РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде!

«ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ І КУРС СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ.



Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы

«ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» МАМАНДЫҒЫ

Мамандық шифрі: 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»; 6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

Оқу түрі: күндізгі; сырттай

Академиялық дәрежесі: 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім бакалавры, білім магистрі

Таңдау пәндері: биология, география

Оқу мерзімі:

Бакалавриат

• 4 жыл (күндізгі оқу түрі);

• 3 жыл (күндізгі-қысқыртылған оқу түрі, колледждан кейін);

• 3 жыл (сырттай-қысқартылған оқу түрі (колледждан кейін);

• 2 жыл (сырттай оқу түрі, екінші жоғарғы білім).

Магистратура

• 2 жыл (күндізгі, ғылыми-педагогикалық бағыт)

Кәсіби қызмет саласы: жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.

Кәсіби қызметі: мемлекеттік кұрылымдар (ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті), әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамтамасыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы төмендерге, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарттарға колдау көрсету мен көмектесу ұйымдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдык ортада өскелең ұрпақты тәрбиелсу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелер (түземе және ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелен ұрпақтьң толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар. сауықтыру лагері) болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

• әлеуметтік-педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған тиімді жағдайлар құруға көмектесу;

• оқу-тәрбиелік – балалардың, жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті басқару; педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің диагностикасы, түзетулері, болжамы; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы озық жаңа тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату;

• мәдени-ағартушылық – кино, театр, көркемдік-бейнелеу өнері, музыка саласындағы балалардың, жеткіншектер мен жастардың мәдени уақытын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; мәдениет саласындағы ағарту жұмыстарының бағдарламасын, әдістемесі мен технологияларын жасау; мәдени-бос уақытын өткізу орталықтарын ұйымдастыру; топтардың, индивидтердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін қоғамдық практикада қалыптасқан әлеуметтік нормаларымен, дәстүрлерімен, құндылықтармен реттеу;

• ұйымдастырушылық-әдістемелік – орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халықты заң шығарушы және басқа да құқықтық актілермен таныстыруды ұйымдастыру;

• жарнамалық – насихаттаушылық әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; әлеуметтік қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтік жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

• ғылыми-зерттеу – өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі көрсете білуіне көмектесу, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің көмегіне зәру балаларды, жеткіншектер мен жастарды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың дамуын түзеу процесінің ерекшеліктерін зерттеу;

• аниматорлық – әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қорғауға септігін тигізу бойынша нақты әлеуметтік модельдерді құру, жалпы білім беретін және арнайы (түземе) білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне әлеуметтік - гуманитарлық білімдерді ендіру болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны: балалардың, жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалык дамуына бағытталған әр түрлі типтегі білім беру-тәрбиелеу мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет; қоғамда әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету құндылықтарының калыптасуына септігін тигізу.

«ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»

КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалаврларды және 6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бойынша магистрларды дайындайды.

Кафедра өз тарихын Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Педагогика» факультетінің құрамында 2007 жылдан бастады.

2015-2016 оқу жылында қайта құрылымдық өзгерістерге байланысты «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультеті құрамына енгізілді. Осы оқу жылында кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Санай Гаухар Ералықызы тағайындалды.

Тегі, аты, әкесінің аты: Санай Гаухар Ералиевна

Лауазымы, жұмыс орны: «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Білімі:

- жоғары,  Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университеті, 1996 ж.

- педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, «Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2005 ж.

Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл

Қазіргі уақытта Санай Гаухар Ералиевнаның  1 монографиясы, 45-тен аса ғылыми мақалалары Шетелдік, Отандық ЖАК, РИНЦ баспаларында, сондай-ақ, импакт-факторлы журналдарда жарық қөрген. Бүгінгі таңда бұл еңбектер жас ғалым-қызметкерлер үшін құнды деректер болып табылмақ.

Осы уақыт аралығында Санай Гаухар Ералиевна өзін ұйымдастыру қабілеті зор, әрдайым өзінің ғылыми-педагогикалық шеберлігін шыңдап келе жатқан ұстаз  ретінде көрсете білді. Университеттің студенттері мен оқытушылары арасында тәрбие жұмысын жоғары деңгейде өткізеді. Облыстың, қаланың, университеттің қоғамдық өміріне белсене ат салысады.

2016 ж. «Бейбітшілік Әлемі. Планета Мира. World of Peace» Халықаралық Қазақ Шығармашылық Бірлестігінің «Білім беру Көшбасшысы» төсбелгісімен марапатталды.

2017 ж. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс білімгері Г.Е. Санайдың жетекшілігімен «Ғылым және өмір» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында («Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Шығармашылық Бірлестігі, Алматы қ.) жасаған Үздік баяндамасы үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Біліктілікті арттыру және заманауи білім беру мен оқытудың инновациялық әдістері аясында шет елдік мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында доцент Г.ЕСанай 1.10-14.10.2017 ж. аралығында Карабуюк Университетінде (Карабук қ., Түркия) Халықаралық тағылымдамадан өтіп, Халықаралық деңгейдегі сертификат(Academic staff Certificate of attendance, Karabuk University 2017-2018 academic year (1.10-14.10.2017 y.) иеленді.

Доцент Г.Е. Санай республикамыздағы, жақын және алыс шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен және университеттерімен тығыз шығармашылық қарым-қатынас орнатқан.

ТарМПУ, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының құрамы

2018 жылы 6М012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде мектепке дейінгі және мектептегі, орта, жоғары және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық және инклюзивті білім беру, «Өзін-өзі тану» пәні саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу, білім беру үдерісінде алынған нәтижелерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен ТарМПУ-да «Өзін-өзі тану» кеңестік-тәжірибелік орталығы ашылды.

Білім беру қызметкерлерінің үздік тәжірибелерін таратуда және профессорлық-оқытушы құрамының, университет студенттерінің, магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстыру үшін халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылады.

Білім беру сапасын жетілдіру, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімдерін дайындау, жоғары мектеп пен білім беру қызметкерлерінің шығармашылық серіктестігін кеңейту және нығайту мақсатымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы қаланың, облыстың, аймақтың, республиканың арнайы (түзету) мекемелерімен, университеттерімен, оңалту орталықтарымен белсенді тығыз байланыста (іс-тәжірибе, дипломдық жұмыстар, магистерлік диссертациялар) жұмыс жүргізеді.

ТарМПУ, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының құрамы

(2018 жыл)

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының

ғылыми-педагогикалық кадрлар әлеуеті:

Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары, өйткені мұнда профессор-оқытушылар құрамына 3 ғылым кандидаты, 2  PhD докторы және 6 педагогика магистрлері еңбек етеді.

Олардың ішінде ғылым кандидаттары, доценттер – Санай Гаухар Ералықызы, Ордабаева Раушан Билановна, Мирзаханов Бердалы Мертаевич, PhD докторлар – Султанбек Малик Жупанбекулы, Жексембинова Айнур Каримбековна, аға оқытушылар – Тлегенов Даулет Бисенбаевич, Искакова Дарина Аркабаевна, Таджибаева Жанна Сайдуллаевна, оқытушы – Гайбуллаева Сауле Сабыровна, ассистенттер – Өтегенова Элеонора Жомартқызы, Ескермесова Гаухартас Ерболатовна қызмет атқаруда.

2018 жылдың наурыз айының 15-16 жұлдызында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының ұйымдастыруымен Орал мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей Федерациясы) «САМОВОСПИТАНИЕ  И  САМОРАЗВИТИЕ  СУБЪЕКТОВ ОБРАЗОВАНИЯ:  ТЕОРИЯ  И  ПРАКТИКА»  атты VII Халықаралық форумды ұйымдастырды.

2018 жылдың 28 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденциялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Жоғары білім беру аясында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының Халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы Отандық білім интеграциясының басты бағыттарының бірі Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әлемдік рейтнгісі жоғары оқу орындар қатарына енудің бір талабы Халықаралық ынтымақтастық сферасын дамыту, білім интернационализациясы және академиялық ұтқырлық.

Осыған орай, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша мынадай негізгі міндеттерді шешеді:

- студенттердің, магистранттардың ішкі және сыртқы ұтқырлығын белсендіру;

- оқытушылардың ішкі және сыртқы ұтқырлығын қамтамасыз ету;

- көптілді білім қағидаларын жүзеге асыру, оның ішінде әртүрлі елдердің мәдениеті мен тілдерін үйренуге негізделген арнайы оқу курстарын ұйымдастыру;

- әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық бағыттағы аккредитацияланған жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық байланысты одан әрі кеңейту;

Жалпы алғанда «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы шетел университеттерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Үстіміздегі оқу жылының өзінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында 10-ға жуық жоғары оқу орындары серіктестіктерімен келісім жасалған. Келісім шарттар жасасқан және тәжірибе алмасу мақсатында төмендегідей шетелдермен байланыс орнатылған: Чехия, Польша, Болгария, Турция, Ресей және т.б. елдер. Негізгі келісім шарттар ТМД елдер арасында және Еуропалық Одақтар елдері арасында құрылған. Себебі, тарихи және географиялық алғышарттармен байланысты. Бұл ең алдымен, жоғары білімді жетілдіру тұрғысынан Болон процесі аясында даму стратегиясын түсіндіреді.  Магистранттар Еуропа және Ресей елдеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіншілігіне ие.

Халықаралық ынтымақтастықты және академиялық ұтқырлықты дамыту тұрғысында педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық мамандықтар бойынша шетел ғалымдары шақырылды: Сийка Георгиева Чавдарова – Костова п.ғ.д., профессор, Әулие Климента Охридский атындағы София университеті, Болгария, Кислякова Юлия Николаевна Белорусия мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Погорелов Станислав Тимофеевич педагогика ғылымдарының кандидаты, Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, Ресей Федерациясы және т.б.

Кафедра үшін Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және интернационализация мен академиялық ұтқырлық саласындағы бағдар – бітірушілердің шетел тілдерін еркін меңгеру, түрлі мемлекеттік және қоғамдық қор негізінде профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, басты желілер негізінде оқытудың интерактивті әдістері, әлемдік мәдениет құндылықтарына негізделген білім мен тәрбие қамтамасыз етіледі. Оған қоса, ЕҰУ-нің интернационализацияны дамыту бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – білім мен ғылымның халықаралық интеграциясына негізделген жоғары оқу орнының зерттеушілік моделіне көшу болып табылады.

Кафедраның студенттері облыстық, республикалық, халықаралық конференциялар мен олимпиядаларға қатысады. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері жыл сайын өткізілетін республикалық пәнаралық олимпиядаларды жүлделі орындар алып жүр:

Мерзімі

Өткілілген орны

Олимпиада атауы

Команда атауы

Алған орны

2013 ж.

Алматы қ.

ІІ Республикалық пәндік олимпиада

«Ізгі Әлем»

ІІ дәрежелі орын

2014 ж.

Астана қ.

ІІІ Республикалық пәндік олимпиада

«Нұрлы Әлем»

-

2016 ж.

Алматы қ.

ІV Республикалық пәндік олимпиада

«Айналайын»

ІІ дәрежелі орын

2017 ж.

Ақтөбе қ.

V Республикалық пәндік олимпиада

«Айналайын»

ІІ дәрежелі орын

2018 ж.

Алматы қ.

VІ Республикалық пәндік олимпиада

«Айналайын»

ІІ дәрежелі орын

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қосымша тәжірибе мен біліктілік алу үшін ТарМПУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы (сыртқы және ішкі) жүзеге асырылады. 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі» мамандығы бойынша студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Климент Охридский атындағы София университетінде (Болгария), Лодзь университетінде (Польша), Карабюк университетінде (Түркия), Орал мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) және ҚазМПУ, ҚазҚМУ, ОҚМПУ білім алды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе