Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Жаңа форматтағы тәрбие жұмысы жіті назарда

There are no translations available.

Мамыр айының  20 жұлдызында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректоры Орынқыз Көпбосынқызының модераторлық етуімен «Қашықтықтан оқыту: педагогикалық  ЖОО тәрбие жұмысының жаңа форматы» атты вебинар өткізілмек. Басты мақсат – тәрбиелік жұмыстардың қашықтан жүзеге асуын жіті қадағалауды арттыру және тәжірибе алмасу.

Аталмыш іс-шараны еліміздегі 7 жоғары педагогикалық оқу орындарының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректорларының қатысуымен өткізу жоспарлануда. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мусабекова Гульвира Айдархановна, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нығманов Мақсат Сейткенұлы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тәрбие істері жөніндегі проректоры  Бегалиева Рауан Нармаханқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Сұлтанова Жаңагүл Сердалықызы бар.

Қашықтан оқыту мен тәрбие жұмысының жаңа форматының қыр-сырын ортаға салатын вебинар ZOOM платформасында  222 644 3289 идентификатор номері арқылы сағат 15:00-де өтеді.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar