РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Құрметті достар! Тараз мемлекетік педагогикалық университеті Сіздерді «ҰСТАЗ университетінің әлеуметтік миссиясы» әлеуметтік жобасының аясында астрономия және астрофизикадан олимпиада және турнирлерге дайындайтын тегін үйірме сабағына шақырады.



«Математика» кафедрасы

Математика кафедрасының негізі 1967 жылы Жамбыл педагогикалық институтында қаланған. Қазіргі уақытта кафедра 6B015009 – «Математика мұғалімдерін даярлау»,      6B015026 – «Математика-Информатика», 6B015027 – «Математика-Физика» мамандықтары бойынша  білімді,  білікті, педагог мамандарды дайындаумен айналысады.

Кафедрада 1 ғылым докторы, 1 PhD, 4 ғылым кандидаттары, 5 аға оқытушы және 4 оқытушы қызмет істейді. Профессор М. Мұратбековтың жетекшілігімен «Функционалдық анализ және оның қолданыстары» атты қалалық ғылыми семинар 30 жылға жуық уақыт бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Семинарда тұрақты түрде республикамыздың және шетелдің белгілі ғалымдары ғылыми баяндамаларын жасап келеді. Профессор М.Б.Мұратбеков ҚР білім және ғылым министрлігі тарапынан «2012 жылдың ең үздік мақаласы» ІІ дәрежелі дипломымен; Тараз қаласы әкімдігінің шешімімен Тараз қаласы мерекесіне орай  қаланың қоғамдық және экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеуіне үлесін қосқаны үшін «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен; 2013ж. ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» медалімен; 2017 ж. Елбасының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған.

2009-2010 оқу жылынан бастап аға оқытушы Ә.Т.Сағымбеков жетекшілігімен  «Оқыту әдістемелері және жаңашыл технологияны оқу процесіне енгізу» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс жасап келеді. Семинарға қаланың және облыстың орта мектеп мұғалімдері қатысуда.

Арнайы курстар мен магистранттардың диссертациялық жұмыстарына жетекшілік етуге және де білімгерлер мен жас ғалымдармен бірге ғылыми-ізденіс жұмыстарын атқаруға республиканың және шетелдің жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының белгілі ғалымдары шақырылып тұрады. Олар ҰҒА академигі М.Өтелбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф-м.ғ.д. Қ.Н.Оспанов,  Берлин Еркін университетінің профессоры Г.Бегер, М.В.Ломоносов атындағы ММУ профессоры, ф.-м.ғ.д. Дьяченко М.И., Башқортстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. Я.Т.Сұлтанаев, Ресей Халықтар достастығы университетінің профессоры, ф.-м.ғ.д. Г.А.Калябин және т.б.

Сонымен қатар, кафедра окытушылары ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын грант есебінен ғылыми-ізденіс жұмыстарымен тұрақты түрде айналысады. Бұл зерттеулер негізінен теориялық және фундаменталды болып табылады, олардың ғылыми маңыздылығы терең, заманауи математикалық нәтижелер мен жаңа ғылыми-зерттеу әдістерін құрумен байланысты.

ИГИСИНОВ САБИТ ЖАНДАРБЕКОВИЧ

Кафедра меңгерушісі

Туған жылы: 02.02.1980ж.

Ұлты: қазақ

Мекен-жайы: 080016, Жамбыл обл., Тараз қ. Малдарбеков көш., 39

Байланыс телефоны: 8-701-7648610

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Білімі: жоғары

Мамандығы: математика

Бакалавр: 1997-2001 жж., М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Магистратура: 2001-2002 жж., М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Аспирантура: 2004-2006 жж., ТарМПИ

PhD докторантура: 2010-2013 жж., ЕҰУ Л.Н. Гумилева

Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD

Қосымша білім беру курстары: жоғары оқу орындарының бітірушілеріне арналған үзіліссіз білім беру бағдарламалары, Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2016 ж.; Инновациялық гранттар бойынша ұсыныстар дайындау бойынша семинар. NATD. Тараз - 2015; Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату бойынша республикалық семинар. Тараз - 2015; «Мұғалім» кәсіби стандарт негізінде педагогикалық ғылымдардағы білім беру бағдарламаларын құру» тақырыбындағы семинар. Павлодар - 2019 жыл

Дипломдар, марапаттар: ТарМПИ ректорының «Жыл ғалымы-2013» дипломы, Жамбыл облысы әкімінің «Ғылым-2015» номинациясында диплом иегері.

Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындау:

1. III орын - М-17-1 тобының студенті Сейдуалы Д. - Республикалық олимпиада - Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Қызылорда, 2017 жыл;

2. III орын - ТарМПИ командасы (студенттер Сейдуалы Д., Оразкелдиев Н., Ким В.) - Республикалық пәндік олимпиада - Қорқыт ата атындағы ҚМУ, Қызылорда, 2017 жыл;

3. II орын - М-17-1 тобының студенті Оразкелдиев Н. - Республикалық пәндік олимпиада – І.Жансүгіров ат. ЖМУ, Талдықорған, 2018 жыл;

4. III орын - М-17-1 тобының студенті Сейдуалы Д. - Республикалық пәндік олимпиада - ПМПУ, Павлодар, 2019 жыл.

Негізгі ғылыми жарияланымдары:

1 M.B.Muratbekov, K.Ospanov, S. Igisinov.  Solvability of a class of mixed type second order equations and nonlocal estimates //  Applied Mathematics Letters, vol.25, No.11, 2012

2 M.B.Muratbekov, S.Igisinov.  On the existence of a resolvent of a class of singular mixed type differential operators in an unbounded domain // Advances in Pure and Applied Mathematics, (2013) Vol. 4, No. 3, pp. 265-282.

3 Игисинов С.Ж. О замыкаемости и об ограниченной обратимости дифференциального оператора смешанного типа в неограниченной области // Вестник КарГУ, 2013.  №1(69) – С.28-32

4 M.B.Muratbekov, S.Igisinov. Estimates of the approximation numbers (s-numbers) for a class of differential operators of mixed type AIP Conference Proceedings 1676, 020068 (2015); doi: 1063/1.4930494

5 М.Б.Муратбеков, С.Ж.Игисинов. О замыкаемости и об ограниченной обратимости дифференциального оператора смешанного типа в неограниченной области // Вестник КарГУ. – 2015. – № 2(78). – С.106-112.

6 M.B.Muratbekov, S. Igisinov, A. Shyrakbaev. On separability of a differential operator of non-classical type in an unbounded domain // AIP Conference Proceedings. 1759, 020114 (2016); doi: 10.1063/1.4959728.

7 М.Б. Муратбеков, С.Ж.Игисинов, А.Б.Шырақбаев О разделимости дифференциального оператора неклассического типа, заданного в неограниченной области // Вестник КарГУ. – 2016. – № 2(82). – С.95-107.

8 М.Б. Муратбеков, С.Ж.Игисинов. Спектральные свойства сингулярных дифференциальных операторов гиперболического и смешанного типов. Тараз: ТарГПИ, 2017. – 136с. (Монография, ISBN 978-601-278-868-6)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу:

1. Спектральные проблемы вырождающихся дифференциальных операторов неклассического типа. Мерзімі: 2013-2015 жж.  Мем.тіркеу №0113РК01066.  ШЖҚ РММ ТарМПИ

2. Об ограниченной обратимости и спектральные свойства сингулярных дифференциальных операторов смешанного типа. Мерзімі: 2015 -2017 жж. Мем.тіркеу №0115РК02936. ШЖҚ РММ ТарМПИ

3. Существование резольвенты и дискретность спектра сингулярных дифференциальных операторов гиперболического типа в  пространстве . Мерзімі: 2018-2020 жж. Мем.тіркеу №0118РК01098. ШЖҚ РММ ТарМПУ

Тілдерді білуі: қазақ, орыс, ағылшын

Отбасы жағдайы: үйленген

Профессор-оқытушылар құрамы

Игисинов Сабит Жандарбекович

PhD, Кафедра меңгерушісі

Муратбеков  Мусакан

ф-м.ғ.д., профессор

Мусилимов  Билибай

ф-м.ғ.к., доцент

Таттибеков Конысбек Саттиевич

к.ф-м.н., доцент

Ниетбаев Аширали Артаевич

ф-м.ғ.к., доцент м.а.

Надырбекова  Айнур  Шохановна

ф-м.ғ.к., доцент м.а.

Сагимбеков Абдумалик  Турдажиевич

Аға  оқытушы

Сманов Қалдыбай Жаппарович

Аға  оқытушы

Баулыбаева   Бибисара  Артеловна

Аға оқытушы

Мусабекова Зауре Ескермесовна

Аға  оқытушы

Макулбекова Рабига Рыскелдиевна

Аға  оқытушы

Джанабаева Гульжан Кадирхановна

Оқытушы

Ким Виктор Александрович

Оқытушы

Рашова Мәдина Мәлікайдарқызы

Оқытушы

Елемесов Жамбыл Нурманович

Оқытушы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе