РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

Университеті

«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ // ТАРМПУ-ДЫҢ «СПОРТ СҮЙЕР ОҚЫТУШЫЛАР» АТТЫ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ 14-ШІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТУДЕ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



«География және экология» кафедрасы

Тарихы

Кафедра ҚР МЖМББС 3.08.266-2006 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 361 бұйрығымен берілген № 0000207 АА лицензиясы негізінде 5В011600 – «География» мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Оқу мерзімі - 4 жыл.

5В011600 - «География» бакалаврының түлектеріне академиялық дәреже және «География бакалавры» біліктілігі беріледі.

ТарМПИ қалыптасқан 2004 жылы кафедраны г.ғ.к., доцент Ф.М. Темереева, 2006 жылдан 2017 жылға дейін г.ғ.к., доцент С.С. Амандосова басқарды. Биылғы 2017-2018 оқу жылына кафедра меңгерушісінің м.а. қызметіне к.п.н.  А.К. Даменова тағайындалды.

Қазіргі уақытта кафедра штатында 11 оқытушы: 5 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 2 оқытушы және 1 ассистент қызмет атқарады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын ғылыми дәрежесі бар оқытушылармен толықтырылып отырады. Олардың ішінде, кафедра меңгерушісінің м.а. А.Даменова, т.ғ.к., доцент Зарубаев Г.М., п.ғ.к., доцент м.а.  Ш.М.Бахтыбекова, г.ғ.к., доцент м.а.  М.К. Ешмаханов, п.ғ.к. доцент м.а. Л.С. Нұрабаева, геоэкология магистрі Ж.М. Джанаева, педагогика және психология магистрі Ж.Д. Керімқұлова, география магистрі  Н.А. Тәжікулова, педагогика магистрі  А. Әскербекова және А. Нұрлан.

«География және экология» кафедрасының жетістіктері

2011-2012 оқу жылы аға оқытушы Қонысбекова К.К. ректордың атынан «Үздік куратор номинациясы» бойынша мадақтамамен марапатталды.

IV Республикалық студенттік олимпиадада Ж. Байжанова Білім және ғылым министрлігінің  IIІ дәрежелі  дипломымен марапатталды.

2013 жылы  география мамандығының 3-курс студенті Асқарұлы Данияр «Қазақстан Тараз телеарнасына кастингтен өтіп, бүгінгі таңда журналист редакторы қызметін атқаруда.

2013 жылы V Республикалық студенттік олимпиадада команда қатысушылары мен жетекші  Тілегенов Д.Б  сертификаттармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

2014-2015 оқу жылдары ассистент Байкеева Л.Т – «Үздік куратор номинациясы» бойынша ректордың атынан мадақтамамен марапатталды.

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен 1-2 курс білімгерлері «Жас талап - 2016» атты студенттердің ғылыми апталығында Г-16-1 тобының білімгері  Амангелді С. -  2 орын, Г-15-1,2 тобының білімгерлері Докторбай М., Джурилова Г., Жұмабек Ү. арнаулы орындармен марапатталды.

Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-теориялық білім деңгейін жетілдіру жолында жұмыс атқаруда, оның нәтижесін ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардан анық көруге болады. Кафедрада 100 ғылыми еңбектер, 20 оқу-әдістемелік құралдар жарияланды.

Даменова Айгуль Қасенқызы

«География және экология» кафедрасының меңгерушісінің м.а.


Даменова Айгүл Қасенқызы 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетті бітіріп, география-экология оқытушысы біліктілігін иеленді.

Даменова Айгүлдің педагогикалық қызметі 2001 жылы М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экология және биология» кафедрасынан басталды. 2004-2008 жылдары тарих-география факультетінде тәрбие ісі және оқу-әдістемелік жұмыстары жөнінде декан орынбасары қызметін атқарды.

2006 жылы 13.00.01-жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Жоғарғы сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім беру» зерттеу тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Даменова А.К. ғылыми-теориялық білім деңгейін жетілдіру жолында үнемі ізденісте, бүгінгі күнге дейін 20-дан астам ғылыми мақалалар, 2 оқу-әдістемелік құралы жарияланды.

Даменова А.К. қаланың географ-мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Байланыс телефоны: 87473131276

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Түлектер

Асқарұлы Данияр

Суюнбеков Мират

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support