РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасы 2004 жылы құрылды.

2013 жылы «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасы  «Жалпы педагогика және психология»  кафедрасы болып қайта жасақталды.

Осы жылдан бастап кафедраны педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белігісінің иегері, ҚР білім беру жүйесінің үздігі, жоғары оқу орнынының үздік оқытушысы  Бузаубакова Клара Джайдарбековна басқарады.

КЛАРА ЖАЙДАРБЕКҚЫЗЫ БҰЗАУБАҚОВА

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

К.Д.Бузаубакова 420-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, олардың ішінде: 6 монография, 2 оқулық, 6 электронды оқулық, 2 мультимедиалық оқулық, 159 оқу-әдістемелік құралдар, 22 оқу құралдары.

1996 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталды.

2008, 2014 жылы «Жоғары оқу орнынының үздік оқытушысы» байқауын жеңіп алды.

2015 жылдың 14 сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі.

2017 жылы К.Д.Бузаубакова «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

КАФЕДРА ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

«INTELLECT» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ШЕБЕРЛІК  ОРТАЛЫҒЫ

3 бағытта  жұмыс жасайды:

Ι-бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстары;

ΙΙ-бағыт. Оқу-әдістемелік жұмыстары (ғылыми-әдістемелік бағыт);

ΙΙΙ-бағыт.Тәжірибе-эксперименттік жұмыстары.

«INTELLECT» педагогикалық шеберлік орталығында педагогикалық тренингтер, халықаралық форумдар, республикалық семинарлар, педагогикалық оқулар  жоспарлы түрде ұйымдастырылады.

«Жалпы педагогика және психология»  кафедрасының ПОҚ-ы инновациялық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

1)    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   жариялаған 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауына «Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: педагогикалық кадрларды дайындауда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің инновациялық ынтымақтастығы негізінде дуалды оқытуды ендіру және жүзеге асыру» инновациялық жоба аясында нәтижелі жұмыс жасады.

2)    Кафедра ПОҚ құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   жариялаған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша «AP05134826 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында  жаһандық бәсекеге  қабілетті  үштілді  педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесін   ендіру және жүзеге асыру жолдары» гранттық жобасы» инновациялық жоба аясында нәижелі жұмыс жүргізілуде.

3)    Жамбыл облыстық әкімшілігінің қолдауымен Рухани жаңғыру аясында «Тараз мемлекеттік  педагогикалық университетінің «Ұлы дала жастары» - «Ұлы даланың кретивті көшбасшысы» тақырыбында ғылыми жобасы жүзеге асырылуда.

2018-2019 оқу жылында 1-2 курстардың үздіксіз педагогикалық практикасы  электронды форматқа көшірілді: электронды портфолио  жасалынып, сынақтан өтуде.

ПОҚ-тың импакт факторлы Thomson Reuters және Scopus базасындағы  журналдарда 14 мақала  жарық көрді.

Кафедра ПОҚ-ның төмендегідей оқулықтары ҚР БҒМ грифімен жарық көрді: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Педагогика»,  «Білім берудегі инновациялық технологиялар» оқулықтары және «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Педагогика», «Білім берудегі инновациялық технологиялар» электронды оқулықтары.

2012-2018 жылдары кафедраның ПОҚ-ның 24 оқу-әдістемелік және ғылыми туындыларына ҚР Әділет министрлігінен авторлық құқық куәліктері алынды.

2018-2019 оқу жылында  4 туындыға ҚР Әділет министрлігінен авторлық құқық куәліктері алынды:

«Педагогика»  оқулығы (авторы: К.Д.Бузаубакова)  Авторлық меншік куәлігі №3070; 12  қазан, 2018 ж.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығы (Авторлары: К.Д.Бузаубакова, М.С.Елубаева) Авторлық меншік куәлігі №2972; 27  қыркүйек, 2018 ж.

«Ағылшын тіліндегі химия» терминологиялық сөздігі ( қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Оқу құралы (авторлары: К.Д.Бузаубакова                Ж.И.Сабиралиева, А.О.Айдарова, Э.А.Камбарова)  Авторлық меншік куәлігі №2971; 27  қыркүйек, 2018 ж.

Қазақстан Республикасында жаһандық бәсекеге қабілетті үштілді  педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесін   ендіру және жүзеге асыру жолдары. Оқу-әдістемелік құрал. (Авторлары: К.Д.Бузаубакова, М.С.Елубаева)  Авторлық меншік куәлігі №2970;  27  қыркүйек, 2018 ж.

2019 жылдың 24-25 қаңтарында «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ:  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ІІ Республикалық Педагогикалық оқулар өткізу жоспарлануда.

2018 жылдың 12 желтоқсанында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КРЕАТИВТІ  КӨШБАСШЫСЫ» атты Республикалық байқауын өткізу жоспарлануда.

2019 жылдың сәуірінде «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГЫ» атты Республикалық   педагогикалық олимпиада  өткізу жоспарлануда.

2019 жылдың наурызында «ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПРАКТИКА: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ  ӘДІСТЕМЕ» Республикалық  on-line конференция өткізу жоспарлануда

2019 жылы  «www.dual.kz».сайтын ашу жоспарлануда.

2018 жылдың 24-25 қаңтарында  өзінің құрылған уақытынан бергі жарты ғасырдан астам  алтын тарихында қаншама аға буынның легін білім көкжиегіне шығарған,  Оңтүстік өңірдегі киелі көне Тараз жеріндегі мемлекеттік білім ордасы – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде  «Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары» атты IІ Республикалық педагогикалық оқулары өтті.

ІІ Республикалық педагогикалық оқуларын Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы құттықтау сөзбен ашты.

ІІ Республикалық педагогикалық оқуларына қатысқан  Ұлы Даланың ұлағатты ұстаздарына Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44   орта мектептің  оқушылары  мен педагогикалық ұжымы  мектеп директоры Баймұрат Жақсыбековтың   басшылығымен өздерінің  жүрек жарды сазды-музыкалық құттықтауларын тарту етті.

IІ Республикалық педагогикалық оқулардың мақсаты – Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; цифрлы Қазақстан жағдайында жаңартылған білім беру моделін құру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

IІ Республикалық педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада  жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.

IІ Республикалық педагогикалық оқулары төмендегідей заманауи форматта ұйымдастырылды: психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары; онлайн-режимдегі шебер-сыныптар; инновациялық өнімдердің презентациясы; педагогикалық оқуға қатысатын білім беру ұйымдарының педагогикалық инновациялар көрмесі, педагогикалық постерлер галереясы, инновациялық банк қоры және т.б.

ІІ Республикалық педагогикалық оқуларына педагогикалық мамандарды даярлайтын педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары мен   Қазақстан Республикасына  танымал ғалымдар,  жаңашыл ғалым-педагогтер, тренер-әдіскерлер, болашақ педагогтер, магистранттар мен докторанттар; жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, педагог қызметкерлер, тәжірибелі әдіскерлер, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері; «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филалдарының тренер-әдіскерлері; жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері қатысып, өздерінің инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, айрықша белсенділік танытты.

IІ Республикалық педагогикалық оқуларында Абай атындағы Қазақ Ұлттық  педагогикалық университетінің  профессоры, п.ғ.д., ХПБҒА академигі Иманбаева Сәуле Тохтарқызы; Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық      универсиетінің  қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Набуова Роза Абдрахманқызы мен  қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. Жұбандықова Ақгүл Мырзалиевна; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Арзымбетова Шолпан Жақсылықовна; Атырау облысы Қызылқоға ауданы Б.Аманшин атындағы орта мектептің мұғалімі  Турашева Айгуль Қожахановна; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы    филиалының тренері Альтаева Шакизат  Құдайбергенқызы  және т.б. баянды баяндамалар жасап, инновациялық іс-тәжірибелерімен  бөлісіп, келелі жаңа педагогикалық бастамалардың сара жолдарын, басым бағыттарын көрсетті.

Сондай-ақ, IІ Республикалық педагогикалық оқуларында   Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА академигі Клара Жайдарбекқызы мен доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Елубаева Миршат Сайлаубекқызының «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығының тұсаукесері  жасалынды.

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі (PDF)

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі 2 (PDF)

ІI-ші Республикалық педагогикалық оқулары аясында  «Инновациялық педагогикалық өнім-2019» тұсаукесері және «Үздік педагогикалық өнім-2019» байқауы төмендегідей келесі номинациялар бойынша  өткізілді:   «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені (үздік портфолио)»; «Үздік оқулық (оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал)»; «Үздік электронды оқулық»; «Үздік мультимедиалық өнім»; «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)»; «Үздік ғылыми инновациялық жоба»; «Үздік авторлық бағдарлама»; «Үздік сабақ жоспары»;  «Үздік тәрбиелік іс-шара жоспары»; «Үздік шебер-сынып»; «Үздік педагогикалық эссе»;  «Педагог мәртебесі» үздік постер.

Байқау Цифрлы Қазақстан жағдайында білім беру жүйесін ақпараттандыру  бағытында заманауи оқу-әдістемілік кешенінің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту; инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені  үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; жаңашыл педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әлеуетін арттыру;  жаңашыл педагогтердің ғылыми-әдістемелік белсенділігін ынталандыру; өзара  инновациялық тәжірибемен алмасу және    т.б. маңызды міндеттерді  алға тартты.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс» деп атап көрсеткеніндей, Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына сын  көзқараспен қарайтын болашақ зияткер  ұрпақты тәрбиелеу  Ұлы Даланың  ұлағатты ұстаздарына  жүктелген   абзал міндет екендігі баршамызға аян.

Цифрлы Қазақстан жағдайында  білім беру жүйесін ақпараттандыруда  Ұлы Даланың ұлағатты ұстаздарын ауқымды істер күтіп тұр! Осындай игілікті шаралар  педагогикалық қауым үшін пайдалы жалғасын табары сөзсіз.

Нағыз білімділіктің басты өлшемі – ұлағатты  ұстаздарымыздың өз кәсібіне деген адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе