РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



«Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - п.ғ.д., профессор

Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Қазақ филологиясы және ЛГОӘ» кафедрасының   професссоры п.ғ.д., кафедра меңгерушісі. 2012 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты»; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   мақтау грамотасымен марапатталған(2013ж.), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығының құрметіне естелік медалінің(2016), «Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің» және ҚР 25 жылдық мерей тойына арналған Мемлекеттік медальдің (2017), «Институтқа 50 жыл» төс белгісінің (2017ж),  біліктілік сертификаттарының иегері; Тараз қаласы әкімінің марапаттауы бойынша «Ұлағатты ұстаз» номинациясы дипломымен, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының құрмет грамотасымен, «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін» насихаттаудағы ерекше белсенділігі үшін Алғыс хатпен (2017) және әртүрлі қоғамдық іс-шараларда көрсеткен белсенділігі үшін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған. Педагогика саласы мен қазақ әдебиетінің алуан мәселелеріне арналған 100-ден астам мақалалары мен  бірнеше монографиялардың, оқу құралдарының авторы. Айталық, «Алаш қайраткерлерінің педагогикалық-психологиялық мұралары негізінде ұлттық тұлға қалыптастыру мәселелері» (монография 2008); «Абай және Алаш» (оқу құралы 2008); «Алаш және ұлт әдебиеті» (оқу құралы 2014); «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» (оқу құралы 2014); «Алаш және ұлт қайраткерлері» (монография 2014); «Мәңгілік Ел-жалпы ұлттық идеясы» (монография  2015); «Алаш қайраткерлері мұралары мен Мәңгілік Ел идеясының біртұтастығы» (оқу құралы 2016);  «Алаш және ұлттық тұлға» (монография  2017ж); «Мәңгілік Ел идеясы құндылықтары және Ұлы дала елі» (оқу құралы 2017); «Ұлт дәстүрлері және таным мен тағылым» (оқу құралы 2017).

Кафедра құрамы

Кафедра құрамында 22 оқытушы, оның ішінде:

- 2 ғылым докторы, профессор

-12 ғылым кандидаты

- 6 аға оқытушы

- 2 оқытушы қызмет атқарады.

Кафедра оқытатын мамандықтар тізімі: 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті».

Кафедрамен байланыс: Kaz.fil.fak@mail.ru

5В011700–«Қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығына дайындау ҚР БҒжМ  бұйрығымен бекiтiлген мамандықтар классификаторына және 2010 жылғы 03 қарашадағы № 514 бұйрығымен бекiтілген 6.08.073-2010 ҚР МЖМБС (ҚР МЖМБС 03.08.266-2006) сәйкес келеді. 5В011700–“Қазақ тiлi мен әдебиетi” мамандығы бойынша маман дайындау ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi бақылау Комитетінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №1701 бұйрығымен берілген №12019544 лицензия негізінде жүргізіледі. Мамандықтың күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзiмi–4 жыл, сырттай оқу бөлімінде  жеделдетілген  оқу мерзімі-3 жыл.

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігі бақылау комитетінің 24.12.2012 ж. № 1701 бұйрығымен берілген № 12019544 лицензиясы және ҚР МЖБС 3.08.009-2006, 6.08.018- 2009, 6.08.065-2010 мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Оқу мерзiмi күндізгі бөлімде 4 жыл,  жеделдетілген топтарда 3 жыл.

Қазақстан Республикасының үш тілді меңгеру саясатын жүзеге асыруда өз үлестерін қоса отырып, кафедра ұжымы педагогикалық  кадрларды дайындауда озық тәжірибелерді қолданады.

Кафедраның стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті, білікті, жан-жақты дамыған, терең білімі бар және жаңа тәжірибелік дағдыларды игерген мамандарды дайындау.

Кафедраның міндетті ісі мамандық бойынша сапалы әрі жаңа технологияға  негізделген білім беру  және ғылыми процесті қамтамасыз ету болып табылады.

Халықаралық ұйымдармен байланыс орнату

Түркі тілдес халықтардың  озық тәжірибиелермен алмасу, кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатында Түркия мемлекетінің «Карабюк» университетімен тығыз байланыс орнатылған. Университеттің мамандарымен бірлесе отырып ғылыми конференцияларға қатысу, семинарлар өткізіу.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

САДЫҚБЕКОВ РАХЫМ АЙТБАЙҰЛЫ – п.ғ.д., доцент, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының негізін қалаушы, әрі тұңғыш кафедраның меңгерушісі. 150-ден астам ғылыми-зерттеу және көркем публицистикалық материалдары республикалық, облыстық ғылыми жинақтарда жарық көрген. «Қазақ тіліндегі полисемиялы сөздер», «Абай мен М.Әуезов шығармаларындағы ой мен тіл үндестігі», «Мұхтар Әуезовтің көркемдік әлемі», «М.Әуезовтің шеберлік мектебі» атты 4 монографияның авторы.

«Көкжиек жақын», «Түн асқан жол», «Түн тылсымындағы сыр» атты әңгімелер мен повестер жинақтары 3 томға жинақталған.

КСРО-ның «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік еңбек жеңімпазы» значогімен, «Қазақ ССР-ның үздік ұстазы» значогымен және Жоғары білім министрлігінің, ЦК комсомол мен Обком комсомолдың Құрмет грамотасымен бірнеше рет мадақталған.

БАЙТЕЛИЕВ АЛТАЙ ӘШЕНҰЛЫ – кафедраның профессоры, филология ғылымдарының докторы. 70-ке жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Жалпы тіл білімі курсынан лекциялар конспектісі» «Тіл білміне кіріспе» оқу – әдістемелік құралдар мен «Қазақ тіліндегі номинативтік және коммуникативтік фразеологизмдердің тілдік табиғаты мен мәнмәтінде қолданысы» монографиясы жарық көрді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік ағартушы», Институтқа 40 жыл» төс белгілерінің  иегері

ИСМАТОВА СЕЙСЕКҮЛ МОЛДАБЕКҚЫЗЫ –кафедраның доценті, филология ғылымдарының кандидаты. 80-ге жуық ғылыми мақалалар мен бірнеше оқу құралдарының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және облыс әкімшілігі, қалалық әкімшілік, Нұр Отан, институт тарапынан бірнеше рет «Алғыс хатпен» марапатталды.

ТҰРАРОВА АЙСҰЛУ НҰРДЫНҚЫЗЫ - Филология  факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доценті кафедраның негізін қалаушылардың бірі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Қазақ тілі» типтік бағдарламасы авторларының бірі.

1 монография, 2 оқу құралы, 2 әдістемелік-оқу құралы мен 7 әдістемелік нұсқау және 90-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы.

«Ең үздік кафедра меңгерушісі» (2004ж.), «Институтқа 40 жыл» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   мақтау грамотасымен марапатталған (2008ж.), «НұрОтан» партиясының мақтау грамоталарымен, «Ғылым» номинациясы бойынша облыс әкімінің жүлдесімен марапатталдым (2008 ж.). Біліктілік сертификатарымен, әртүрлі мерекелерде белсенділігі ескеріліп, алғыс хаттармен  марапатталдым.

АСЫЛБЕКОВА НҰРЖАМАЛ ӨЗЕНБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының қандидаты, доцент, институттың ғалым хатшысы.

Маңызды басылымдары: 1 монография, 2 оқу құралы және

40 жуық ғылыми-зерттеу еңбектердің авторы.

2008 жылдан бастап Астана қаласындағы «ҚАЗТЕСТ» орталығында тәжірибелі сарапшы.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтытының 45 жылдық мерекесіне орай «Ұлағатты ұстаз» мерекелік төс белгісі (төс белгі №055). – Тараз, ТарМПИ, 29 қазан, 2012 ж.    ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және институт тарапынан бірнеше рет «Алғыс хатпен» марапатталды.

САЛАМАТОВА РАХАТ МАХАМБЕТЖАНҚЫЗЫ - кафедраның доценті, филология ғылымының кандидаты, Абайтанушы ғалым.

Ғылыми- зерттеу  жұмысының нәтижелері жарияланған 40-тан аса ғылыми еңбекте берілген.

«М.Әуезовтен кейінгі Абайтану тарихы» (монография), «Абай өлеңдерінің поэтикасы» (оқу құралы) жарық көрген.

МАКУЛОВА ЛАУРА ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ - кафедраның доценті, филология ғылымының кандидаты. «Қазақ тілінің стилистикасы» атты оқу құралы, «Көркем прозадағы автор бейнесінің тілдік құрылымы» атты монография және 15 шақты әдістемелік нұсқаулардың авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» және институттың «Ең үздік инновациялық сабақ беруші» номинациясы бойынша марапатталған. Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Кебридж тәсілі бойына үш деңгейлік халықаралық тренері».

ШОРМАКОВА САУЛЕТ МЕДЕУБЕКҚЫЗЫ – ф.ғ.к., доцент. 1 монография, 2 оқу құралының және 50-ден астам оқу бағдарламалары мен ғылыми мақалалардың авторы.

БАЙМБЕТОВА АЙГЕРІМ ӘБДІМӘЛІКҚЫЗЫ - кафедраның доценті, филология ғылымының кандидаты. 50-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» , «Қазақ тіліндегі тоғысынқы дауыссыздардың түрленімі» атты оқу құралдарының авторы.

АБДУАЛИЕВА ЖАЗИРА БЕГӘДІЛҚЫЗЫ - «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты.

Ғылыми- зерттеу  жұмысының нәтижелері жарияланған 40-тан аса ғылыми еңбекте берілген. «Қазіргі кезең әдебиеті», «Қазіргі әдеби процесс», «Соғыс тақырыбындағы шығармаларды жаңаша оқыту» атты оқу құралдары, «К.Ахметованың шығармашылығы», «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық құндылықтар» атты монографиялар, «Қазіргі кезең әдебиетін инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытудың тиімді жолдары» атты электронды оқулықтың авторы.

МЕЙІРМАНОВА ГҮЛНҰР СОВЕТҚЫЗЫ - кафедраның доценті, филология ғылымының кандидаты. 50-ден астам ғылыми мақалалары облыстық, республикалық, халықаралық конференциялардың жинақтарында, РИНЦ-те, ВАК тізіміндегі журналдарда, республикалық, облыстық басылымдарда жарияланған.

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сөз тіркесінің синтаксисі», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің теориясы мен практикасы», «Когнитивті лингвистика» пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер мен «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Практикалық қазақ тілі» атты әдістемелік нұсқаулардың авторы.

БАЙСЕЙІТОВА СВЕТА АППАСҚЫЗЫ – «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, кафедраның негізін қалаушылардың бірі. 40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы, «Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технологиямен оқыту», «Әдебиетті модульдік технологиямен оқыту», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінен тест топтамалары», «Әдебиетті оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетінің арналары» атты 5 оқу құралы мен 10 әдістемелік нұсқаудың авторы. «Институтқа 45 жыл» төс белгісінің иегері.

МҰҚАШЕВА АЛШАГҮЛ МӘДЕЛХАНҚЫЗЫ – кафедраның аға оқытушысы. 40-тан астам ғылыми мақалалар мен «Бауыржантану», «Хандық дәуір әдебиеті», «Прозалық шығаралардағы Б.Момышұлы бейнесі» атты оқу құралдары мен оннан астам әдістемелік нұсқаулардың авторы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және институт тарапынан бірнеше рет «Алғыс хатпен» марапатталды.

ҚАЗАҚБАЕВА КАМИЛА РЫСБЕКҚЫЗЫ - кафедраның аға оқытушысы. 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.

ШАХАНОВА ЭЛЬМИРА АМАНЖОЛҚЫЗЫ - кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. 40-тан астам ғылыми әдістемелік мақалалардың авторы. «Мәтіндер жинағы», «Орыс топтарындағы қазақ тілін үйрету жолдары» атты оқу - әдістемелік құралдардың авторы.

КЕНЖЕГУЛОВА ФАРИДА ҚОНАРБАЙҚЫЗЫ - кафедраның аға оқытушы, филология ғылымдарының магистрі. 30-дан астам ғылыми әдістемелік мақалалар Тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, педагогикалық практика бойынша әдістемелік құралдарының авторы.

ӘБДІМОМЫНОВ ЕДІЛБЕК БАҚЫТЖАНҰЛЫ - кафедраның аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі. 30-дан астам ғылыми әдістемелік мақалалар және  «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» «Алаш ұранды әдебиет» оқу құралдарының авторы.

РСЫМБНТОВА НҰРЖАМАЛ МЫҢБАЙҚЫЗЫ – кафедраның оқытушысы, филология ғылымының магистрі. 10-нан аса ғылыми мақалалардың, «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Практикалық қазақ тілі» атты әдістемелік нұсқаулардың авторы.

СӘРСЕМБАЕВА АЙГУЛ АСАНҚЫЗЫ - кафедраның оқытушысы, филология ғылымының магистрі. 10-нан аса ғылыми мақалалардың, «Практикалық қазақ тілі», «Орыс топтарындағы қазақ тілін үйрету жолдары»  атты әдістемелік нұсқаулардың авторы.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе