Online обучение

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Университет

abay175

С 16 МАРТА ВУЗЫ ПЕРЕЙДУТ НА ДИСТАНЦИОННУЮ ФОРМУ ОБУЧЕНИЯ



Сенім мен сыннан сүрінбеу үлгісі

Аспалы шамның жарығындай жарияланған мемлекет басшысының сұхбаты сан түрлі сауалдардың саябырсуына сеп болды. Халық мүддесі үшін30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан «Ана тілі» газеті тағы бір мәрте қоғамда қордаланған сұрақтарға жауап алды. Әдеттегідей халықтың шынбайына қатты батып, дауысы басымырақ шығып жүрген сауалдарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұы әуел бастан-ақ жауап қатуды жөн санады. Алдымен әлемдік деңгейдегі індетке айналған коронавирус ахуалына жіті тоқталып, әр мемлекеттің жеке дара күресіп отырғандығын жеткізде. Әрі бүгінде халықтың хәлі карантин талаптарының мұқият сақталуына тікелей байланысты екендігін атап өтті. Мемлекеттің мәртебелі межеден көрінуі шежірелі тарихымызбен астасып жатқандығы анық. Талай заманнан ұлттың ұлы қазынасы – тіл турасында тартысты мәселелер қылаң беріп келеді. Мемлекеттік тілдің мен мұндалап тұруы үшін, әлбетте оны әлемдік деңгейге көтеру керек. Осы орайда мемлекет басшысы өз сұхбатында бірнеше тұшымды деректер келтірді. Нәтижесінде өз бастамаларында ана тіліміздің ар-абыройын еселей түсетін талаптарды мықтап қойғандығын жіті баяндады.

Ұлты болып ұйысып, жұрт болып жұмылған сәтте көлденең келетін кедергілермен уақыт өткізбей, бейбіт шешімді бірінші қарастыруға бағыттаған Президент сұхбаты, расында ұлттық мүддеге негізделген. Сын мен сенімге толы бір жылда атқарылған жұмыстар ортақ іс екендігін айта келе, ел игілігі үшін тартынбайтындығын жеткізді. Расында, сұхбатта бой көрсеткен сан сауал салмақты жауаппен түйінделді. Жүрегі мен жолы, тілегі мен тірегі бір қазақ халқының шежірелі қойнауына бір сүңгітер сұхбаттан алар тәлім мол. Сәйкесінше, ел Президентінің сыни көзқарастары ортаға салынып, талданғандығын анық байқаймыз. Ендеше, сұхбаттағы түйткілді тақырыптардың түйінін тарқату әрбіріміз үшін жауапты іс болма. Осы орайда біз, сөзсіз біргеміз!

ТарМПУ ректоры

Ержан Әмірбекұлы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Календарь