РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ӘДІСНАМА, ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 26-27 ҚАЗАН, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СІЗДЕРДІ «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ, ӨТЕТІН КҮНДЕРІ: 2-ҚАРАША, 2018 Ж. // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТАЛАП – 2018» АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ.



Студенттік бөлім

Студенттік бөлім

Студенттік бөлім - оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор жетекшілік ететін университеттің негізгі құрылымдық бөлімі.  Студенттер контингенті бойынша оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе жұмыс істейді.

Студенттік  бөлім өз жұмысында ҚР Заңдарын:

1) ҚР «Білім туралы» заңын

2) ҚР Конституциясын

3) ҚР Еңбек кодексін

4) ҚР «Тіл туралы» заңын

5) ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын

6) ТарМПУ-ң Жарғысын, Ғылыми Кеңес және ректорат шешімдерін, ректор бұйрықтарын, осы Ережені және ҚР білім беру саласындағы Заңды нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

2014ж. қазан айынан бастап бөлім басшысы болып  М.А.Орумбаева қызмет атқаруда. Ол жас маман болғандықтан, жаңаға ұмтылып бөлімнің жұмысын жаңа деңгейге көтеруге тырысуда. Кез-келген істің жай-жапсарын жақсы меңгере біледі, үйлестіру қабілеті, ұйымдастырудағы   қабілеті  де  аса жоғары.

Студенттік бөлімнің құрылымына мыналар кіреді:

-  студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау жұмыстары;

-  студенттер құжаттарын жүргізу  (күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша студенттердің  жеке істері қосылады);

-  мұрағат (архив) (оқудан шығарылған студенттердің құжаттары 3 жылға дейін);

Бөлімнің негізгі міндеттері

- студенттердің жеке істерін сақтау,жүргізу;

- студенттердің  есебін жүргізу;

- басқа ЖОО-на ауысқан студенттердің ауыстыру және  қайта қабылдау құжаттарын дайындау;

- жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарына ауыстыру құжаттарын дайындау;

- ауыстыру және оқуға қайта қабылдау құжаттарын қабылдау;

- контингент бойынша бұйрықтарды дайындау,өңдеу;

- шетел азаматтарының есебін жүргізу;

- құжаттарды  уақытша пайдалануға беру есебін жүргізу, басқа мекемелерге жіберу, мұрағатқа өткізуге дайындау жұмыстарын;

- студенттер мен бітірушілердің барлық құжаттарын дайындау, көшірмелерін жасау;

- бітіру құжаттарының дубликаттарын беру;

 

Байланыс деректері:

Тараз  қ., Жамбыла даңғылы 16а, 5-ші оқу ғимараты, каб.203,204

тел: 8-7262-524922

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе