РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы

«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының негізі 1967 жылы Жамбыл педагогикалық институтында қаланған. Қазіргі уақытта кафедрада 1 ғылым докторы, 1 PhD, 3 ғылым кандидаттары, 5 аға оқытушы, 1 оқытушы және 1 ассистент қызмет істейді. Кафедра меңгерушісі болып, өзіндік ғылыми мектебі қалыптасқан, көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.Б. Мұратбеков қызмет атқарады. М.Б.Мұратбековтың жетекшілігімен қалалық ғылыми семинар 30 жылға жуық уақыт бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Семинарда тұрақты түрде республикамыздың және шетелдің белгілі ғалымдары ғылыми баяндамаларын жасап келеді.2009-2010 оқу жылынан бастап ф.-м.ғ.к., доцент Б.М.Мүсілімов және аға оқытушы Ә.Т.Сағымбеков жетекшілігімен  «Оқыту әдістемелері және жаңашыл технологияны оқу процесіне енгізу» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс жасап келеді. Семинарға қаланың және облыстың орта мектеп мұғалімдері қатысуда.

Кафедра Республикамыздағы, ТМД мемлекеттеріндегі және алыс шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен және университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан:  Берлин университеті (профессор Г.Бегер), Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы  Москва мемлекеттік университеті, Башқортстан мемлекеттік педагогикалық университеті (профессор Я.Т.Сұлтанаев), Ресей Халықтар достастығы университеті (профессор Г.А.Калябин), Өзбекстандағы Ташкент мемлекеттік университеті және т.б.

Сонымен қатар, кафедра окытушылары ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын грант есебінен ғылыми-ізденіс жұмыстарымен тұрақты түрде айналысады.

Қазіргі таңда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандармен жасақталған. Олар негізгі және арнайы пәндерді жүргізеді, арнайы курстарды оқиды, курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілік жасайды.

Мұратбеков Мұсақан  Байпақбайұлы – ф-м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі

Мұсақан Байпақбайұлы Мұратбеков 1953 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Еспе станциясында дүниеге келген. 1971 жылы Шу қаласындағы №308 мектепті күміс медальмен бітіріп, С.М.Киров (қазіргі Әл Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика мамандығына оқуға қабылданады. 1976 жылы ҚазМУ-дың механика-математика факультетін үздік аяқтағап, министрліктің жолдамасымен Жезқазған педагогикалық институтында оқытушы қызметінен бастап, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1979 жылы Қазақ КСР-ның Ұлттық Ғылым академиясының Математика институтына аспирантураға түсіп, аспирантура мерзімі аяқталмай жатып,  әлемге әйгілі ғалым, ҰҒА академигі М.Өтелбаевтың жетекшілігімен «Жойылмалы эллиптикалық және бір өлшемді сызықты емес Шредингер теңдеулерінің шешімдерінің тегістігі туралы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Математика институтындағы арнаулы докторлық диссертациялық кеңесте «Регулярлы емес коэффициенттері бар дифференциалдық операторлардың бөлінгіштігі мен спектралді қасиеттері» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясын қорғаса, 1996 жылы профессор академиялық дәрежесін алып, өзіндік ғылыми бағытын дәлелдеді.

Профессор М.Б.Мұратбековтың бұл жеңісін Жамбыл облысы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы мақтан етеді.

Бүгінгі күні профессор М.Б.Мұратбеков Қазақстан математика ғылымын әлемдік деңгейге шығарып отырған қазақстандық ғалымдар қатарынан өзіндік нық орнын алып отырған белгілі ғалым, ұстаз және нағыз азамат.

Профессор-оқытушылар құрамы

Муратбеков  Мусахан

Кафедра  меңгерушісі

ф-м.ғ  докторы, профессор

Мусилимов  Билибай  Муслимович

ф-м.ғ.к.,доцент

Ниетбаев Әшірәлі  Артайұлы

ф-м.ғ.к.,доцент м.а.

Шырақбаев Абай

ф-м.ғ.к.,доцент

Надырбекова  Айнұр  Шоқановна

ф-м.ғ.к.,доцент м.а.

Игисинов Сәбит Жандарбекович

PhD докторы, қауымд. профессор м.а

Жумалиева Ляззат Дәуренбаева

PhD докторы, қауымд. профессор м.а

Сағымбеков Әбдімәлік  Тұрдажиевич

Аға  оқытушы

Сманов Қалдыбай Жаппарович

Аға  оқытушы

Баулыбаева   Бибісара  Артеловна

Аға оқытушы

Мусабекова Зауре

Аға  оқытушы

Макулбекова Рабиға Рыскелдиевна

Аға  оқытушы

Сулеймбекова Айнаш Оспанова

Оқытушы

Джанабаева Гулжан Кәдірханқызы

Ассистент

Игисинова Жазира  Қайратовна

Ассистент

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе