Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Талапкер - 2020

There are no translations available.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ҚАЛЫПТАСҚАН БІЛІКТІ ДЕ БІЛІМДІ ҰЗТАЗ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН  ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!

Университетте  педагогикалық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, қызмет көрсету бағыттарында 33  бакалавр, 13 магистратура және 3 PhD докторантура білім беру бағдарламалары  бойынша  жоғары білікті мамандар дайындайды.

ТарМПУ- бұл:

1. мамандарды сапалы дайындау;

2. жоғары кәсіби профессорлар құрамы;

3. алыс жақын шетелдердің 100-ге жуық іргелі жоғарғы оқу орындарымен халықаралық байланыс;

4. оқытудың жаңашыл инновациялық технологиялары;

5. заманауи үлгідегі компьютер кластары, «Жылы-жай агробиостанциясы», озық технологиялармен жабдықталған зертханалар;

4. студенттердің әдеби-шығармашылық этнографиялық орталықтары мен спорт секциялары;

5. заманауи үлгідегі студенттер үйі;

6. Мемлекеттік және адрестік гранттарға түсу мүмкіндігі;

7. Жарқын және қызықты студенттік өмір.

2020 жылы  білім алуға ЖОО-на түсушілер үшін болатын жаңалықтар:

1.Онлайн құжаттарды қабылдау қызметін көрсету үшін жоғары оқу орнының ақпараттық жүйесі арқылы  өтініш беруші жеке кабинетінде жеке тіркеуден өту керек.

2.Талапкер немесе ата-анасы,  заңды өкілі жоғары оқу орнына  өтініш береді және келесі мәліметтерді енгізіп, құжаттарды тіркейді:

-  Жеке сәйкестендіру номері ( бұдан әрі – ЖСН);

-  Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ сертификаты);

-  3х4 цифрлы фотосурет;

-  Оқу формасын, білім беру бағдарламасын енгізеді;

-  Жатақханада орын қажеттілігі жайлы мәліметті енгізеді.

3.Өтініш беруші өтінішті қалыптастырады, дұрыс толтырылғандығын растайды және жоғары оқу орнына жібереді.

4. Жоғары оқу орындарының  қабылдау комиссиясы өтінішті өңдейді.

5.Жоғары оқу орны бір жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырғаннан кейін  құжаттарды қабылдау немесе дәлелді жауабы бар құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Қымбатты жас достар! Сіздерді жарты ғасырлық тарихы бар Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне оқуға шақырамыз!

Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 62,

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar