РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАҢА МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛ! 14 ЖАСТАН 29 ЖАСҚАДЕЙІНГІЖАСТАРҮШІН. ТОЛЫҒЫРАҚ ZHASPROJECT.KZ САЙТЫНДА



«Философия және толеранттылық» кафедрасы

«Философия және толеранттылық» кафедрасы білікті, заман талабына сай  мамандар  дайындауда ерекше  үлесін  қосып  келе  жатқан, 50 жылдан  астам бай тарихына ие кафедра болып табылады.

2015 жылдың 1 қыркүйек айынан  бастап,  «Философия және толеранттылық» кафедрасы деп өзгертілді.  Қазіргі уақытта кафедраны филос.ғ.к., доцент Г.А. Гизатуллина басқарып отыр.

1-2 курс білімгерлерінің барлық мамандықтарына «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Гендерлік саясаттың негіздері» және «Дінтану», «Мұғалімнің кәсіби бағдарлары» пәндері бойынша дәріс өткізеді.

Қазіргі таңда кафедра  құрамында  төмендегі профессор-оқытушылар  құрамы  жұмыс атқарып келеді:

1. Гизатулина Гульгина Алимжановна –  ф.ғ.к., доцент кафедра меңгерушісі

2. Жүншеев Расылхан Ерболсынұлы –  ф.ғ.к., доцент

3. Таубаева Сара Тлеубергенқызы –  п.ғ.к.,    доцент

4. Яхияев Инагам Абдукаримович –   т.ғ.к., доцент

5. Диканбаева Дарико Юсупқызы–  ф.ғ.к., доцент

6. Нұрадин Гүлхан Болатқызы –  ф.ғ.к., доцент

7. Төкенов Өмірбай Спанұлы – ТарМПУ доценті

8. Ізтілеуов Абай Әнесұлы - аға оқытушы

9. Мыңбаева Мираш Бердалықызы  –  аға оқытушы

10. Қуандықова Эльмира Жамбылқызы  –  аға оқытушы

11. Танатаров Берік Карпықұлы –  аға оқытушы

12. Идрисова Гүлжан Бердимбайқызы– аға  оқытушы

13. Жунисова  Жазира  Бейсенбайқызы  - оқытушы

14. Мұсабекова Гауһар Құрманбекқызы– оқытушы

 

«Философия және толеранттылық» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамының алдында тұрған негізгі міндет – білімгерлерде ғылыми-гуманисттік дүниетаным қалыптастыру, оларда қоршаған орта шындығы туралы сыни және творчестволық ойлау мен дағдыларды жетілдіру, пайда болған мәселелерді конструктивті тұрғыда шешу болып табылады.

Философия және әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support