РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Философия және толеранттылық» кафедрасы

«Философия және толеранттылық» кафедрасы білікті, заман талабына сай  мамандар  дайындауда ерекше  үлесін  қосып  келе  жатқан, 50 жылдан  астам бай тарихына ие кафедра болып табылады.

2015 жылдың 1 қыркүйек айынан  бастап,  «Философия және толеранттылық» кафедрасы деп өзгертілді.  Қазіргі уақытта кафедраны филос.ғ.к., доцент Г.А. Гизатуллина басқарып отыр.

1-2 курстың студенттер мен магистранттарға «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Гендерлік саясаттың негіздері» және «Дінтану», «Мұғалімнің кәсіби бағдарлары», «Ғылым философиясы және тарихы» пәндері бойынша дәріс өткізеді.

«Философия және толеранттылық» кафедрасының ПОҚ-ның алдында тұрған негізгі міндет – студенттерге ғылыми-гуманисттік дүниетаным қалыптастыру, оларда қоршаған орта шындығы туралы сыни және творчестволық ойлау мен дағдыларды жетілдіру, пайда болған мәселелерді конструктивті тұрғыда шешу болып табылады.

Философия және әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Педагогикалық университет жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді түбегейлі жаңарту мақсатында білім берудің философиялық негіздемелерін қалыптастыру, әдіснамалық принциптерін айқындау.

Барлық мамандықтағы студенттерді даярлауды кафедраның жоғары білікті мамандары жүзеге асырайды:

1. Гизатулина Гульгина Алимжановна –  ф.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі

2. Жүншеев Расылхан Ерболсынұлы –  ф.ғ.к., доцент

3. Таубаева Сара Тлеубергенқызы –  п.ғ.к.,    доцент

4. Яхияев Инагам Абдукаримович –   т.ғ.к., доцент

5. Диканбаева Дарико Юсупқызы–  ф.ғ.к., доцент

6. Нұрадин Гүлхан Болатқызы –  ф.ғ.к., доцент

7. Төкенов Өмірбай Спанұлы – ТарМПИ доценті

8. Ізтілеуов Абай Әнесұлы - аға оқытушы

9. Мыңбаева Мираш Бердалықызы  –  аға оқытушы

10. Қуандықова Эльмира Жамбылқызы  –  аға оқытушы

11. Танатаров Берік Карпықұлы –  аға оқытушы

12. Идрисова Гүлжан Бердимбайқызы– аға  оқытушы, тарих магистрі

13. Жунисова  Жазира  Бейсенбайқызы  - оқытушы, тарих магистрі

14. Мұсабекова Гауһар Құрманбекқызы– оқытушы, философия магистрі

Кафедра оқытушылары өздерінің біліктілігін әр түрлі деңгейдегі ғылыми-әдістемелік семинарлар мен біліктілікті көтуре курстарына қатысу жолымен көтеріп отырады. Кафедра оқытушыларының мақалалары отандық және шетелдік ғылыми журналдар мен халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарында жарық көруде.

Кафедра оқытушылар жазған оқу-әдістемелік жұмыстары кафедра пәндерін оқыған кезде студенттер пайдаланып жүр. Сонымен қатар оқытушылар оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүруде. Кафедрада мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жжатыр және оның нәтижесі бойынша оқу-әдістемелік құралдар, электронды құралдар, мақалалар мен жинақтар шығарылуда. Кафедра оқытушылары түгелінен оқытудың инновациялық әдістерін – компьютерлік технология, интерактивті тақта, оқытудың белсенді әдістері – оқу процесінде пайдалануда.

Гизатуллина Гульгина Алимжанқызы

Кафедра меңгерушісі

Философия ғылымының кандидаты, доцент


1963 жылы 10 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1971-1981 жж. аралығында Тараз қаласындағы  № 1 Ленин атындағы орта мектепте білім алған.1981-1986 жж. Томск мемлекттік университетінің «Тарих және философия» факультетін бітірді. 1986-1987 жж. №1 СПТУ-да тарих және қоғамтану пәнінен дәріс берді. 1987 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Философия және  политэкономия» кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс істеді. 1989 жылы  тұрмыс құрып, балалы болды.  1995-1998 жылы  В.И.Ульянов – Ленин атындағы Қазан Мемлекеттік Университетінің аспирантурасында оқыды. 2001 жылы «Сравнительный анализ формационной цивилизационной  концепции» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазан Технологиялық Университетінің филиалында философия және социология мамандығы бойынша   доценттік қызметін атқарды. 2004 жылы жұмысын  ТарМПИ –да  «Философия және ӘСП» кафедрасында жалғастырып, қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметінде еңбек етуде. Жұмыс барысында 40 мақала, 5 оқу-әдістемелік құралдар дайындады.

Қатынау ақпараты: мекен жайы Сулейманов көшесі, 11, 4-корпус, 206 аудитория

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе