Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Сәт сапар, жас маман!

There are no translations available.

2020 жылдың 15 маусым күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Карьера және педагогикалық зерттеулер орталығының» ұйымдастыруымен жыл сайынғы бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу комиссиясының отырысы өтті.

11 мүшеден құралған комиссияның 3/2 құрамымен кворум жиналып, онлайн түрде 3 және офлайн түрде 6 комиссия мүшелері  қатысты. Отырысты комиссия төрағасы Ержан Әмірбекұлы ашып, онлайн форматта қатысып отырған барлық жас мамандарға алдағы педагогтік өмірлеріне сәт сапар тілеп, оқу орнынан алған білімдерін жас ұрпаққа паш етулерін, білікті де білімді маман болуларына, әрдайым педагог маман ізденіс үстінде жүру керектігін айтты.

Сонымен қатар «Маманды жұмысқа жіберу, оған өз күшімен жұмысқа тұру құқығын ұсыну, педагогикалық, медициналық және мал дәрігерлік мамандықтар бойынша ауылдық квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарына жататын азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарды жұмысқа бөлу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына тоқталып барлық мемлекеттік тапсырыста оқуды аяқтайтын түлектердің міндетті білім беру мекемлерінде жұмысты өтеу керектігін жеткізді.

2019-2020 оқу жылын мемлекеттік тапсырыста және ауыл квотасы негізінде аяқтайтын түлектерді дербес жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның отырысы бойынша комиссия төрағасының орынбасары академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Мажибаев Асылжан Кенжекерейұлы мен комиссия мүшелері бекітілген кесте бойынша университет түлектерін жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында облыстық білім басқармасы мен университет порталына кеп түскен бос вакансияларға тоқталды.

Тарқата айтсақ биыл күндізгі бөлімді 997 түлек аяқтаса, оның 221 мемлекеттік білім беру тапсырысымен бітіретін түлектер. Жалпы 2020-2021 оқу жылы бойынша облыстың білім беру мекемелеріне 547 маман қажет екендгін айтып, ауыл квотасы бойынша оқуды аяқтайтын түлектерді ауылды елді мекендегі білім беру мекемелеріне, мемлекеттік тапсырыспен аяқтайтын түлектерді ауылдық, аудандық және қалалық білім беру мекемелеріне жұмысқа бөлді.

Сонымен қатар жүкті және 3 жасқа дейінгі баласы бар студенттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына сәйкес міндетті жұмысты өтеу міндетінен босатылды. Комиссия мүшелері бітіруші түлектердің магистратураға да құжат тапсырып түсулеріне болатындығын жеткізді. Барлық түлектерге 1-ші қыркүйектен бастап жұмысқа орналасқаны туралы және магистратураға түскенін растайтын анықтаманы міндетті түрде өткізу керек екендігін жеткізді.

Карьера және педагогикалық зерттеулер орталығының басшысы Г.Нурадин бітіруші түлектерің бес минутсыз жас маман екендігін айтып, алдағы мұғалімдік өмірлеріне сәттілік тілеп, қазіргі жас маманға көптеген мүмкіндіктер жасалып жатқандығын, «Педагог мәртебесі» заңының қабылданғанын, мемлекеттік біліктілік тест тапсыру жөнінде түлектерге хабарлады. Түлектер де өз тараптарынан қалыс қалмай білім нәрімен сусындатқан оқу орнының оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar