Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



«Дене шынықтыру» кафедрасы

МИССИЯСЫ

Кафедраның стратегиясы: «Дене шынықтыру» кафедрасының стратегиясы, оның атқаратын рөлі мамандарды дайындауға және келесі кәсіби біліктіліктерін, сапасын жоғарлатуға негізделген:

-  қоғамда жоғары деңгейде қызмет атқаратын білікті, жауапты, еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие  мамандарды дайындау.

-  дене шынықтыру және спортты зерттеу мәселелері бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу.  

Кафедраның негізгі миссиясы:

-  Оқу үрдісіне ақпараттық және заманауи технологияларды енгізу;

-  Кредиттік жүйе мен сынақты енгізуіне негізделген оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильді механизмдерін жетілдіру;

-  Ғылыми зерттеулердің сапасын және оқу үрдісімен тығыз интеграциялық байланысын арттыру;

-  Оқу-әдістемелік қамтуды және оқытылатын пәндер мен ұйымдастыру шараларының мазмұнын жетілдіру;

-  Қазақ және орыс тілдерінде мамандық бойынша әдебиеттер көлемін көбейту;

Дене тәрбиесімен шұғылдану және спортқа баулу арқылы оқытушылар мен білімгерлердің денсаулығын нығайту.

БАСШЫЛЫҚ

Кафедра меңгерушісі: БЕКНАЗАРОВ ЖАМБЫЛ ОРЫНБАЙҰЛЫ

Телефон: +7 702 920 60 50

«Дене шынықтыру» кафедрасы Жамбыл педагогикалық институтының қабырғасында 1967 жылы құрылды, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.Апсембетов болды.

1976 – 1986 жж. – кафедраны басқарған доцент Лактионов А.Т.

1986 – 1998 жж. – аға оқытушы Абдукаримов С. А.

1998 – 2006 жж. – аға оқытушы Ашимов Ж.А.

1.04.2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 2006 жыл аралығында кафедра ТарМПИ  «Педагогикалық факультетінің» құрамында болып,  ал 2006-2007 оқу жылында «Шығармашылық мамандықтар» факультетнің құрамына енді. 2015-2016 оқу жылынан факультеттің аталуы өзгертіліп, «Өнер және мәдениет» факультетінің құрамына кіреді. Кафедра меңгерушісі аға оқытушы Бекназаров Ж.О.

«Дене шынықтыру» кафедрасының негізгі қызметі білімгерлердің жалпы бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға баулу мен сауықтыру болып табылады. Кафедрада 0107 FKA «Дене шынықтыру» пәні бойынша барлық факультеттер мен мамандықтардың 1-3-ші курс білімгерлері оқиды.

Кафедра оқытушылары спорттың он жеті түрінен спорттық жетілдіру курсын жүргізеді:  волейбол (ерлер), волейбол (қыздар), баскетбол (ерлер мен қыздар), кіші-футбол (ерлер), тоғыз кұмалақ, қазақша күрес, үстел теннисі (ерлер мен қыздар), атлетикалық гимнастика, шахматтан, кик-боксингтен, грек-рим күресі, еркін күрес. Спорттық секцияға қатысатын білімгерлер институттың, қаланың, облыстың, Республиканың спорттық және жалпы бұқаралық спорттық өміріне белсене қатысып,  жеңімпаз және жүлдегер атануда.

Әр жылда 1-курс аралық «Жас дарын» атты спортакиадада алты спорттың түрінен, 1-4 курстың факультет аралық спартакиадасында 10 спорттың түрінен, ТарМПИ ПОҚ және қызметкерлер арасында 10 спорттың түрінен жарыстар өткізіледі.

Қазіргі таңда кафедрада ҚРСО спорт шебері  (Пушкарь И.Н. – бокс), ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы –  Альшанов С., Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Таңатаров А., волейболдан 1-санатты төреші Ли В.М. қызмет етеді.

Кафедра оқытушылары қалалық облыстық көлемде өткізілетін жарыстар мен спартакиадаларға белсене атсалысып, түрлі спорт түрінен жарыстарда төреші және бас төреші қызметін атқаруда.

Жетістіктер мен марапаттар:

Дене тәрбиесі іліміне қатысты 26 мақалалар мен 8 әдістемелік нұсқаулары 1 кітап  жарияладым. 2007-2011,2017 жылдары дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында білімімді жетілдірдім. 2012 жылы ТарМПИ-ның  45 жылдығына орай «Ұлағатты ұстаз» белгісімен, 2014 жылы ұлттық ғылыми-практикалық  дене тәрбиесі орталығының төсбелгісімен, 2016 жылы  ТарМПИ-ның  50 жылдығына орай мерекелік төс белгімен, 2017 жылы  Тараз қаласы әкімінің  Құрмет грамотасымен  марапатталдым.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінен және басқада бірнеше алғыс хаттармен марапатталдым.

2014-2015 оқу жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай, жас ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы еңбек етіп, институттың дамуына үлкен үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым. 2014 жылы «Psychologisce Aspekte von dualer Ausbildung in Deutschland» сертификатын алдым. 2015 жылы Жамбыл облысының  әуесқой футбол лигасының үздік шабуылшысы атағына ие болдым. Контингент қалыптастыруға байланысты 2015-2016,2017 жылдары алғыс хатпен институт тарапынан марапатталдым.

Жазғы универсиадада жүлделі орын алған үшін 2009-2011,2013,2015,2017,2019 жылдарда алғыс хатпен марапатталдым.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Бекназаров Жамбыл Орымбайулы

Кафедра меңгерушісі

Ли Виктор Моисеевич

Аға оқытушы

Пушкарь Игорь Николаевич

Аға оқытушы

Тохтыев Аршедин Шайдинович

Аға оқытушы

Абдикулов Мадихан Жаксылыкович

Аға оқытушы

Сулейменов Олжас Абирлиевич

Аға оқытушы

Жайханов Жансултан Ильясханович

Оқытушы

Көшкінбаев Жалғас Сейтбекұлы

Оқытушы

Мазболдиев Аскарбек Чарипжанович

Оқытушы

Науатов Серикхан Кадирханович

Оқытушы

Түстикбаев Нурбол Ашимкулович

Оқытушы

Джоланов Азамат Нурланович

Оқытушы

Сенгірбай Арман Талғатұлы

Оқытушы

Есмахай Ербол Сейпұллаұлы

Оқытушы

Абдулов Тофик Валиевич

Аға лаборант

Қожамкулов Райымбек

Оқу шебері

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе