РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



Физика-математика факультеті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті КазССР министрлер Кеңесінің шешімімен 1967 жылдың наурыз айында «Октябрдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты»  деген атпен ашылды. 50 жылдық тарихы бар киелі оқу ордасы бүгінгі таңда іскер басшы э.ғ.д., профессор Е.Әмірбекұлының басшылығымен заман талабына сай даму үстінде.

Институт ашылған жылы «Математика» және «Орыс тілі» мамандықтары негізінде екі факультет құрылды. Алғашқы жылы әр мамандыққа 100-ден, барлығы 200 білімгер қабылданған.

1967 жылдың 1-ші тамызында алғаш рет ашылған «Математика және физика» кафедрасын ф-м.ғ.к. К.Н. Абдулгафаров басқарған. Кафедра құрамында аға оқытушылар: С.К. Досыбаев, И.М. Пак, С.Т. Тамаев, К.К. Қонақбаев, С.Б. Бесинбаев, З.А. Абдыбаев, оқытушы Ж.А. Абдуллаев және аға лаборант К.К. Тоқжігітов жұмыс істеген.

1968-1969 оқу жылының басында «Математика және физика» кафедрасы математика және физика бағыты бойынша екіге бөлініп, «Жоғары математика» кафедрасын И.М. Пак, ал «Физика» кафедрасын  ф-м.ғ.к. К.Н. Абдулгафаров басқарды.

Факультеттің алғашқы деканы болып т.ғ.к. доцент К.К. Қонақбаев 1967-1971 жылдары тағайындалды. Ашылған физика-математика факультетінің құрамы «Математика және Физика» деп аталатын жалғыз кафедрадан тұрды. Кафедраның меңгерушісі болып ф.-м.ғ.к., доцент Қ.Қ. Әбдігафаров тағайындалды және ол кісі институттың проректорлық қызметін қоса атқарды. Кафедраның алғашқы оқытушылары: аға оқытушы С.К. Досыбаев, аға оқытушы С.Т. Тамаев, оқытушы Ж. Абдулаев, аға оқытушы З.А. Абдыбаев, аға оқытушы С.Б. Бейсенбаев, аға оқытушы Қ.Қ. Қонақбаев, аға оқытушы И.М. Пак болып қабылданды, сол оқу жылының ішінде Ә.Т. Мақашев және А.Н. Нұралиев қабылданды. Ал кафедраның алғашқы аға лаборанты болып Қ. Тоқжігітов қабылданды.

1968-1969 оқу жылының басында «Математика және Физика» кафедрасы математика және физика бағыттары бойынша екіге бөлінде. Физика бағыты бойынша: «Теориялық физика», кафедра меңгерушісі З.Жанабаев және «Жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі», кафедра меңгерушісі доцент Қ.Қ.Әбдіғафаров. Математика бағыты бойынша: «Жоғары математика» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі И.М. Пак болды.

1969 жылы «Жоғары математика» кафедрасымен қатар «Алгебра және геометрия» кафедрасы ашылды, кафедра меңгерушісі доцент Т.Т.Таубаев болды.

1970 жылы «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушілік қызметіне ф.-м.ғ.к. К.К. Нагметжанов сайланды.

1970-1971 жылының соңында факультетті алғашқы түлектер бітіріп шықты. Оларды дайындап шығару үшін факультет кафедралары талапқа сай келетін материалдық база жасады. Физика кафедраларының оқытушылары оқылатын пәндер бойынша  зертханалар құрды. Қажетті құралдар көбінесе әр қалалардағы «Физика құралдар салондарынан» алынды. Ал кейбір құралдар, қондырғылар жергілікті өндіріс цехтарында және оқытушылар мен лаборанттар өз қолдарымен жасады. Математика кафедраларында әдістемелік кабинеттер іске қосылады.

1967-1971 және 1973-1975 жылдары Физика – математикалық факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент  К.К.Қонақбаев болды.

1971-1973 оқу жылдары факультетті ф.-м.ғ.к., доцент З.А. Абдыбаев басқарды.

1975-77 жж. «Физика – математика» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент. З.Ж. Жанабаев болды.

1977-81 жж. Физика – математикалық факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент К.К Нагметжанов болды.

1981-1984, 1986-1991 жж. «Физика – математика» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент З.А.Саимкулов болды.

1984-1986, 1991-1996, 1998-2001жж. факультеттің деканы ф.-м.ғ.к., доцент Б.М. Мусилимов болды.

1996-1998 жж. факультеттің деканы ф.-м.ғ.к. М.Б.Тлебаев болды.

2001-2002 жж. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент О.С.Сәлімбаев болды.

2002-2003 «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к. Е. Сырғалиев болды.

2003-2004, 2006- 2007 жж. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к. М.К.Шайжанов болды.

2004-2005жж. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., доцент Р.С. Амандосова болды

2005-2006 жж.  «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к. А. Болтаев болды.

2007жылдан бастап «Физика-математика» факультетінің деканы ф.-м.ғ.к. профессор Т.Б.Бижігітов атқарып келеді.

10.08.2015ж. ҚР Еңбек кодексінің 48 бабына сәйкес өндірістік қажеттілікке байланысты институтты басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Физика-математика» факультеті деп өзгертілді.

Студенттік өмір

Тәрбие жұмысы

Физика-математика факультетінде академиялық топтардағы тәрбие жұмыстары, факультеттің тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі, оның жоспары кафедралар мен тәлімгерлік Кеңесінде  қарастырылып бекітілген.

Тәрбие жоспары білімгерлерді тәрбиелеудің жаңа формасын қалыптастыруда, жаңа қоғамдағы тәрбиенің  мақсаты мен міндеттерін айқындайтын мынадай бағыттар бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып орындалады:

1.Тәрбие жұмысын жоспарлау.

2.Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

3.Құқықтық тәрбие және діни сауаттылықты қалыптастыру.

4.Эстетикалық тәрбие және коммуникативті мәдениетті қалыптастыу.

5.Экологиялық тәрбие.

6.Отбасылық тәрбие.

7.Еңбек тәрбиесі және мамандыққа баулу.

8.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын насихаттау.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

Сонымен қатар, қосымша білімгерлер үйінде жүргізілетін жұмыс,  құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасы және жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы  бойынша іс-шаралар жоспарланып өткізіледі.

“Студенттік құрылыс“ және “Жасыл Ел“ жасақтары


Факультет көлемінде өткізілген қайырымдылық акциялары

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе