Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Жамбылдық еріктілер Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» акция аясында жалғыз басты қарт адамдарға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға және басқа да мұқтаж азаматтарға әлеуметтік пакеттер ұсынуға атсалысқан еріктілер мен белсенді нұротандықтарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттары.

Акция Елбасы бастамасымен елде төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қолға алынған болатын. Бұл жұмыстардың барлығы еріктілердің арқасында сәтті атқарылды. "Nur Otan" партиясының аудандық филиалдарының жанынан еріктілер қозғалысы құрылып, оған игі іске атсалысуға ынталы азаматтар тартылды.

«Қазақ халқында асар деген дәстүр бар. Онда адамдар бірігіп, үлкен жұмыстарды шынайы ниетпен және ақысыз жұмыла орындайды. Көшпелілер ежелден-ақ бір-біріне және әлсіздерге қол ұшын созып, бірге үйлер салып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырған. Бірігіп қана ауқымды тірліктерді тындыра алатындықтарын әу бастан түсінген.

Сол сияқты бүгінгі таңда еріктілердің бірлік, қайырымдылық және мейірімділік қағидаларын басшылыққа алуы қуантады. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарқын көірінісі.  Жас буынды еріктілер қозғалысына одан әрі тарта түсу үшін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының және «Жас Отан» Жастар қанатының қызметіне жаңа серпін беру керек», - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде еріктілер де Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа артқан сенімі үшін алғыстарын білдірді. Жамбыл облыстық "Жібек жолы жастары" еріктілер қозғалысының төрағасы, ТарМПУ студенті Аяулым Расылхан қазіргі қиындықтар жақсылыққа жаны құштар жастарды бір арнаға топтастырғанын тілге тиек етті.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтынан

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе