Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы

«Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығы университеттің құрылымдық орталығы болып табылады. Орталық  2011 жылдың 4 қаңтарында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан құрылды.

«Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық кодексін және ЖОО-дағы білімді және ғылымды регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық, университет Жарғысын, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, сапа менеджменті талаптарын, ISO 9001 Халықаралық стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, университетінің Ғылыми Кеңесінің, ректорат шешімдерін, сондай-ақ университеттің және «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығы ішкі ережелерін басшылыққа алады.

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты

– жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының академиялық 100 томдық шығармалар жинағын даярлап, әдеби мұрасын келешек ұрпақ қолына рухани ұлттық мұра ретінде ұсыну.

 

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының міндеттері:

– ғылыми-зерттеу орталығының негізгі жұмысы жалпы облыстық, республикалық және шетелдегі архивтермен, жеке адамдардың қолындағы құжаттарды жинау. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттап, көптомдық кітаптарын баспаға дайындау. Халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен бұқаралық ақпараттық құралдарында ғылыми-танымдық мақалалар жариялау. Сонымен қатар, университет студенттеріне және мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша лекция сабақтарын жүргізу.

– Б. Момышұлының өз қолымен жазылған әдеби мұрасын толық қамтып, басылымға қайта даярлау;

– Б. Момышұлының өмірі мен әдеби мұрасы туралы жазылған Қазақстан мен бүкіл әлем тілдерінде жазылған деректермен қатар Б. Момышұлымен тығыз қарым-қатынаста болған шығармашылық адамдардың жеке архивтерін жинастыру;

– Б. Момышұлына арнау жазылған өлең, ән текстері, әңгіме, повесть, романдарды және поэмаларды бір жерге жинастырып, көп томдық етіп жариялауға даярлау;

– Б. Момышұылының радио, теледидарда сөйлеген дауысын және жеке кісілер қолында сақталып келе жатқан диктофон, магнитофонға түскен дауыстарын жинастыру

 

Ғылыми-зерттеу орталығыны Б. Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 томдық шығармалар жинағын дайындап, баспадан шығарды.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемелекеттік Мұрағатында сақталған Әзілхан Нұршайықов, Ілияс Омаров, Қасым Қайсенов, Қаллибек Қуанышбаев, Мәлік Ғабдуллиннің жеке қорынан Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты оқырмандарға белгісіз жаңа материалдар мен фотоқұжаттар алынды.

Б. Момышұлы жайлы жазбаған Қазақстанда жазушы жоқтың қасы. Сол ақын-жазушылардың шығармаларын жинақтағанда алпыс томға жуық материалдар жинақталып отыр. Қазіргі уақытта 31-45-ші томдардың қолжазбасы дайындалып, баспадан шығаруға дайын тұр.

Республикалық, аймақтық басылымдарда «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің жүзден астам ғылыми-зерттеу, публицистикалық мақалалары жарияланып, теле-радио бағдарламаларда  «Бауыржантану» орталығы туралы сұхбаттар берілді.

Тәрбие жұмысы бағыты боынша Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған кинохроника мен фотоқұжаттар, батырдың өлеңдеріне құрылған «Жүрекпен жырлап толғаймын» атты әдеби-сазды сахналық кештер ұйымдастырылады.

 

Орталықтың маңызды жетістіктері

1.«Бауыржантануға кіріспе» атты оқу құралы – соңғы жылдары мектеп пен жоғары оқу орындарында арнайы оқытыла бастаған тұңғыш оқулық. Оқу құралында қамтылған тапсырмалар батырдың нақыл сөздері, өлеңдері мен хаттары, әңгіме, повесть, естеліктері арқылы азаматтық тұлғасын тануға лайықталып  іріктелген.

2. Библиографиялық көрсеткіште түркі халықтарының әскери әдебиетіне негіз салған жауынгер-жазушы Б.Момышұлының 1941-2011 жылдар аралығында жарық көрген төл туындылары және көркем шығармалар мен естеліктер, зерттеулер толық қамтылған.

3. Мұхамеджан Кәтімханұлының «Төрт тұлға» атты кітабынан Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Шерхан Мұртаза туралы оқырманға беймәлім болып келген тың деректерді оқи аласыздар.

4. Бұл еңбекте тарихи тұлғаларды сомдаудағы көркемдік ізденістер мен дәстүр жалғастығы терең талданады. Б.Момышұлының көркем бейне ретінде қалыптасуы мен дамуы жайлы тың ізденістер, әдеби талдаулар жасалады. Оқу құралы филология мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен қалың оқырманға арналады.

5. Белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжанның бұл кітабына қазақтың біртуар ұлы, Совет Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған бір әңгіме, бір драмалық шығармасымен бірге бірнеше публицистикалық туындысы топтастырылған. Бұлардың бәрінде де Баукеңнің қаһармандық, адамдық, ұлтжандылық қасиеттері жан-жақты көрініс тапқан.

6. Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген 30 томдық шығармалар жинағы шықты.

Байланыс: ТарМПУ-дың бас ғимараты, Төлебикөшесі 62а, аудитория 406

ОРТАЛЫҚ БАСШЫЛЫҒЫ:

Мекемтас Мырзахметулы

Лауазымы: Руководитель научно-исследовательского центра доктор филологических наук, профессор

Телефон: +77015776690

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Мекемтас Мырзахметұлы (9 мамыр 1930 жылы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбеде туған) – Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор.Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1996) жән «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері. "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

ОРТАЛЫҚТЫҢ КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Найзабаев Әлімбай Аманбайұлы

Лауазымы: научный сотрудник-магистр педогогических наук

Телефон: +7 747 503 7216

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы бас ғылыми қызметкерінің қызметтік нұсқауы

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми қызметкерінің қызметтік нұсқауы

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ережесі

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе