РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Мәдени-тынығу жұмысы және Хореография» кафедрасы

Серібаева Ғайша Алдабергенқызы,

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасының кафедра меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының магистрі


«Хореография» мамандығы 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» кафедрасы базасында ашылды. Бұл мамандық 2004 жылы Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында жалғасын тапты. 2008 жылы  «Хореография»  кафедрасы жеке  ашылып, 5В040900 «Хореография»  мамандығы бойынша мамандар дайындала бастады. Кафедра  меңгеруші қызметін Ж.М.Құрымбаева атқарды.

«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы 2010 жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы жанынан ашылды. 2011 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасы атауына ауыстырылды.

«Мәдени тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы 2012 жылы факультеттегі  5В040900- «Хореография» және 5В09600 «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы сияқты екі шығармашылық мамандықтардың бірігуімен құрылды.  Кафедраны тәжірибелі, білікті маман, педагогика ғылымдарының магистрі, Ғ.А.Серікбаева басқарып келеді.

Кафедра жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтылған. Оның құрамында Қ.Р. Білім беру ісінің үздігі, «С.I.D.» ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің  мүшесі, доцент О.Н.Привалова, доценттер  Ж.М.Құрымбаева, Х.Е.Караматуллаева, ҚР мәдениет қайраткері,  доцент  Е.Т.Бимурзаев, ҚР Білім беру ісінің үздігі У.У.Қарамурзаева, ф.ғ.к., доцент А.Ж.Кәрібекова, магистрлер: аға оқытушылар М.К.Рүстембеков, Г.А.Серикбаева, П.С.Алиева, Е.А.Фролова, оқытушылар А.Есхожаева, А.О.Бердишева, А.Ж.Бекназарова, М.В.Привалова, концертмейстер Л.Г.Киршнер жұмыс істейді.

Кафердра      миссиясы -  жаңа тұрпатты, бәсекеге қабілетті, аймақта, жалпы әлем еңбек  нарығында  сұранысқа ие жоғары  білікті мамандарды дайындау, қазіргі заманғы талапқа сай кәсіби мамандарды даярлау мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жетілдіру.

«Хореография» мамандығының түлектері қазіргі кезде шығармашылық ұжымдардың жетекшісі, хореографиялық ансамблінің бишісі болып қызмет етуде. Педагогикалық қызметтері  колледждер, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, хореографиялық ансамбльдерде, қосымша білім беру мекемелерінде  және мектептерде жалғасуда.  Барлық түлектердің  өз мамандығымен  жұмыс жасап жатқандығы,  хореограф мамандығының облыс көлемінде ғана емес, республика көлеміндегі еңбек нарығы сұраныстарына ие екендігін көрсетеді.

«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығын бітіруші түлектер Мәдениет үйлерінде, жалпы білім беретін мектептерде сыныптық және сыныптан тыс іс шаралардың ұйымдастырушысы болып және облыстық филармония мен облыстық драма театрында актерлық қызмет етіп жүр. Қараша айының 2016 оқу жылында «Шамшырақ» студенттік оқу театры ашылды. «Шамшырақ» студенттік оқу театрының негізгі мақсаты – сахна өнерінің қыр-сырын меңгерген, эстетикалық талғамы жоғары, рухани жетілген, Тәуелсіз еліміздің ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеу болып табылады.

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасында 1-4 курс білімгерлер тобынан  құралған  студенттік хореографиялық «Томирис» би ансамблі жұмыс жасайды. Ансамбль - қалалық, облыстық, республикалық,  халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін дипломанттары мен лауреаттары.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе