Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



ТарМПУ-да Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды!

Бүгін, 26 маусым күні, ҰБТӨП-837 Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеудің бірінші күні 283 талапкер емтихан тапсырды.

ҰБТ-ға қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтай отыра, 2020 жылы 26-30 маусым аралығында 5 лек бойынша тестілеу ұйымдастырылатын болады. ТарМПУ қабырғасында ҰБТ тапсыру үшін барлығы 1424 талапкер өтініш берді.

Биыл елімізде 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірді, оның 111 109 – ы ағымдағы жылғы мектеп түлектері, нақтырақ айтқанда 82%, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% - ға жоғары.

2020 жылғы ҰБТ-ның айрықша ерекшелігі оның алғаш рет жаңа жағдайда өтетіндігі болып табылады: ұйымдастырушылар мен түлектер COVID-19 індетіне байланысты қатаң карантин шараларын сақтауы тиіс.

Айта кету керек, ҰБТӨП-837 қазіргі жағдайда тестілеуді өткізуге толық дайын. Мемлекеттік комиссияның, құқық қорғау органдарының, ТЖ және медициналық көмек бригадаларының әрі кезекшілердің жұмысы ұйымдастырылды.

Талапкерлер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін ғимарат алдындағы алаңда баррикадты таспалар орналасқан. Кіру кезінде түлектер тексерудің бес кезеңінен өтеді. Корпус алдында сыртқы киімді дезинфекциялауға арналған арнайы тоннель және аяқ киімді өңдеуге арналған кілемшелер орнатылған. Талапкерлерді ғимаратқа өткізу үшін рамалы және қол металл іздегіштері дайындалды. Талапкерлерді қашықтықтан байланыссыз сәйкестендіру жүргізіледі. Медицина қызметкерлері тепловизорлардың көмегімен әрбір талапкердің дене температурасын өлшейді. Бір рет қолданылатын маскалар, қоқыс жәшіктері дайындалды. Корпуста санитайзерлер орнатылған.

Тестілеу басталар алдында аудиториялар мен барлық ғимаратты толық дезинфекциялау жүргізіледі. Медициналық кабинет дайындалып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аудиторияларда кондиционерлер, кварц шамдары және ұялы байланыстың сөндіргіштері бар.

Тестілеудің барлық кезеңінде онлайн-трансляция жүргізілетін болады. Барлық 14 аудитория бейнекамералармен жабдықталған. Бейнежазбаларды 25 тамызға дейін мамандар зерттейтін болады. Ереженің бұзылуы анықталған жағдайда, тіпті сол кезде талапкерге грант берілсе да, тест нәтижелері жойылады. Ал, ата-аналар, мұғалімдер және ҰБТӨП аумағына кіруге тыйым салынған адамдардың емтихан тапсыру барысын бақылауға мүмкіндігі бар.

Емтиханға қатысушылардың құрамына арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «адалдық аланы» жобалау кеңселерінің өкілдері қатысқан тәуелсіз сарапшылар бақылайды.

ҰБТ-2020 жаңалықтарының ішінде санитарлық нормаларды сақтау ғана емес, сондай-ақ, емтиханда тыйым салынған заттарды алып өту және пайдалану сияқты заңсыз әрекеттер үшін жазалау қатаңдатылды. Сонымен қатар, тестке 4 сағат уақыт беріледі, ал тестіленушілерге ҰБТӨП ұсынған калькуляторды пайдалануға рұқсат етліген.

ҰБТ-ға дайындық және оның сәтті өтуі мектеп бітірушінің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. ҰБТ ерікті негізде жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша түлек Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсе алады. ҰБТ ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен айқындалады.

2020 жылғы барлық талапкерлерге емтихан тапсыруда сәттілік пен табыс тілейміз!!!

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе