РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



«Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасы

«Химия және ХОӘ» кафедрасы 2004 жылдың 1 сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінде құрылды.

5В011200- «Химия» мамандығы бойынша жоғары білікті сұраныс талаптарына сай мамандар дайындауда оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіру-кафедраның дамуының негізгі мақсаттары болып табылады. Ғылым докторлары мен ғылыми дәрежелі кандидаттар- профессор-оқытушылар саны жоғары оқу орындарына мемлекеттік аттестациялауда қойылатын талаптарға сай келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудиториялық қорлармен, арнайы лабораториялармен және SMART Board M600 комплектілі ViewSonic VX2209 (саны-5) маркадағы компьютерлермен қамтамасыз етілген. Зертханалар арнайы спектрофотометр «LANG» Dr-2800, «LANG» DR 3900, КФК-3-01, КФК-2, мультипараметрлі колориметр -НІ 83200-02, оптикалық рефрактометр -ИРФ 454Б, иономер- И-160М,  иономер- И-160М,   КФК-3 «ЗOМЗ фотометр» сияқты заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Мамандық бойынша дәріс беретін профессор оқытушылар құрамы өздерінің біліктіліктерін ТарМПУ аясындағы аймақтық біліктілік көтеру орталығында, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығында және НЗМ-де үнемі тұрақты арттыруда.

Кафедра оқытушылары соңғы жылдары № 023 Республикалық бюджеттік «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бағдарламасы бойынша Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-де біліктілік арттыру курсынан өтті.

Кафедраның оқу-тәрбие үрдісі әлемдік білім беру стандартына сай жаңа құрылымның мұғалімін дайындауға бағытталған. Осыған байланысты оқытудың интербелсенді технологияларын меңгеруді және химия сабақтарында қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды қамтитын тақырыптар жайында ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі.

Мамандық білімгерлері 20-дан артық жалпы және арнайы химиялық пәндер, оның ішінде жалпы және бейорганикалық химия, органикалық, биологиялық, физикалық, коллоидтық, бейорганикалық және органикалық синтез, қоршаған орта химиясы, химияны оқыту әдістемесі және тағы да басқа пәндер бойынша білім алады. Сонымен қатар, химиялық және зерттеудің физико-химиялық әдістері, биоорганикалық химия негіздері пәндері таңдау курстары ретінде қарастырылған.

«Жол картасы» бағдарламасы негізінде үш тілде білім алуға топтар құрылған. Қазіргі уақытта мамандықтың төрт тобының 50 білімгері үш тілде оқиды. Үштілділі топтарының білімгерлері өндірістік практикаларын Тараз қаласындағы НЗМ және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде өткізеді. Кафедрада сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бойынша жұмыстар белсенділікпен жүргізіледі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы-мен 2-4 курс білімгерлері (барлығы-12) ҚР-ның ЖОО-да және Европа елдерінде оқып келді. Кітапхана мен кафедраның әдістемелік кабинетінде білімгерлердің оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері толығымен қарастырылған. Білімгерлер химиялық бағдарламалық қамтамасыз етілген копьютерлік арнайы класстарда білімдерін жетілдіруде.

Кафедрада оқушылар мен білімгерлердің ғылыми жұмыстарының байқаулары ұйымдастырылып, Тараз қаласының мұғалімдері үшін мастер класстар өткізіледі. Оқытушылар облыстық, қалалық әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып атаулы орындарды иеленуде. Қызметкерлер кафедра құрылған жылдардан бастап, білімгерлердің ғылыми қоғамының жұмысының сапасын арттыра түсуде.

Білімгерлер оқытушылар көмегімен ғылыми-эксперименттік жұмыстарын орындап, нәтижесінде әртүрлі дипломдар мен сертификаттарды және гранттарды иеленді.

Жоғары оқу орындары арасында өткен байқауларға қатысқан білімгерлер «Үздік химик-органик», «Үздік химик-эксперимен-татор» деп аталатын атаулы орындарды жеңіп алды.

Оқытушылар оқу-әдістемелік, оқу құралдарын әзірлеуге тиісті деңгейде көңіл бөледі. Жоғары мектеп мәселелері бойынша жазылған ғылыми мақалалары отандық және шетелдік басылымдарда жарияланады.

Кафедраның болашақта дами түсуі-білімгерлер мен жас қызметкерлерді өзекті ғылыми мәселелермен айналысуға тартуымен және оқу үрдісін жетілдіруімен  байланысты.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе