Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Ардагерлер кеңесі

ТарМПУ ардагерлер ұйымы«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдық негізін құрайды. Ол Жамбыл облыстық және Тараз қалалық ардагерлер ұйымымен бірлесіп жұмыс істейді. ТарМПУ ардагерлер ұйымы құрамына барлық факультет пен әкімшілік бөлімі ұжымдары кіреді.

Жалпы институт ардагерлер ұйымының тиімді жұмыс істеуіне университет әкімшілігі қолдауы жақсы көмектесуде. ТарМПИ ардагерлер кеңесіне жеке жұмыс кабинеті бөлінген, компьютермен жабдықталған. Сол кабинетте кеңес жұмысы тұрақты жүргізіледі, кеңес мүшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Университет ардагерлер кеңесі университеттің барлық қоғамдық ұйымдарымен (кәсіподақ комитеті,«Нұр Отан» студенттік жастар комитеті, студенттік кесіподақ комитеті және т.б.) тығыз байланыста жұмысын жүргізуде.

Университет ардагерлер Кеңесінің құрамында студенттік жастар ұйымымен байланыс, институт тарихын дайындау мәселелерін ұйымдастыру комиссиясы; ағымды қоғамдық іс-шараларға қатысу мәселелерін ұйымдастыру комиссиясы; ардагерлер жағдайын бақылау және олармен байланыс мәселелерін ұйымдастыру комиссиясы; Елбасы Жолдауларын жастар арасын- да уағыздауды және патриоттық тәрбие беру мәселелерін ұйымдастыру комис- сиясы сияқты бірнеше жеке комиссиялар жұмыс атқарады.

Ардагер профессор-оқытушылардың барлығы да әртүрлі (кафедра, факультет, институт) деңгейлеріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, өйткені, оқытушылық қызметтің ерекшелігі сонда, онсыз оқытушылық қызметті тиімді атқаруға болмайды. Дегенмен, қоғамдық жұмыста аса жоғары белсенділік танытып жүрген Бегалиев Тұран Бегалыұлы, Тамаев Сәбит Тамайұлы, Турдалин Қуандық Байшемірұлы, Жолдасова Күлжамила Жолдасқызы, Наурызбаев Алтынбек Наурызбайұлы, Тайчибеков Аскер Усембайұлы, Исматова Сейсекүл Молдабекқызы, Садықбеков Рахим Айтбайұлы, Мыңайдарова Мария Естайқызы, Сағымбекова Пернайым, Бейсеуов Сейсенби, Яхияев Инагам Абдукаримович, Максименко Владимир Семенович, Төлеубаев Жақсыбай Сұрабердіұлы сияқты ардагер профессор-оқытушылардың еңбектерін ерекше атап айтуға болады.

Осы ардагерлердің жауапты іс-әрекеттері, қызметтері және қоғамдық белсенділіктері институт жастарына үлгі болуда. Ардагерлердің барлығы дерлік универститет көлемінде өткізілетін тәрбиелік және саяси іс-шаралардың барлығына белсене қатысады. Институт ардагерлер кеңесінің алғашқы жетекшілігін ТарМПУ профессоры Т.Бегалиев атқарды. 2015 жылдан кеңес жұмысына доцент Б.Мүсілімов жетекшілік жүргізуде.

Ардагерлер кеңесі қоғамдық ұйым болып табылады. Негізгі мақсаты - жастарға тәрбие беру, үлгі болу, Елбасы еңбектерін жастар арасында насихаттау, Қазақстан халқы арасында ынтымақ, татулық болуға ат салысу, Отан сүю, патриоттық сезім, имандылықты жастар бойында қалыптастыруға үлес қосу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе