РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасы

«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасы 2013 жылы 29-тамызда институттың Ғылыми кеңес шешімімен «Экономикалық теория және құқықтық ілімдер» кафедрасы және «Тарих және тарихты оқытудың әдістемесі» кафедраларын қосу нәтижесінде ұйымдастырылды. Кафедра 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша мамандар  даярлайды. 2004 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Даярлау мерзімі 4 жыл. Бітіруші маманға 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» пәнінің мұғалімі біліктілігі беріледі.

Кафедраның міндеті орта мектептерде, арнайы орта білім беретін мекемелерде экономика мен құқық саласының ғылыми негіздерінен жан-жақты және терең білім беретін мұғалім кадрларын даярлау.

Кафедрада оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында орындалған оқытушылардың оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларының кешенді жинағы қалыптасқан.

Барлық оқытушылардың білімі мен тәжірибелері ЖОО талаптарына сай келеді. Өткізілетін сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Әмірбекұлы Е – э.ғ.д., профессор; Джолдасова О.К. – э.ғ.к., доцент;   Серубаева А.Т. – PhD доктор, доцент м.а. кафедра меңгерушісі;  Наурызбаева А.А. – э.ғ.к.; Середин Н. –  э.ғ.к.;  аға оқытушылар – Ибрагимов Т.А., Абилова А.Ж., Абдурахманова К.Р., оқытушылар – Данабекова Д.И., Жолдыбекова А., Әшімханов Ә.

Кафедра оқытушылары «Назарбаев шеберлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен.

«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасында заманауи талапқа сай жабдықталған 3 оқу аудиториясы бар. Олар – «Экономика және құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемелік кабинеті; Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы мұражай-дәрісханасы; Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты                         Р.Е. Байлыбеков атындағы дәрісхана.

Кафедра профессор-оқытушылары тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми басылым беттерінде ғылыми-зерттеу мақалаларымен қатар, оқу-әдістемелік материалдарын жүйелі түрде жариялап келеді.

Серубаева Аурика Темірханқызы

Кафедра меңгерушісі

Серубаева Аурика Темірханқызы 1981 жылы 24 тамызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. 1987-1998 жылдар аралығында Қарақыстақ орта мектебінде білім алған. 1998-2002 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих және география» мамандығы бойынша білім алды.

2002-2004 жж. аталған университеттің магистратурасын «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдады. 2012-2015 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  6D020300 «Тарих» мамандығын аяқтап, 2017 жылы «Ш. Уәлихановтың Орталық Азияның ежелгі және орта ғасыр тарихын зерттеуге қосқан үлесі» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап, аталған жылы тарих мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін алды. А.Т. Серубаева ғылыми зерттеу бағыттары бойынша Орталық Азия халықтарының тарихы, түркі халықтарының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы және Ш. Уәлихановтың ғылыми мұраларын зерделеумен айналысады. Бүгінгі күнге дейін қосавторлықта жарық көрген 2 - ЖОО арналған хрестоматиясы, 1 - ғылыми монографиясы  және 40-қа жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланған.   «Thomson Reuters» мәліметтер базасына енетін «Anthropologist» онлайн-журналында мақаласы жарық көрген.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдар аралығында ТарМУ жанындағы көпсалалы колледжде георграфия пәнінің мұғалімдігінен бастады.  2004-2006 жж. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында оқытушы; 2008-2017 жылдар аралығында Астана қ., Мемлекет тарихы институтында ғылыми және аға ғылыми қызметкер лауазымдарын атқарды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе