РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



Педагогика факультеті

Педагогика факультеті Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында 1990 жылы құрылды, сол уақыттан бері жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау жұмыстарында жетекші және құзырлы қызмет көрсетуде. Сонымен бірге, институттың оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарында жетекші позициядан көрінуде, сол сияқты оқытушы – профессорлар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруда, халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда және студенттердің академиялық ұтқырлықтарын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосуда.

Педагогика факультет – өзіндік жұмыс жүйесі және жоғары ғылыми потенциалы қалыптасқан мамандармен қамтамасыз етілген оқытушы-профессорлар қызмет ететін білім беру орталығы болып табылады.

Педагогика факультеті университеттің №5 және №6 оқу ғимараттарында орналасқан. Берілген оқу ғимараттарының жалпы көлемі 2775 шаршы метрды құрайды және заманауи құралдармен жабдықталған лекция залдары, оқу зертханалары, кафедралар орналасқан. Факультетте академик Н.Сарыбеков атындағы «Экологиялық мәдениет» зертханасы, профессор С.Смаилов атындағы «Таным» орталығы, рухани-адамгершілік білім беруге негізделген «Өзін-өзі тану орталығы», профессор А.Меңжанова атындағы «Мектепке дейінгі педагогика» зертханасы, «Практикалық психология», «Арнаулы педагогика» зертханалары, «Педагогикалық пәндерді оқыту технологиясы және әдістемесі» кабинеті, «Жан сыры» психологиялық клубы, «Жаңа тұрпатты педагогтарды дайындау инновациялары» методологиялық семинары және «Мектеп күні» бағдарламасы жұмыс істейді. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап факультеттің декан м,а., М.К.Нурпейсов басқарады.

Біз туралы

Педагогика факультетінде 4 бакалавриат және 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау  жұмыстары жүргізіледі:

Бакалавриат:

- 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу,

- 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі,

- 5В010300 – Педагогика және психология,

- 5В050300 – Психология.

Магистратура:

- 6М010300 – Педагогика және психология.

Көрсетілген білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттерді даярлау ісі күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстар мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілінде жүргізіледі.

Педагогика факультетінде 2018-2019 оқу жылының басында білімгерлердің жалпы саны 660 құрады. Олардың 146 мемелекеттік тапсырыс негізінде; 514 шаруашылық есеп негізінде білім алады. Шетел мемлекеттерінен келген  студенттерінің саны – 73.

Ғылыми-педагогикалық кадрлар әлеуетi:

Педагогика факультетінде 1 ғылым докторы, профессор; 3 - ғылым кандидаты, профессорлар; 20 - ғылым кандидаты, доценттер; 1-PhD  қаумдасқан профессор; 32 аға оқытушы  12-оқытушы, 6-ассистент ғылым магистрлері қызмет атқарады.

 

Кафедралар

Факультеттің «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасына қарасты академик Н.Сарыбеков атындағы «Экологиялық мәдениет» зертханасы (5-411) , профессор Т.Кенжебаев атындағы дәрісхана (5.403), «Жеке әдістемелік пәндерді оқыту» дәрісханасы (5-311), «Педагогикалық пәндерді оқыту» дәрісханасы (5-407).

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Академиялық  дәрежесі: «Білім бакалавры»

Біліктілігі:  «Бастауыш сынып мұғалімі» 
Бакалавр төмендегі қызметке ие болады:
-  ұйымдастырушылық –педагогикалық
-  оқу тәрбие процесін ұйымдастыру
-  педагогикалық процесті басқару

 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасына қарасты: профессор А.Меңжанова атындағы  инновациялық дәрісханасы (5-307), «Мектепке дейінгі педагогика» дәрісханасы (5-303), «Әдістемелік пәндер» дәрісханасы (5-304), «Зертханалық кабинет» (5-310).

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Академиялық дәрежесі: «Білім бакалавры»

Біліктілігі: «Балабақша тәрбиешісі»

Бакалавр төмендегі қызметке ие болады:

- Мектепке дейінгі білім беру тәрбиешісі

- Мектепалды дайындау тәрбиешісі

 

«Психология және акмеология» кафедрасына қарасты профессор С.Смаилов атындағы «Таным» орталығы (5-312), 6-308 (Психология тарихы), 6-309 (Педагогикалық-психологиялық инновациялар ресурстық орталығы), 6-310 (Эксперименттік психология), 6-311, Relax - психологиялық қызмет көрсету кабинеті,      6-312 (Акмеология негіздері), 6-314 (Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі инновациялық оқу-әдістемелік кабинеті); 6-316 (Жалпы психология және этнопсихология), Білімгерлер үйіндегі «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы.

5В010300 – Педагогика және психология

Академиялық дәрежесі: «БІЛІМ бакалавры»

Біліктілігі:«Педагог-психолог»

Бакалавр төмендегі қызметке ие болады:

- ұйымдастырушылық

- технологиялық
- өндірістік және басқару
- жобалау
- ғылыми - зерттеу
- білім беру

 

5В050300 – Психология

Академиялық дәрежесі:

«Әлеуметтік ғылымдар бакалавры»

Біліктілігі: «Психолог»

Бакалавр төмендегі қызметке ие болады:
- орта және жоғарғы оқу орындарында

- спорттық ұйымдарда, дәрігерлік және емдеу

- профилактикалық мекемелерде,

- құқық қорғау мекемелерінде

- ғылыми – зерттеу мекемелерінде психолог

 

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасына қарасты «Педагогикалық шеберлік» орталықтары және университеттің №202 және №402 компьютерлік класстар, спорт кешені қызмет етеді.

Факультетте жалпы 3 интерактивті тақта, 1 лед экран, 2 проектор қолданыста барлығы жұмыс күйінде.

Тәжірибемен жұмыс.

Факультет білімгерлерінің кәсіби практикалары кафедралар даярлайтын мамандық бағыттарына сәйкес, мемлекеттік білім стандартымен анықталып, жұмыс оқу жоспарлары арқылы бекітілген. Әр практика басталар алдында деканатта студенттер және олардың әдіскерлері бекітіліп, университет ректорының бұйрығымен келісімшарт негізінде анықталған практика базаларына жіберілді. Практика бөлімінің жетекшісі және кафедралармен бірлесе отырып, әр практика басталар алдында ұйымдастыру конференциялары, соңында қорытынды конференциялар өткізіліп отырды. Бағыттаушы және қорытынды конференциялардың хаттамалары мен есептері факультет кафедраларында сақтаулы.

Педагогикалық тәжірибелердің базасы: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша №,1,5, 8,12,16,35,41,45,47,48,49,53 мектептерінде педагогикалық тәжірибе өтуге келісім шарт жасалынды. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы биылғы жылы бұрынғы балабақшаларға қосымша №  7,8,12, 13, 14, 16, 35 балабақшаларымен келісімшарт жасады. Жекеменшік-мемлекеттік серіктестік аясында тәжірибе алмасу, өзара байланыс орнату мақсатында Тараз қаласының «Солнышко Тараза» жекеменшік балабақшасымен мамандық студенттерінің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру үшін екі жақты келісім шарттар жасалды. «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтары № 5,  8, 12, 13, 18,  24, 25, 40, 41, 45, 46, 47, 48, 49, 53 мектептерде өндірістік практикадан өтті. Өндірістік тәжірибелердің базасы: «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы білімгерлері №5, 41, 45 мектеп-гимназияларында, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» кафедрасы бойынша Тараз қаласының № 7, 9, 22 балабақшаларында, «Психология және акмеология» кафедрасы білімгерлері «Ұлан» балалар үйінде, «Төтенше жағдайлар департаментінде» және Астана колледжі, Абай атындағы гуманитарлық колледждерінде педагогикалық практикадан өтеді.

Халықаралық Республикалық байланыс

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңінде кемінде бір академиялық мерзімде шетелде оқытылуы қажеттігі міндеттелген. Педагогика факультеті осы стратегиялық маңызы зор үрдісті жүзеге асыруға мүдделі құрылымдардың бірі бола отырып, «академиялық ұтқырлық орталығымен» бірлесе, бірқатар іс-шараларды атқарды.

Халықаралық және республикалық академиялық ұтқырлық бағдарлама аясында  келісімдер жасалып, соның нәтижесінде факультетке  басқа ЖОО-нан соңғы 3 жылда 30 студент келсе,  бізден 32 студент  еліміздің басқа ЖОО-да  білімдерін жалғастыруына қол жеткізді. 2017-2018 оқу жылында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  ПМНО 16-2 тобының 2  курс студенттері  А.Ким мен Р.Шамшиева  Чехия қаласындағы Томас Бати атындағы Злин университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқып келсе, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының  ДОВ 16-2 тобының студенттері Д.Бакирова  мен А.Бозтаева   Челябинск қаласының  Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде білімдерін шыңдап келді.

Талапкер

Педагогика факультетінде 4 бакалавриат және 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау  студенттер қабылдайды:

Бакалавриат:

- 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу,

- 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі,

- 5В010300 – Педагогика және психология,

- 5В050300 – Психология.

Магистратура:

- 6М010300 – Педагогика және психология.

Көрсетілген білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттерді даярлау ісі күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстар мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілінде жүргізіледі.

 

Студенттік өмір

Факультет студенттерін студенттік өмірге, қоғамдық шараларға тарту белсенділіктерін арттыру жұмыстары бойынша университеттің барлық академиялық топтарды, кураторлық сағаттар, ашық кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттік мерекелік шаралар үнемі жалғасын тауып отырады, сонымен қатар шетелден азаматтарды факультеттің, университеттің тынысымен таныстыру жұмыстары жүргізілді, академиялық топтарда Елбасының жолдауын тыңдау міселесі ұйымдастырылды. Діни мәселе, денсаулық сақтау шаралары бойынша кездесулер өткізілді. Факультет студенттерінің өмірін белсендіру мақсатында ән-би топтары бар, сонымен қатар «INSIDE» психологиялық клубы теренингтер өткізіліп отырады.

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 А (блок А), № 5 оқу ғимараты.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе