РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 24-25 ҚАНТАРЫНДА «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ IІ-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ.



Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті деканы

ТОҚБЕРГЕНОВА ЗАҒИРА СҮНДЕТҚЫЗЫ

Факультет деканы

Зағира Сүндетқызы 1980 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тарих факультетін бітірген.

Жоғары оқу орнындағы қызметін 1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «КПСС тарихы» кафедрасында аға лаборант, әрі бір мезгілде сабақ беруден бастап, 1994 жылы «Қоғамдық-саяси пәндер» кафедрасында оқытушы, 1995 жылы аға оқытушы болып қызмет атқарды.

1998 жылы  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің құрылуына байланысты «Қазақстан тарихы және саясаттану» кафедрасында аға оқытушы, 2001 жылы «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы», 2004-2005 оқу жылынан  «Саясаттану және әлеуметтану», 2006-2007 оқу жылынан  «Тарих және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2009-2010 оқу жылынан  «Педагогика, психология және тарих» кафедрасының доценті.

2013-2014 оқу жылында  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына «Тарих-география» факультетінің деканы болып ауысып, қазіргі уақытта «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің деканы қызметін атқаруда.

Осы жылдардың аралығында 60-қа жуық ғылыми мақаласы, 2 оқу құралы және 2 монографиясы жарық көрді.

Зағира Сүндетқызының атқарған еңбектері жоғары бағаланып, аталған оқу орындарының әкімшілігі тарапынан бірнеше рет,  Тараз қаласы әкімінің «Ұлағатты ұстаз» (2012 ж.) және университеттің «Үздік оқытушысы» (2012 ж.) номинацияларымен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығының құрметіне естелік медалімен (2016 ж.), «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының Құрмет Грамотасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл» (2017 ж.) мерекелік төсбелгісімен, біліктілік сертификатарымен, әртүрлі мерекелерде белсенділігі ескеріліп, алғыс хаттармен  марапатталды.

Білімгерлерге ғылыми-теориялық білім берумен қатар, терең тәрбие беруде де зор үлес қосуда. Кафедра мүшелерінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінің жемісті болуына жәрдем беріп келеді, кафедраны ғылыми дәрежелі оқытушылар қамтамасыз етуге қосқан үлесі мол. Тәжірибелі маман, іскер басшы ретінде күнделікті жаңа ғылыми, әдістемелік негізде жазылған зерттеу еңбектерін талдап, талқылауда және өз әріптестерімен пікір алмасуда да көптеген игі іс-шаралар атқарды.

Байланыс телефоны: +7 (7262)-45-41-73, +7 707 501 11 10

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе