұрақты түрде толықтырылып отырады, қолданыстағы автоматтандырылған КАБИС жүйесімен, Республикалық электрондық кітапханаға, Springer, Web Knowledge, Thomson Reuters деректер қорына қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.

Университетте 8 оқу ғимараты, ашық кітапхана, 6 спорт залы, 500 орындық жатақхана бар. Демеушілік қаражат есебінен 500 орындық жаңа жатақхана салу жоспарлануда. ЖОО БСҚА мәліметтері бойынша ҚР педагогикалық университеттер рейтингісінде 4-ші орынға ие.

Білім алушылардың жалпы саны 7131, оның ішінде бакалавриат бойынша 6933, магистратура бойынша 196, докторантура бойынша 2 адам. Бакалавриат бойынша күндізгі бөлімде 4615 адам, сырттай бөлімде 2318 адам. Шетелдік білім алушылар саны 1079 адам.

ЖОО-да химия, биология, физика, информатика, математика, тарих, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бағыттары бойынша үштілді педагогикалық кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Үштілді білім беру бағдарламалары бойынша студенттер контингенті 460 адамды құрайды. Үштілді бағдарламаларда сабақ жүргізетін 12 ПОҚ IELTS сертификатына ие. Оқу құны – 443,3 мың теңге.

Өткен оқу жылының ішінде кадрлық менеджмент және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл қаражатты үнемдеу және қызметкерлердің жалақысын 70% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Айта кету керек, рейтингтік ғылыми басылымдарда жарияланғаны, IELTS, TOEFL сертификатын иеленгені және т.б жетістіктер үшін университетте монетарлық мотивацияны арттыру жүйесі жұмыс істейді. ЖОО-дағы ПОҚ-ның орташа жалақысы 197,5 мың теңгені құрайды. Материалдық ынталандыру жоғары оқу орнында нөлдік төзімділік атмосферасын құру үшін алғышарттар жасайды.

Стипендияны мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар деңгейлер арқылы алады. Бакалавриат-1140, магистратура-75, докторантура-2 адам. Сонымен қатар, университет бойынша 20 адам ҚР Президентінің шәкіртақысына ие.

Ағымдағы оқу жылында монетарлық мотивация дарынды студенттер үшін де қарастырылды. Осы мақсатта ТарМПУ – нің 100 студентіне ай сайын 10 АЕК көлемінде арнайы шәкіртақы тағайындауға бастама жасалды. Мұндай стипендиялардың иегері ЖОО – ның әрбір студенті бола алады, бірақ оның жоғары GPA балы, ғылыми және қоғамдық өмірдегі белсенділігі, ең маңыздысы-педагог болуға ниет пен ұмтылысы болуы шарт.

Университет қызмет еткен жылдары Білім және ғылым, өнер және спорт, мемлекеттік қызмет және бизнес саласында Қазақстанның барлық аймақтарында табысты еңбек етіп жүрген 30 мыңнан астам маман даярланды. Олардың ішінде ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков, Қазақстан мұғалімдері арасында «Еңбек Ері» атағының бірінші иегері Аягүл Миразова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ – нің профессоры, психология ғылымдарының докторы Оспан Сангилбаев,  Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов. Тек Таразда ғана елу төрт жалпы білім беретін мектептің отыздан астам директорлары біздің түлектер болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелер басшыларының басым бөлігін ТарМПУ түлектері құрайды.

Дарынды әртістердің тұтас бір тобы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында қаланған. Олар: Республикалық «Жігер» конкурсының лауреаты Дүйсенбек Өмірәлиев, Мальта қаласында өткен Халықаралық эстрадалық ән байқауының лауреаты Тахмина Әшімбекова, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Құрманбай Маханов, Республикалық «Жас толқын» орындаушылар байқауының лауреаты Дана Маханбаева, Республикалық «Жас қанат» конкурсының лауреаты Бейбіт Сейдалиева және т. б.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе