Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Қымбатты ТарМПУ түлектері!!!

Сіздерді Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі оқуларыңыздың аяқталуымен құттықтаймын!

Өкінішке орай, елдегі соңғы карантиндік талаптарға байланысты біз барлықтарыңызды жинап, дәстүрлі түрде өтетін диплом табыстау салтанатты жиынын ұйымдастыра алмаймыз.

Осыған қарамастан бүгін біз сіздермен бірге оқу орнымыздың тарихындағы тағы бір белесті парақ бетін аударып, ертеңгі күнге үмітпен қараймыз.

Мен сіздердің осы жерден аялдамай, ары қарай да өз дамуларыңызды жалғастыра түсетіндеріңізге толықтай сенімдімін. Кейбіріңіз жемісті ғылыми қызметпен айналысасыздар, кейбіреулеріңыз шығармашылықпен шұғылдануды жөн санарсыздар, ендігілеріңіз тамаша балаларға жүрек беретін педагог атынып, алдыңғы шептегі меңгеруші болатындарыңыз сөзсіз. Десе де бұлтартпас бір қағиданың бары анық, ол: ТарМПУ сіздермен ұзақ жылдар бойы мақтанатын болады.

Сонымен қатар, университет ұжымына, ата – аналарға сіздерді барынша осы жылдар арасында қолдап, қажетті жағдайды тудырып, барынша демегендері үшін үлкен алғыс білдіремін. Бүгін барлығы сіздердің қуаныштарыңызға жұптаса қуанып, мақтан етуге толықтай құқылы.

Құрметті бакалавр әрі магистрлер! Сіздердің кезең қиындау, десе де өте қызықты уақытпен қатарласып келіп отыр. Бүгінде өмір адамнан барлық жаңа білім мен дағдыларды талап етеді. Үйреніңіз, еңбек етіңіз, осы өмірде сөзсіз сіз лайықты орынды иеленесіз! Сіздің ең батыл жоспарыңыз шын мәнінде жүзеге асырылсын. Сіздерге бақыт, денсаулық, амандық және сәттілік тілеймін!

ТарМПУ ректоры

Ержан Әмірбекұлы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе