Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Музей түнінде оқытушылардың авторлық туындылары ұсынылды

ТарМПУ ұйымдастырған "Ұлттық құндылықтар" атты музей түнінде терең тарихымыздан сыр шертетін тірі экспонаттармен қатар, оқытушылардың авторлық туындылары да көпшілікке ұсынылды. Нақтырақ айтқанда, USTAZ университетінің оқытушылары: Бекболат Аманжолұлы, Дархан Ізтілеуов, Жамбыл Елемесұлы "Қазақ шаңырағы" логикалық-танымдық ойынын ойлап тапқан. Басты мақсат - ұлттық құндылықтарымызды ойын технологиясы арқылы кейінгі ұрпақтың бойына сіңіру, көпшілік арасында насихаттау. Аталмыш ойынның ерекшелігі де сол - қазақ халқының жеті қазына, бес анық, киіз үй, шежіре, тәуелсіздік нышандары сынды танымдық құндылықтары ойынның басты элементке айналған.

Дамино принципі арқылы жүзеге асатын бұл ойынды кез-келген жастағы адамдар ойнай алады, тіпті білім беру саласында кез-келген пәнде арнайы тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады. Бұл бастама - Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті оқытушыларының инициатива білдіруімен алғаш қолға алынған және арнайы авторлық құқықпен қорғалған. Сондай-ақ, авторлық туындылар қатарында "Үш бас асық" ойыны да бар. Бұл ойын халқымыздың асық ату ойынының заманауи үлгісі. Жиналмалы үстелде ойланатын бұл ойын кез-келген жерде ойнауға ыңғайлылық туғызады. Дәл осындай кереметтердің куәсі болған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы USTAZ университетінің креативті бастамаларына оң бағасын берді.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе