РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

2019 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘУІРІНДЕ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТЕТІН «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ



«Тарих және әлеуметтік педагогика» факультеті

Тарихы

Университеттің құрамындағы «Тарих-география» факультеті 2004 жылдың 1 қыркүйегінде «Педагогика» факультетінен бөлініп шығып, жеке факультет ретінде құрылды. Ал, 2015 жылдың 10-шы тамызында ҚР Еңбек кодексінің 48 бабына сәйкес өндірістік қажеттілікке байланысты университетті басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында университеттің №75 бұйрығымен «Тарих-география» факультеті «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультеті болып өзгертіліп, қайта құрылды. Факультеттің декан қызметін 2004-2011 жылдар аралығында т.ғ.к., доцент Б.О.Мырзабеков, 2011-2012 жылдары  т.ғ.к., доцент Р.Е.Байлыбеков, 2012 жылы т.ғ.к., доцент Е.Қ.Серікбаев атқарды.

2013-2014 оқу жылынан бастап факультетті т.ғ.к., доцент Тоқбергенова Зағира Сүндетқызы басқарады.

Бүгінгі таңда факультет құрамында 5 кафедра «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық», «Философия және толеранттылық», «Арнайы педагогика» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедралары жұмыс жасайды.

Факультет жанында зманауи, интерактивті жабдықталған дәрісханалар жұмыс жасайды: Ұлы Отан соғысының ардагері, т.ғ.к., профессор Ш.Ә.Әділов атындағы «Білім берудегі Кембридждік әдіс-тәсілдерді меңгеру зертханасы»; ҚР гуманитарлық академиясының корреспондент мүшесі, т.ғ.к., профессор Ж.Қ.Боданов атындағы дәрісхана; Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы мұражай-дәрісхана; ҚР  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері, тарих ғылымдарының  кандидаты Р.Е. Байлыбеков  атындағы  дәрісхана.

Оқу үрдісінде 3 орталық жұмылдырылған, олар: Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы, Өзін-өзі тану орталығы, Балалардың сөйлеу тілін түзету мен дамытуға қолдау көрсету орталығы.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Дефектология» мамандығы бойынша дайындықтың практикалық бөлімі мектепке дейінгі мекемеде өтетін дуалды оқыту жүйелі түрде жүргізілуде.

«Тарих» мамандығы бойынша үштілді кадрлардың дайындығы жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультет студенттері шетел және ҚР ЖОО білім алмасуда. Соңғы жылдары бұл бағдарлама бакалавриаттың 75 студентін қамтыды; бакалавриат студенттерінің ішкі шығыс ұтқырлығы - 34 студент, бакалавриат студенттерінің ішкі кіріс ұтқырлығы – 30 студент, бакалавриат студенттерінің сыртқы ұтқырлығы 11 студент. Биылғы (2018-2019) оқу жылында  ішкі шығыс ұтқырлық бойынша – 7 студент, ішкі кіріс ұтқырлығы – 7 студент, сыртқы ұтқырлық – 3студент болып отыр.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің алғашқы беделді, алдыңғы қатарлы профессор-оқытушылары өрімдей жас кездерінен-ақ осы университеттің бүгінгі таңдағы келбетін қалыптасыру жолында еңбек етті. Қоғамның рухани дамуына, еліміздің индустриалды-инновациялық даму міндеттері мен білім беру саласындағы үздік әлем практикаларына сәйкес келетін жоғары білікті педагогикалық мамандарды дайындау арқылы бәсекеге қабілетті адами капиталын дамытуға, өмір бойы оқыту жүйесінің қызметін қамтамасыз етуге, ЖОО-да зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға сүбелі үлес қосты. Олар қандай мәселе болмасын тыңғылықты, принципиалды жағынан шешуге тырысатын білікті, жоғары дәрежедегі мамандар болды.

Факультет – өзіндік жұмыс жүйесі және жоғары ғылыми потенциалы қалыптасқан мамандармен қамтамасыз етілген. Профессор-оқытушылар құрамында – ғылым докторы, профессор, ғылым кандидаттары, доценттер, PhD докторлар және ғылым магистрлері бар. Профессор-оқытушы құрамы 66. Факультетте ғылыми дәрежесі мен атағы бар 29 штаттық оқытушы, оның ішінде 1 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаттары, доценттер, 3-PhD доктор. Оқытушылар ұжымы біздің факультетті тәмәмдаған жас мамандармен толықтырылуда.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы 2014 жылы  ашылып, жұмыс атқаруда. Соңғы жылдары осыған байланысты факультеттің профессор-оқытушылар құрамының  ғылыми ізденістері үлкен нәтижелер көрсетіп, 9 монография жарық көрді.

Тәрбие жұмысы бойынша факультеттің басым міндеттерінің бірі «Рухани жаңғыру» аясында жоғары азаматтық және адамгершілік принциптері, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілік сезімдері бар жастарды тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған жалпы адамзаттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру, мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, жастарды қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға және жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жақсылық жасап жарысайық», «Балаларға жылу сыйла», «Жүректен жүрекке» атты  қайырылымдылық  акциясы дәстүрлі түрде өтіп отырады.

Факультет миссиясы – әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, қазіргі нарық пен халықаралық стандарттар талабына сай келетін бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау.

Жоғары білім бакалавриаттың 4 мамандығы бойынша педагогикалық кадрларды дайындау жүзеге асырылуда:

-  5В011400 – «Тарих»;

-  5В011500 — «Құқық және экономика негіздері»;

-  5В010500 – «Дефектология»;

-  5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану».

Жоғары оқу орнынан кейінгі қызмет көрсету үшін магистратураның 2 мамандығы ашылды:

6М011400 - «Тарих» (оқу мерзімі - 1, 1,5 және 2 жыл);

6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (оқу ұзақтығы - 1, 1,5 және 2 жыл).

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 62, №1 оқу ғимараты.

Деканат телефоны: +7 (7262) 45-41-73

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе