Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 26-30 НОЯБРЯ 2018 Г. ПРОВОДИТ НЕДЕЛЮ СТУДЕНЧЕСКОЙ НАУКИ «ЖАС ТАЛАП-2018»



Кафедра «Психология и акмеология»

«Психология және акмеология» кафедрасы бойынша кәсіби мамандарды даярлау  5В010300 –  «Педагогика және психология» (1995ж.бастап), 5В050300 – «Психология» (1996ж. бастап), 6М010300 –  «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.

Кафедра миссиясы – инновациялық  білім берудің озық үлгілерін меңгерген және оны тәжірибеде қолдана білетін, ғылыми әлеуеті жоғары,  кәсіби имиджімен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Сматова Клара Бегалықызы

Кафедра меңгерушісі

Кафедраны 2011-2012о.ж.(қазан айы) п.ғ.к., доцент Сматова К.Б. басқарып келеді. Сматова Клара Бегалықызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі 27 жыл. Диссертациялық жұмысын «Жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің оқу біліктерін қалыптастыру» мәселелері аясында   қорғады. 50-жуық ғылыми еңбектері жарық көрді. 2016 жылдан бастап РҚБ «Қазақ Психологиялық қоғамының» мүшесі.

2014 жылы Алматы қ. «Өрлеу» БАҰО-да  біліктілігін арттырды.

Көптеген семинар-тренингтерге қатысып сертификаттар иеленді. Атап айтсақ: Psychological features of the value sphere structure of titular ethnic group of Kazakhstan (2016ж.); «Методология и методы психолого-педагогических исследований»; «Креативті педагогтың деонтологиялық даярлығы» (2017ж.) және т.б.

Кафедрада 1 профессор,  5 доцент, 8 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 ассистент   қызмет атқарады. Соңғы жылдарда  ПОҚ-ның 98% ҚР және шетелдерде біліктілігін арттыру курстарынан өтті,  500-астам ғылыми еңбектері, 50-астам оқу-әдістемелік құралдары  жарық көрді. Медиа жоспар аясында «Қазақстан-Тараз» телеарнасы мен Радиоға, мерзімдік басылымдарға ақпараттар үнемі жарияланып отырады.

Р/с

ТАЖ

Қызметі

1

Сматова Клара Бегалықызы

П.ғ.к.,доцент м.а

2

Алимбаева Сауле Кұрмантайқызы

Ә.ғ.к., профессор м.а.

3

Турдалиева Шолпан Тұрсымбайқызы

Пс.ғ.к., доцент

4

Болтаев Алтынбек Дүзгенбайұлы

П.ғ.к., доцент

5

Сейдалиева Гүлнар Шаріпханқызы

П.ғ.к.,доцент м.а

6

Ибраимова Лескүл Нүсүпқұлқызы

П.ғ.к., доцент

7

Сабекова Даркүл Әбдікерімқызы

Аға оқытушы

8

Мақашқұлова Гүлжан Баймаханқызы

Аға оқытушы

9

Махашова Патима Меңлібайқызы

Аға оқытушы

10

Сабралиева Жанар Түзелбекқызы

Аға оқытушы

11

Оралымбетова Гулжанар Үмбетәліқызы

Аға оқытушы

12

Қарабекова Азина Жаныбекқызы

Аға оқытушы

13

Бүйембаева Шынар Бақытжанқызы

Аға оқытушы

14

Саттыбаева Ақмарал Жолдасбекқызы

Аға оқытушы

15

Қожахметов Дәурен Шаймерденұлы

Оқытушы

16

Қазбекова Жанат Дүйсенбекқызы

Оқытушы

17

Есентаева Бақыткүл Үсенқызы

Оқытушы

18

Кадрешева Баян Жолдасбайқызы

Ассистент

19

Кебеева Айгерім Онгарбайқызы

Ассистент

Білім беру траекторияларына сәйкес кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыруда  Дублиндік дискрипторларға негізделген элективті курстарды оқу үдерісіне ендіру өндіріс талаптары мен жұмыс беруші сұраныстарына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра жанындағы «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету, профессор С.Смайлов атындағы «Таным», «Педагогикалық-психологиялық инновациялар» (ресурстық) орталықтары, Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету ғылыми зертханасы, «Relax» – оқу-өндірістік шеберханасы заманауи технологияларға негізделген.

Кәсіптік практикаларды ұйымдастыруда білім беру мекемелері, қызмет көрсету салаларымен  келісімшарттар орнатылған: балалар бақшасы, мектеп және гимназиялар, колледждер, Жамбыл ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарттар үйі, ҚР ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі, «Жан-Нұр жастар орталығы» және т.б.

Жаңартылған білім беру бағытында кафедра филиалдары «Интеллектум», «Ән-Нұр-Фат» дамыту орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Балалар мен жасөспірімдер орталығы, Тараз қалалық соты және Жамбыл облыстық прокуратурасымен меморандум жасалып, біріккен іс-шаралар өткізіліп отырады (психологиялық тренинг, семинар).

Түлектерді жұмыспен қамту мақсатында университет көлемінде жоспарлы түрде іс-шаралар   ұйымдастырылады.  Атап айтсақ, «Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» облыстық онлайн-семинар; Қалалық жұмыс берушілер және абитуриенттер қатысуымен «Бітіруші жәрмеңкесі» және т.б.

«Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының студенттері «Жас талап» ғылыми жобасына тұрақты түрде қатысады, «Инсайт» ғылыми үйірмесінде теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып отырады. Сондай-ақ, біздің студенттер университет өміріне  белсенді қатысады. Олар: Жидебай Ж. Жас отан жастар комитетінің мүшесі (ПиП-15,3); Сейітбек Б. «Студенттер Алянсы» ұйымының көшбасшысы (ПСХ-15,3); Саматұлы Қ.  ПФ  студенттік  деканы (ПиП 16-3); Райымқұл Д. «Студенттер кәсіподағы» ұйымының жетекшісі (ПСХ-15,3); Жолдас А. ҚР чемпионаты жастар мен қыздар арасындағы «Самбо» күресінің 1 орын иегері (ПСХ-17,1);  Көшербек Т. «Цифрлы университет» байқауының «Үздік стикер» номинациясының иегері (ПиП-16,1) және т.б.

Алматы қ. жыл сайын өтетін Республикалық  пәндік олимпиада, Қазан қ. (Ресей Федерациясы), «Психология» бойынша өткен халықаралық on-line пәндік олимпиадаға мамандық білімгерлері тұрақты түрде қатысып, II-ІІІ жүлделі орындарды иеленіп келеді. «Мамандыққа қадам» атты  мектеп бітірушілері арасындағы байқау жыл сайын  ұйымдастырылып отырады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Св.Климент Орхидски» атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария), Лодзъ университеті (Польша, Лодзъ қ.), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Костанай мемлекеттік педагогикалық институты,  М.Козыбаев атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті және т.б. ЖОО арасында серіктестік байланыс орнатылып, 15-астам студент тәжірибе алмасты.

Шетел және ҚР танымал ғалымдарымен байланыс орнатылған: Гарбер А.И. (Ph.D.,псх.ғ.д.); профессор Кнуд Ларсен (АҚШ, Корваллис қ.); Бойко Ганчевски (Болгария, София қ.); Сангилбаев О.С. (псх.ғ.д., профессор); Бердібаева С.К. (псх.ғ.д., профессор); Тоқсанбаева Н.Қ. (псх.ғ.д., профессор);  Искакова М.С. (псх.ғ.д., профессор);  Тұрғынбаева Б.А. (п.ғ.д., профессор) және т.б. ҚР ЖОО-мен бірлескен он-лайн конференция, семинар, тренинг, дөңгелек үстелдер өткізіледі (Астана, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қ. және т.б.).

Кафедра соңғы үш жылда «Үздік білім бағдарламасы»; «Үздік флипчарт-2016» (аға оқытушы Макашкулова Г.Б.); «Үздік куратор-2016» (оқытушы Есентаева Б.Ү.) номинацияларын иеленген. 2017 жылы  кафедра доценттері А.Д.Болтаев, К.Б. Сматова білім беру саласындағы еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, Сейдалиева Г.Ш., аға оқытушы Макашкулова Г.Б. «ТарМПИ-50 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь