Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Ақ жаулықты ананың өмірлік тәжірибесі һәм көпбалалы психологтан кеңес

There are no translations available.

Отбасы күні мерекесіне орай Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің  профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасова Күлжамила Жолдасқызы және көпбалалы ана, психология ғылымдарының кандидаты, "Арнайы педагогика" кафедрасының меңгерушісі Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы жастармен тікелей эфирде жүздесті. Басты мақсат мереке қарсаңында жастарға отбасының қоғамдағы рөлі мен құндылықтарын дәріптеп, ұғындыру.

Рухани азық берген бұл жүздесуде жастар жағы түрлі сауалдарын жолдап, ақ жаулықты ананың әңгімесін тыңдап, психолог ғалымның кеңесіне құлақ түрді. Әсіресе, шаңырақтың түтінін түтетіп, отанасына айналатын қыздар қауымына қазақ салт-дәстүрінің терең сыры зерделеніп, ұғынықты тілде түсіндірілді. Бабалар аманатының жалғастығы қыз баласының тәрбиесіне һәм балаларына берген тәлімінде екендігін ескере келе психолог тарапынан да отбасы құрудағы мақсат пен міндет, жауапкершілік жайында пайдалы кеңестер ортаға салынды.

-Қазақ отбасын «Әке –асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп әдемі сипаттаған. Қазақи отбасында әкенің орны асқар тау сияқты қашанда жоғарғы орында, ал ана мейірім мен қамқорлықтың белгісіндей – мөлдір бұлақ болса, тауды саялап, мөлдір бұлақтан қанып ішкен балалары жайқалған құрағы болады. Бұл ата-бабамыздың терең дүниетанымынан туған бұзылмайтын қағидасы еді, - деді Күлжәмилә Жолдасқызы өз сөзінде. Осылайша отбасындағы тек ананың ғана емес, әкенің де рөлін айқындап, оңды бағыт-бағдар берген эфирдің басты кейіпкерлері барша отбасыны мерекелерімен құттықтап, тату отбасы болуға үндеді.

Қазіргі таңдағы ажырасу мен шаңырақтың шайқалу себептері де сұхбат барысынан тысқары қалмай, өзекті проблеманың шешуші жолдары қарастырылды. Тек ғылыми кеңестер ғана емес, өмірлік тәжірибелер ортаға салынған тікелей эфир екіжақты пікіралмасу нәтижесінде дараланды.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar