Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК)

ТарМПУ жанындағы Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) ректордың тапсырмасы бойынша құрылды және қоғамдық бірлестік болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу арқылы ТарМПУ жас ғалымдарының шығармашылық ғылыми белсенділігін дамытуға және жәрдемдесуге бағытталған.

ТарМПУ - де жас ғалымдар кеңесінің жұмысы бекітілген ЖҒК жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі:

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері эдвайзерлердің қызметін атқарады, СҒЗЖ жетекшілері болып табылады,олардың жетекшілігімен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми студенттік конференцияларға баяндамаларын дайындау жүргізіледі. Жас ғалымдар университеттің кәсіби бағдар жұмыстарына белсенді қатысады. ЖҒК мүшелері университет бөлімдерінің жетекшілері ретінде әкімшілік жұмысқа тартылады.

ЖҒК қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күшін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖҒК келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

• жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда ТарМПУ жоғары мектептері ЖҒК қызметін үйлестіреді, жас ғалымдардың конференцияларын, ғылыми іс-сапарларын ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетеді және жоспарлайды;

• жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

• қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Жас ғалымдардың күшімен пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді;

• жас ғалымдарды қазақстандық және шетелдік ұйымдар өткізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді;

• жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың жобалары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен ұсыныстарға қатысты қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;

• студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бойынша университеттің ғалымдар клубымен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады;

• ҒСО-мен бірлесе отырып, ТарМПУ жоспары бойынша университеттің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;

• қойылған мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе