РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДІ «ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» АТТЫ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ



«Практикалық шетел тілдері» кафедрасы

КАФЕДРА ТАРИХЫ

«Практикалық шетел тiлдері» кафедрасы 2004 жылдың сәуiр айында «Техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы негізінде құрылды, қазіргі таңда «Практикалық шетел тілдері» кафедрасы деп аталады.

2004-2005 оқу жылы аталған кафедраны аға оқытушы  М.Х.Балмағамбетова, 2005-2007 жылдары аға оқытушы Г.А.Ахметова,  2007-2011 жылдары ф.ғ.к., доцент Р.К. Атаханова, 2011-2012 оқу жылы  аға оқытушы С.Ж. Бурбекова, 2012-2013 оқу жылы  ф.ғ.к., доцент Э.М.Мұнатаева, 2013-2016 жылдары магистр, аға оқытушы Г.Е.Алиханова басқарды.

Ал 2016-2017 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент Нұрманалиева Ұлтай Тлегенқызы атқаруда.

«Практикалық шетел тiлдері» кафедрасы тілдік емес барлық мамандықтардың студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінен дәріс беретін қызмет көрсетуші кафедра болып есептеледі.

Бүгінгі таңда үш тілді қатар қолданатын білімді де білікті ел болу  қажеттігі туындап отырған жағдайда, кафедраның ПОҚ білім берудің заманауи инновациялық технологияларын  күнделікті оқу үрдісінде кеңінен қолдануда, атап айтқанда, Веб технологияларды, онлайн жүйелерін, электрондық оқулықтарды, ойын түрлерін қолдану арқылы  интерактивті тапсырмалар беріп, шетел тілін терең меңгертуде қызықты дәрістер өткізу жақсы жолға қойылған.

КАФЕДРА МИССИЯСЫ

Әлемдегі үш тілді қатар қолданатын білімді де білікті ел болу  қажеттігі туындап отырған жағдайда, шет тілінің әлеуметтік-коммуникативтік функциясын  дамыту,  ағылшын және неміс тілдерінің мәдени функциясын насихаттау, сонымен қатар жан-жақты жоғары білімді, шығармашыл, қабілетті, көптілді, жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыруға атсалысу кафедра  ұжымының    ең маңызды миссияларының бірі болып табылады.

Кафедраның стратегиялық мақсаттары:

  • жаңа тұрпатты педагогтар даярлауды  қамтамасыз ете отырып, шетел тілдерін  міндетті  дәрежеде менгерту;
  • шет елдік ғылыми ұйымдармен, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас жасау;
  • тиімді білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін білімгерлерді жаңа, бүгінгі күн талабына сай оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету болып табылады.

Кафедра оқытушылары алдағы уақытта білім беруде инновациялық және қашықтан оқыту технологияларын пайдалануды жүзеге асыру үшін, ағылшын және неміс тілдерінен электронды оқулықтар дайындау, ағылшын және неміс тілдері пәндері бойынша контент құрастыру, медиатека жасауды қолға алуда. Сонымен қатар, білім беруді жетілдіруде онлайн жүйелерін, Facebook, Google Chrome желілерін белсене пайдаланып, gmail.com, voxopop, voicethread, dropbox т.б. сайттары арқылы білімгерлерге интерактивті тапсырмалар беріп, терең әрі жан-жақты білім беру белсендірілуде.

Кафедра кұрамы

Кафедра құрамында 11 оқытушы, оның ішінде:

- 2 ғылым кандидаты

- 7 аға оқытушы

- 2 оқытушы қызмет атқарады.

«Практикалық шетел тiлдері» кафедрасы тілдік емес барлық мамандықтардың

студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінен дәріс беретін қызмет көрсетуші кафедра болып есептеледі.

Бүгінгі таңда үш тілді қатар қолданатын білімді де білікті ел болу  қажеттігі туындап отырған жағдайда, кафедраның ПОҚ білім берудің заманауи инновациялық технологияларын  күнделікті оқу үрдісінде кеңінен қолдануда, атап айтқанда, Веб технологияларды, онлайн жүйелерін, электрондық оқулықтарды қолдану арқылы  интерактивті дәрістер өткізу жақсы жолға қойылған.

Халықаралық ұйымдармен байланыс орнату

Шет тiлiн оқытуда озық тәжірибиелермен алмасу, кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатында Ұлыбританияның Newcastle University,  Sheffield University және Оңтүстік Кореяның Daejeon University, Германияның Гете институты DAAD-пен тығыз байланыс орнатылған және де кафедра оқытушылары арнайы курстардан өтуде.

Мунатаева Эльмира Мұратқызы

Ф.ғ.к., доцент, 7 оқу-әдістемелік құралдардың, 25-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Байбосынова Аида Сатыбалдықы

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, 5 оқу-әдістемелік құралдардың, 15-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Сембекова Үміт Досайқызы

Кафедраның аға оқытушысы, 6 оқу-әдістемелік құралдардың, 16-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Уревская Татьяна Григорьевна

Кафедраның аға оқытушысы, 7 оқу-әдістемелік құралдардың, 15-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Тағашбаева Лиза Әбдіхасылқызы

Кафедраның аға оқытушысы, 10 оқу-әдістемелік құралдардың, 25-тен астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Туленбаева Зина Жолдыбайқызы

Кафедраның аға оқытушысы, 5 оқу-әдістемелік құралдардың, 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Тулебаева Сандуғаш Кенжебаевна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, 3 оқу-әдістемелік құралдардың, 11 ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Сейтказиева Салтанат Есенгелдіқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, 6 оқу-әдістемелік құралдарының, 18 ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Отарова Тоғжан Нышанбайқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, 3 ғылыми мақаланың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Қалиева Роза Жолдасқызы

Кафедраның аға оқытушысы, 4 оқу-әдістемелік құралдарының, 10 ғылыми мақалаларының авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

НҰРМАНАЛИЕВА ҰЛТАЙ ТІЛЕГЕНҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы 1984 жылы  қазіргі Бішкек қ. (бұрынғы Фрунзе қ) «СССР-дің 50 жылдығы» атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің  «Француз тілі және әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

1999-2004жж. Алматы қ. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде 13.00.02 «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» бойынша кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты  дәрежесін алған.

1985-1993жж. орта мектептерде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1994-2000жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2000-2010жж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік бөлімі бастығының орынбасары, ал 2005-2010 жж. «Педагогика», «Жаратылыстану», «Ақпарат және менеджмент» факультеттерінің деканы қызметтерін атқарған.

2010-2013жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2013-2015жж. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы қызметін атқарған.

2016 жылдан бастап Тараз  мемлекеттік педагогикалық университетінде «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы 2 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралы, 1 электрондық оқулықтың және 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе