РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



«Психология және акмеология» кафедрасы

«Психология және акмеология» кафедрасында  кәсіби мамандарды даярлау  5В010300 –  «Педагогика және психология» (1995ж.бастап),5В050300 – «Психология» (1996ж. бастап), 6М010300 –  «Педагогика және психология»білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.

Кафедра миссиясы – инновациялық  білім берудің озық үлгілерін тиімді меңгерген, ғылыми әлеуеті жоғары және кәсіби имиджімен ерекшеленетін шығармашыл маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Сматова Клара Бегалықызы

Кафедра меңгерушісі

Сматова Клара Бегалықызы «Психология және акмеология» кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент. Жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі 27 жыл. Диссертациялық жұмысын жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің оқу біліктерін қалыптастыру мәселелері аясында   қорғады. 50-астам Шетел және Республикалық ғылыми мақалалардың РҚБ «Қазақ Психологиялық қоғамының» мүшесі (2016ж.). Бірнеше семинар-тренингтерге қатысып сертификаттар иеленіп келеді: Psychological features of the value sphere structure of titular ethnic group of Kazakhstan; «Методология и методы психолого-педагогических исследований»; «Креативті педагогтың деонтологиялық даярлығы» және т.б.

Кафедрада 1 профессорм.а.,  5 доцент, 8 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 ассистент   қызмет атқарады. Соңғы жылдарда  ПОҚ-ның 98% ҚР және шетелдерде біліктілігін арттыру курстарынан өткен,  500-астам ғылыми еңбектеріжарық көрген.

Р/с

ТАЖ

Қызметі

1

Сматова Клара Бегалықызы

П.ғ.к.,доцент м.а

2

Алимбаева Сауле Кұрмантайқызы

Ә.ғ.к., профессор м.а.

3

Турдалиева Шолпан Тұрсымбайқызы

Пс.ғ.к., доцент

4

Болтаев Алтынбек Дүзгенбайұлы

П.ғ.к., доцент

5

Сейдалиева Гүлнар Шаріпханқызы

П.ғ.к.,доцент м.а

6

Ибраимова Лескүл Нүсүпқұлқызы

П.ғ.к., доцент

7

Сабекова Даркүл Әбдікерімқызы

Аға оқытушы

8

Мақашқұлова Гүлжан Баймаханқызы

Аға оқытушы

9

Махашова Патима Меңлібайқызы

Аға оқытушы

10

Сабралиева Жанар Түзелбекқызы

Аға оқытушы

11

Оралымбетова Гулжанар Үмбетәліқызы

Аға оқытушы

12

Қарабекова Азина Жаныбекқызы

Аға оқытушы

13

Бүйембаева Шынар Бақытжанқызы

Аға оқытушы

14

Саттыбаева Ақмарал Жолдасбекқызы

Аға оқытушы

15

Қожахметов Дәурен Шаймерденұлы

Оқытушы

16

Қазбекова Жанат Дүйсенбекқызы

Оқытушы

17

Есентаева Бақыткүл Үсенқызы

Оқытушы

18

Кадрешева Баян Жолдасбайқызы

Ассистент

19

Кебеева Айгерім Онгарбайқызы

Ассистент

Кафедра жанындағы «Жан сыры», профессор С.Смайлов атындағы «Таным», «Педагогикалық-психологиялық инновациялар» (ресурстық) орталықтары, Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету ғылыми зертханасы, «Relax» – оқу-өндірістік шеберханасы заманауи технологияларға негізделген.

Кәсіби практиканы ұйымдастыруда білім беру және қызмет көрсету мекемелерімен келісімшарттар орнатылған: балалар бақшасы, мектеп және гимназиялар, колледждер, Жамбыл ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарттар үйі, ҚР ұлттық гвардиясы 5513 әскери бөлімі, «Жан-Нұр жастар орталығы» және т.б.

Кафедра филиалдары «Интеллектум», «Ән-Нұр-Фат» дамыту орталықтарыменжаңартылған білім беру бағытында тығыз байланыс орнатылған. Балалар мен жасөспірімдер орталығы; Тараз қалалық соты және Жамбыл облыстық прокуратурасымен меморандум жасалып, біріккен іс-шаралар өткізіледі (психологиялық тренинг, семинар).

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Св.КлиментОрхидски» атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария),Лодзъ университеті (Польша, Лодзъ қ.),  Жетісу,Көкшетау, Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттері;Арқалық,Костанай мемлекеттік педагогикалық институттары  және т.б. ЖОО арасында серіктестік байланыс орнатылып, 15-астам студент тәжірибе алмасты.

Шетел және ҚР танымал ғалымдарымен байланыс орнатылған: Гарбер А.И. (Ph.D.,псх.ғ.д.); КнудЛарсен (профессор, АҚШ, Корваллис қ.); Бойко Ганчевски (Болгария, София қ.); Сангилбаев О.С. (псх.ғ.д., профессор); Бердібаева С.К. (псх.ғ.д., профессор); Тоқсанбаева Н.Қ. (псх.ғ.д., профессор);  Искакова М.С. (псх.ғ.д., профессор);  Тұрғынбаева Б.А. (п.ғ.д., профессор) және т.б.

Біздің студенттер Республикалық(Алматы қ.),Халықаралық (on-line) пәндік олимпиадаға (Ресей Федерациясы,Қазан қ.) тұрақты түрде қатысып, II-ІІІ жүлделі орындарды иеленіп келеді. Олар университет өміріне де  белсене араласады. Атап айтсақ, Жидебай Ж. Жас Отан жастар комитетінің мүшесі (ПиП-15,3); Сейітбек Б. «Студенттер Алянсы» ұйымының көшбасшысы (ПСХ-15,3); Саматұлы Қ.  ПФ  студенттік  деканы (ПиП 16-3); Райымқұл Д. «Студенттер кәсіподағы» ұйымының жетекшісі (ПСХ-15,3); Жолдас А. ҚР чемпионаты жастар мен қыздар арасындағы «Самбо» күресінің 1 орын иегері (ПСХ-17,1);  Көшербек Т. «Цифрлы университет» байқауының «Үздік стикер» номинациясының иегері (ПиП-16,1) және т.б.

Кафедра соңғы үш жылда «Үздік білім бағдарламасы»; «Үздік флипчарт» (аға оқытушы Макашкулова Г.Б.); «Үздік куратор» (оқытушы Есентаева Б.Ү.) номинацияларын иеленген. 2017 жылы  кафедра доценттері К.Б. Сматова, А.Д.Болтаев білім беру саласындағы еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісіменмарапатталған.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе