Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

КАФЕДРА «РУССКАЯ ФИЛОЛОГИЯ» ОБЪЯВЛЯЕТ О ПРОВЕДЕНИИ КОНКУРСА ЭССЕ СРЕДИ СТУДЕНТОВ І КУРСА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ ГУМАНИТАРНЫХ НАУК К 175- ЛЕТИЮ СО ДНЯ РОЖДЕНИЯ ВЕЛИКОГО АБАЯ.



Department "World languages»

МИССИЯСЫ

Шет тілдерін меңгеру нарығында жаңа тұрпатты және бәсекеге қабілетті маман дайындайтын «Әлем тілдері» кафедрасы стратегиялық дамуда инновациялық білімге және зерттеу жұмыстарына басымдылық береді.

Кафедраның стратегиялық мақсаттары:

- ғылыми-зерттеу жұмыстары және білім сапасын арттыру;

- қолданыстағы ресурстардың тиімділігін арттыру;

- оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру;

- оқу процесін стандартизациялау және топтастыру;

- ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім сапасын арттыруда материалдық базаны үнемі модернизациялау;

- жаңа ақпараттық технологияларды ендіре отырып, қолданысқа енгізу;

- оқу жүктемесін оптимизациялау;

- магистратураға дайындық бойынша оқу бағдарламалары мен сұранысқа ие пәндерді таңдау және ендіру;

- білім қызметі аумағын кеңейту;

- ғылыми-зерттеу жұмыстары санын арттыру, білім саласы субъектілеріне жеке және білім істері бойынша кеңес беру; маман ретінде қалыптасуда жеке және кәсіби тұрғыдан даму жолында тренингтер ұйымдастыру.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында төмендегі міндеттерді орындау қажет:

-  білім сапасын арттыру;

-  ғылыми-инновациялық ортаны дамыту; жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;

-  білім берудің кредиттік технологиясын дамыту және оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

-  кафедра оқытушыларының практикалық және ғылыми біліктілігін арттыру.

БАСҚАРМА:

«Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, PhD

Кудабаева Перизат Асанбаевна

Телефон: 8 (771) -300-01-78

E-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА:

Жамбыл педагогикалық  институтының Филология факультетіне «Ағылшын тілі» кафедрасы 1967 жылы «Ағылшын тілі» және «Неміс тілі» кафедрасының біріктірілуі негізінде қосылды. 2008 жылдың 1 қырқүйегінде  «Герман тілдері және герман тілдерін оқыту әдістемесі» кафедрасы құрылды. ТарМПУ Ғылыми Кеңесінің 28.08.2012 ж. №1 хаттама шешімімен кафедра атауы «Шетел тілдері» болып өзгертілді. Кафедра 6B01803 «Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау» мамандарын дайындайды. ТарМПУ Ғылыми Кеңесінің 02.09.2019 ж. №1 хаттама шешімімен кафедра атауы «Әлем тілдері» болып өзгертілді.

Кафедраның оқу үрдісі «Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау» мамандығының бакалавр, «Шетел тілдері педагогтерін даярлау» мамандығының магистатура бөлімінде жүзеге асырылады.

КАФЕДРА ШТАТЫ: қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 33 адамнан, оның ішінде 2 ғылым кандидаты, 2 РhD,  13 магистрден тұрады.

ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТЫ:

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, «Әлем тілдері» кафедрасында  2019-2020 оқу жылында төмендегідей білімгерлер мен магистранттар саны білім алуда:

Бакалавриат:  630

Магистратура: 37

КАФЕДРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ: «Әлем тілдері»  кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысының алға қойған басты мақсаты – қазіргі шетел тілін үйренудегі өзекті мәселелерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, шетел тілін жаңа инновациялық талаптарына сай теориялық, практикалық, әдістемелік негіздерде тұжырымдау және оның нәтижелерін оқу процесінде дұрыс пайдалану болып табылады.

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАР, ЗЕРТХАНАЛАР, БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕЛЕРІ:

«Әлем тілдері»  кафедрасына Impact коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу-өндірістік шеберханасы (3-310), Discovery әдеби-шығармашылық зертханасы (3-308) бекітілген. Онда маман дайындау ісінде, өздігінен ғылыми жұмыспен айналысуға ынталанатын, ғылыми-әдістемелік еңбектерге терең талдау жасауға машықтанған, заманауи бәсекеге қабілетті келешек мамандар дайындайды.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ:

Мамандық даярлайтын кафедра ретінде академиялық ұтқырлықтың әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына жауап беретіндей негізгі бағыттарын анықтауды  қарастыра отырып, төменде көрсетілген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасалған:

Шетелдік ЖОО:

1. Карабюк (Германия) университеті, мерзімі: қараша, 2017- қараша, 2022.

2. Мәскеу қалалық педагогикалық университеті

3. Щадринск мемлекеттік педагогикалық университеті

4. Кастамону университеті. Кастамону қаласы, Түркия

5. Швебиш Гмюнд педагогикалық институты, Швебиш-Гмюнд қаласы

6. Томас Бата университеті, Чехия.

Ынтымақтастық негізінде  ғылыми байланыс жасалып отырады. Халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында әрі академиялық ұтқырлық бағдарламысы аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.

2018 жылы Үштілдік білім беруді дамыту орталығының бастығы  Дэвид Ливингстоун  Шетел тілдері кафедрасының студенттерімен біріге отырып, қазан-желтоқсан айларында  «English discussion club» деп аталатын студенттер клубын жүргізді.

2018 жылдың қараша айында Ньюкасл Университетінен келген профессор Рене Коглбауэр Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арналған, шетел тілін оқытудың тәсілдері мен әдістері жайлы семинар өткізді.

ТӘРБИЕ (ОҚУДАН ТЫС) ЖҰМЫСЫ:

Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті бойынша 2018 жылдың қараша айында өткен  «Жас талап-2018» атты студенттердің ғылыми апталығында ғылыми жобалар жарысына кафедра оқытушылары мен білімгерлері белсенді қатысып, ШТ-17/1 тобының студенті Самбет Ш. (ғылыми жетекші Тойшыбекова Г.А.) 4- жүлделі орынды иеленді.

Мамандық студенттері жылда өтетін республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар иеленді:

2018 жылы ақпан айында Алматы қаласы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де өткізілген Республикалық олимпиаға ШТ-14/1 тобының студенті Шайық Гаухар (ғылыми жетекші Райымбекова Д.Л.) түрік тілінен, ШТ-14/2 тобының студенті Махадиева Айғаным (ғылыми жетекші Ким О.В.) неміс тілінен қатысып, 3-орындарды иеленді. 2019 жылы ақпан айында Алматы қаласы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де өткізілген Республикалық олимпиадаға ШТ-15/3 тобының студенті Жапарова Айжан (ғылыми жетекші Райымбекова Д.Л.) түрік тілінен 3-орынды иеленді.

«ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ»

Ким Ольга Васильевна

“Әлем тілдері” кафедрасының п.ғ.к., доцент

Молчанова Роза Ричардовна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Абильдаева Нұрсулу Сейдильдаевна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Нурманалиева Ляйла Шаймерденовна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Ким Римма Михайловна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Алимханова Гульнур Абдикасымовна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Атам Рувейда Ибрахимовна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Райымбекова Динара Лесбековна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Саменбекова Шолпан Бердыбековна

“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы

Садыкбекова Бекзада Айтбаевна

«Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

Ли Ольга Евгеньевна

“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы

Тойшыбекова Гүлназ Асхатқызы

“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы

Есалиева Сауле Копжасаровна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Аширмухамедов Абдрахман Таласович

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Ержанова Айнур Жанғалиевна

“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы

Дербісәлиев Ердәулет Мұхтарұлы

“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы

Ахметова Мавлюда Кочкаровна

«Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

Бердимуратова Зульфия Абдуллақызы

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

Букутова Асемгуль Сексенбаевна

“Әлем тілдері” кафедрасының аға оқытушысы

Жунисалиева Гулсим Бектурсиновна

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

Балтабай Алдияр Қайсарұлы

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

Сабырова Дана Полатбековна

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

Парманова Айжан Бахтиярқызы

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

Жанғазы Алтынгүл

«Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы

«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ»

6В01803 – Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасының типі: бакалавриат

Оқу түрі: күндізгі, қашықтықтан және сырттай оқу түрі

Талапкердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: орта (толық) жалпы білім, жоғары кәсіптік білім

Оқуға түсу сынақтарының тізімі:

Шет тілі: екі шет тілі мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеуде Оқу сауаттылығы, Математика сауаттылығы, Ағылшын тілі, Қазақстан Тарихы, Дүние жүзі тарихы тест тапсыруы міндетті.

Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі жалпы орта білім негізінде), 2 жыл (жоғары білім негізінде екінші жоғары)

Түлектің біліктілік сипаттамасы: Шетел тілдері бакалавры төмендегі бағыттар бойынша кәсіптік қызметін жүзеге асыра алады: орта және кәсіптік білім беру ұйымдары, мемлекеттік білім беру органдарында (Білім министрлігі, білім бөлімдері мен департаменттері, әкімдіктер, білім беру ұйымымен байланысты жекеменшік білім беру орталықтары, кеңес беру және басқару компаниялары) қызмет ете алады

Шетел тілдері бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары білім беру қызметін ұйымдастыру, жүргізу, мониторинг жасау және бақылаумен байланысты мемлекеттік басқару органдары:

- орта білім беру ұйымдары;

- кәсіптік білім беру ұйымдары;

- білім беру бөлімдері мен басқармалары;

- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары болып табылады.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar