«Sanaly urpaq»

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Ресей Федерацияның Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті және Түркияның Карабюк университетімен бірлесе 2020 жылдың 27-28 ақпанында «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді



Мектеп туралы ақпарат

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани бол­мысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлық­таған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениет­тің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесі­мен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқы­лы ғана басқаға танылады»

Нұрсұлтан Назарбаев

Өнер және спорт жоғары мектебі – жастарға білім берумен қатар, белгілі дәрежеде спортшыларды, суретшілерді, педагог-музыканттарды, хореографтарды және құзырлы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда елдік мүдде мен мақсаттарды  жүзеге асырушы, қазіргі заман талабына сай жаңа тұрпатты педагогтар дайындайтын, жоғары деңгейдегі сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ірі құрылымдық бөлімдердің бірі.

Жоғары мектептің негізі  1967 жылы құрылған «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы, «Спорт  ойындары»  кафедрасы  1985 жылы «Шет тілі»  факультетінің құрамында болған. 1987  жылы  бұл  кафедра  педагогика  факультетінің  құрамына  енген. Ал 1988  жылы  педагогика  факультетінен  бөлініп, «Дене  шынықтыру және спорт»  факультеті  болды. Факультет  деканы болып п.ғ.к., доцент  И.Х.Кобер тағайындалды. 1992-1996  жылдары  факультетті  ҚР еңбегі  сіңген  жаттықтырушы,  п.ғ.к., доцент  Т.Б.Абаев  басқарды.

Алғаш рет 1979 жылы «Сызу, бейнелеу өнері және еңбек» мамандығы талапкер жастарға есігін айқара ашты. Бастапқы кезде бұл  мамандыққа баулу физика-математика факультетінің құрамында атқарылып, оқытушылар құрамы қалыптасты.  «Көркем-сурет графика» факультеті болып 1982 жылы жеке болып құрылды. Оның алғашқы деканы болып п.ғ.к., доцент О.С.Сәлімбаев сайланды. Осы факультеттің деканы қызметін әр жылдары т.ғ.к., доцент А.Г.Рогулькин, б.ғ.к., доцент А.Е.Дәнебеков, п.ғ.к., доцент М.Б.Джанаев, п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов, п.ғ.к., доцент Д.С.Сыдығалиев атқарды. Факультетте А.О.Қамақов, Б.Құсаинов, А.А.Сихаев, Х.Михайлиди, А.Әшімбаев, М.Д.Рахымжанов секілді белгілі суретшілер қызмет атқарды.

1996 оқу жылында жоғары оқу орындарын оңтайландырып біріктіру мақсатында Жамбыл мемлекеттік  университеті болып өзгеруіне байланысты «Дене  шынықтыру  және  спорт»  факультеті «Дене  тәрбиесі ілімі  мен  әдістемесі» кафедрасы болып  (кафедра  меңгерушісі П.С.Жекенов) және «Көркем-сурет графика» факультеті құрамындағы 3 кафедрасы біріктіріліп, бір ғана «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы болып (кафедра меңгерушісі М.Абдирасилов) педагогика факультеті құрамына бекітілді. Осы тұста  факультетті п.ғ.д., профессор Қ.Ж.Қарақұлов, п.ғ.д.,профессор О.С.Сәлімбаев, ф-.м.ғ.к., доцент Б.М.Мүсілімов, п.ғ.д., профессор Т.К.Кенжебаевтар басқарды.

2006 жылдың тамыз айында педагогика факультетінің құрамынан бөлініп, өз алдына «Шығармашылық мамандықтар», 2015 жылдан «Өнер және мәдениет»  факультеті болып құрылды. Осы жылдары факультетті п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов, т.ғ.к., доцент А.Е.Жаскиленова, ф.ғ.к., доцент Р.Е.Джуншеев, ф-м.ғ.к., доцент Л.Р.Сейітбекова, ж.ж. ҚР мәдениет қайраткері Е.Х.Рысметов,п.ғ.к., доцент Л.Н.Ибраимова сияқты педагог-ұстаздар басқарды.

2019 жылыдың қыркүйек айынан «Өнер және спорт» жоғары мектебі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда жоғары мектепті педагогика ғылымдарының магистрі Нурпеисов Мухаметжан Кенжетайұлы басқарады.

Жоғары мектеп құрамына 5 кафедра кіреді:

«Дене шынықтыру» кафедрасы

«Спорт менеджменті» кафедрасы

«Көркем графика және дизайн» кафедрасы

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы

«Музыка және хореография» кафедрасы

Қазіргі таңда «Өнер және спорт» жоғары мектебінде 7 білім беру бағдарламалары тобы бойынша кәсіби мамандар даярланады:

В004 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

В006 – Музыка мұғалімдерін даярлау

В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

В028 – Хореография

В031– Сән, дизайн интерьері және кәсіптік дизайн

В092 – Тынығу

Жоғары мектептің басты миссиясы – кәсіби-педагогикалық білім беру сатыларының сабақтастығы мен үзіліссіздігі принциптерін іске асыру мақсатында жоғары мектеп бір бейімді білім беру мекемелерін (мектепке дейінгі, мектептер, ЖОО, педагог-кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелері) біріктіретін кешендерді жинастыруды мақсат тұтады.

Жоғары мектеп өзінің даму тарихында мамандар даярлауда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Факультет оқытушылары қалалық, облыстық, респубилкалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық іс- шараларға белсене қатысып отырады.  ҚР СО мүшесі М.Д.Рахимжанов Мәскеу, Астана, Алматы, Ташкент және Тараз қалаларында өзінің жеке көрмесін өткізді. Оның туындылары Қазақстан және шетел мұражайларынан орын алған. Автордың «Кешке қарай» картинасы Нью-Йоркте өткен БҰҰ жанындағы Қазақстан елшілігінің көрмесінде көрсетілді.

Жоғары мектептің ғылыми-педагогикалық кадрлармен, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Профессор- оқытушылар құрамында – ғылым докторы, профессор, доценттер, ғылым кандидаттары, ҚР Халық  әртісі, ҚР  Өнер қайраткерлері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері,  ҚР Суретшілер Одағының мүшелері,  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шеберлері  бар. Атап айтсақ, т.ғ.д. И.О.Мөлдеков,  п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов,  т.ғ.к., доцент  А.Е.Жаскиленова, т.ғ.к., доцент  К.А.Аширбаева,  т.ғ.к., доцент  А.И.Аширбаев, фил.ғ.к., доцент А.Карибекова,т.ғ.к., доцент  С.З.Қазақбаев, м.ғ.к., профессор Б.К.Абдраков,  ҚР халық әртісі М.Р.Рақымжанова, ҚР Мәдениет қайраткерлері А.Ш.Молдыбаев, Е.Х.Рысметов,  ҚР білім беру ісі үздігі С.Б.Бейсеуов, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері М.Д.Рахимжанов, М.У.Паншаев,  ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ә.Әлімбетова,  «С.I.D.» ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің  мүшесі, доцент О.Н.Привалова, запастағы полковник В.А.Тотмин,  ұлттық дәрежедегі төрешілер  Ф.Э.Ким, А.Н.Шевченко, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Т.Р.Мамашаев, ҚР спорт шебері Н.А.Шевченко және тағы да басқа білікті мамандар қызмет етеді.

Жоғары мектептің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а (блок Г), № 8 оқу ғимараты.

Деканат телефоны: +7 (7262)-51-00-66

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе