РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Биология және БОӘ» кафедрасы

1988-1989 оқу жылында «Биология» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі – доцент З.А.Дүлқайырова болды, бұл кезде кафедрада в.ғ.д., профессор П.В.Радионов, б.ғ.к Файзулдаев. Қ.Ф., п.ғ.к., Құсайнова, Курбанова Н.П., Умирова Р.Н., Турдуматова М.Т., Уманова Г., Оспанова Г.С., Бегалиева С. жұмыс істеді. Қазақстандағы Паразитология ғылымының негізін қалаған в.ғ.д.,профессор П.В.Радионов лабораторияларды ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді.

2004 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы оқу және ғылым министірлігінің бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрамынан Тараз мемлекеттік педагогикалық институты өз алдына бөлініп шықты. ТарМПИ-да «Биология» - кафедрасының меңгерушісіне а.ш.ғ.д.,профессор Ж.С.Тулеубаев тағайындалды. Ол бұл қызметін 2004-2011 жылдар аралығында абыроймен атқарды. Осы жылдар аралығында кафедраның материалдық техникалық базасы нығайып, агробиологиялық станцияға 4-га жер алынып, ауданы 100м2 болатын жылыжай құрылысы басталды.

2012-2015 оқу жылдары аралығында «Биология және БОӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметін б.ғ.к., доцент Г.К.Зияева атқарды. Осы жылдары кафедра құрамына б.ғ.д., профессор А.Жансүгіров, б.ғ.д., профессор С.Н. Нұрбеков, а.ш.ғ.к., доцент Қ. Мырзалиев, а.ш.ғ.к., доцент Е.Кулкеев, оқытушылар Р.Укибаев, А.Мураталиева, Ж.Дюсенбаева жұмысқа қабылданды. Осы мерзімде биология мамандығы халықаралық аккредатациядан 5 жыл мерзімге табысты өтті.

Г.К.Зияева қызмет барысында өзіне тапсырылған жұмыстарды дер кезінде сапалы орындап, оқу-тәрбие жұмыстарына үлес қосқаны үшін 2014 жылы «Үздік кафедра меңгрушісі» атағымен марапатталды.

2015-2016 оқу жылында «Биология және БОӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметін б.ғ.к., доцент К.С.Аманова атқарды.

2016-2017 оқу жылында «Биология және БОӘ» кафедрасының меңгерушісіне а.ш.ғ.д.,профессор Ж.С. Тулеубаев тағайындалды. Қазіргі уақытта профессор Ж.С.Тулеубаев өз міндетін абыроймен атқарып келеді.

Жақсыбай Сұрабердіұлы Тулеубаев «Биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, «Қолданбалы экология» акедемиясының академигі. 200–ден аса топырақтың физикалық және реологиялық қасиеттері мен биологиялық физика, агрофизика мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде 3 ғылыми монографияның авторы. Ж.С.Тулеубаевтың ұйымдастырумен ғылым мен білімнің кіріктірілуі және біліктілікті көтеру бағытында кафедрада 2018 жылы магистратура ашылды. Ж.С.Тулеубаевтың жетекшілігімен 11 магистрант диссертацияларын қорғады.

Байланыс телефоны: 87027525336

e-mail:  tuleubaev51@mail.ru

«Биология және БОӘ» кафедрасының ұжымы

Қазіргі уақытта кафедра штатында 4 ғылым докторы, 4 доцент, 1PhD және 12 магистр, 2 аға оқытушы, 3 ассистент және 5 көмекші лаборанттар қызмет атқарады. «Биология және БОӘ» кафедрасы 5В011300–«Биология», 5В012400-Химия-биология мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Оқу мерзімі - 4 жыл. Кафедрада қазіргі заманғы құралдар-жабдықтармен жабдықталған 13 лаборатория және агробиологиялық станция жылы-жайы жұмыс істейді.

Кафедра тынысы

Оқу-дала практикасының мақсаты, өту бағыты мен міндеттері:

Оқу-дала практикасының мақсаты:

- биологиялық пәндерді оқу барысында игерген теориялық білімдерді бекіту арқылы болашақ педагог мұғалімдердің кәсіптілігін арттыру;

- аймақтың флорасы мен фаунасының әртүрлілігімен танысып, тәжірибелік бақылау жүргізу.

Оқу-дала практикасының міндеттері, бағыты:

- табиғи ортада өмір сүретін өсімдік пен жануарлар әртүрлілігін зерттеу;

- натуралистік жұмыстарды, вегетациялық және қалалық зерттеу әдістерін игеру, тәжірибелер қою;

- дала практикасы өтетін ауданның негізгі эколого-фаунастикалық көптүрлілігі, комплексімен студенттерді таныстыру, табиғатта өмір сүретін организмдердің өзге және қоршаған ортамен байланысын білу;

- аймақтың негізгі флорасының ерекшеліктері мен маңызды таксономикалық топтардағы тамырлы өсімдіктермен, эколого-фитоценотикалық адвентивті флорамен практика өтілетін ауданның кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу;

- студенттерді табиғаттағы өмір сүретін жануарлардың негізгі түрлерімен, биотоптармен, басты түрлерінің биологиялық ерекшеліктерімен олардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлімен таныстыру;

- дала практикасы өтілетін жердің, аймақтың негізгі фитоценозымен, структурасы және динамикасымен, олардың экологиялық таралу заңдылықтарымен танысу;

- студенттерді табиғи объектілерді (фауна, флора, табиғи өсімдіктер, агробиоценоз) әдістемелік объект ретінде пайдаланып, биология сабағында көрнекілік ретінде пайдалануды, ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуді, экскурсия жүргізу әдістерін үйрету, биологиялық тәжірибелер қоюды, коллекциялар жинап өсімдік пен жануарларды бақылауға үйрету;

- студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі принциптерімен, әдістерімен таныстыру;

- жергілікті жер жағдайында табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды қорғау және олардың мінез-құлқымен таныстыру.

Кафедра 5 ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

1. Биология ғылымының классикалық және қазіргі заманғы мәселелері;

2. Астық дақылдарын өсіру технологиясы мен селекциясы;

3. Қант қызылшасының сорттарымен будандарын экологиялық сынақтан өткізу;

4. Оңтүстік Қазақстандағы өсетін дәрілік өсімдіктердің қасиеттері мен құрамын зерттеу;

5.Ауыл-шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың биологиялық және биофизикалық негіздері. Осы ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау барысында төмендегі ғылыми-зерттеу мекемелерімен келісім шарт жасалған:

  • А.Бектұров атындағы химия ғылыми-зерттеу институты, (Алматы);
  • Қазақ Егіншілік және Жер игеру ғылыми – зерттеу институты (Алматы);
  • Қазақ Су шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты (Тараз).

Кафедра оқытушылары Республикамыздың жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған біліктілік көтеру курсынан үнемі өтіп, қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерді меңгеруде.

Кафедрада академиялық ұтқырлық пен көп тілділік мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысында, көп тілді оқитын топ ашылған. Бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті биолог мамандар дайындау, биология ғылымының әр саласына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жолында кафедра ұжымы жұмыла еңбек етуде.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе