Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Диплом табыстау рәсімі ерекше форматта өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде бітіруші түлектерді құттықтау рәсімі өтті. Ұйымдастырылған шараның бір ерекшелігі - ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа шыққан бітіруші түлектерге арнайы диплом робот арқылы табыс етілді. Нақтырақ айтқанда,  цифрлы технологияның дамыған үлгісі ретінде сәтті қызметін атқарған роботтың сұлбасы мантиямен үйлесе отырып, планшеттің экранында онлайн байланыстағы студентті шығару мүмкіндігі орайластырылды.

Елдегі пандемия жағдайына байланысты онлайн конференция форматында өткен диплом табыстау рәсімі университет тарихында алғаш рет жүзеге асты. Сонымен қатар, сақтық шараларының қатаң талаптарын сақтау да назардан тыс қалмады.

ZOOM платформасы арқылы өткен диплом табыстау рәсіміне бітіруші түлектермен қатар университет ректоры Ержан Әмірбекұлы, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналар қатысты.

Алғаш сөз кезегін алған  USTAZ университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы бітіруші түлектерді құттықтай келе, жылы лебізін білдірді. «Мен сіздердің осы жерден аялдамай, ары қарай да өз дамуларыңызды жалғастыра түсетіндеріңізге толықтай сенімдімін. Кейбіріңіз жемісті ғылыми қызметпен айналысасыздар, кейбіреулеріңыз шығармашылықпен шұғылдануды жөн санарсыздар, ендігілеріңіз тамаша балаларға жүрек беретін педагог атанып, алдыңғы шептегі меңгеруші болатындарыңыз сөзсіз. Десе де бұлтартпас бір қағиданың бары анық, ол: ТарМПУ сіздермен ұзақ жылдар бойы мақтанатын болады», - деді Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде.

Қысыл-таяң сәтке қарамастан бітіруші түлектерге арнайы құттықтау рәсімін ұйымдастырғаны үшін студенттер тарапынан алғыс жолданды. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бітіруші түлектері Ғалия Абылай және Көркемжан Қанат өз сөздерінде университет оқытушылары мен басшылығының біліктілігі мен қолдауын тілге тиек етіп, барша бітіруші түлектердің атынан алғыс білдірді.

«Адалдық, тазалық, креативтілік» принциптерін ұстанымға айналдырған ұстаздар ұстаханасында төрт жыл бойы білім алған бітіруші түлектердің ата-аналары да өз құттықтаулары мен пікірін білдіруден қалыс  қалмады.

«Сапалы кадрлар мен нағыз педагогтарды даярлау ісінде алдыңғы қатарлы университеттердің біріне әрі бірегейіне айналған, ұстаздар ұстаханасы - Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті екені сөзсіз. Дәл осы ұядан ұлт мәртебесін жандандыруға үлес қосып жүрген ұстаздардың қанат қаққаны да белгілі. Сол себепті көптеген студенттерге мол мүмкіндіктер сыйлап, біздің болашақ ұрпақтың болашағына демеу болған Ustaz университетіне және барша бітіруші түлектерге ақ жол тілеймін», - деп ата-аналардың атынан Әсия Бөкенбайқызы ақ тілегін білдірді.

Айта кеткен жөн, биыл ТарМПУ бітіруші түлектер саны 2096, оның ішінде 41 магистр дәрежесіне иеленсе, 204 қызыл дипломмен тәмамдап отыр.

Сонымен қатар, өз дипломдарын түлектер кез-келген уақытта университеттен келіп алып кетуіне болады. Өздері келе алмаған жағдайда сенімхат арқылы туыстарына табыстауға рұқсат берілген. Онлайн диплом табыстау барысында дәл осы маңызды ақпаратпен барша түлектер құлағдар болды.

Тарихи кезеңдегі бітіруші түлектерді университетті сәтті аяқтауларымен құттықтай отыра, сәттілік тілейміз. Ұстаз атауына сай тұлға болуларына тілектеспіз.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе