Online обучение

Official INTERNET-RESOURCE

Taraz State Pedagogical University

abay175

FROM MARCH 16 UNIVERSITIES WILL SWITCH TO DISTANCE LEARNING



Спортклуб «Ұстаз»

There are no translations available.

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ҰСТАЗ»

СПОРТТЫҚ КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар мен қызметкерлер жәнеде болашақ мамандарды спорттық іс-шаралар жұмыстарына машықтандыру «Ұстаз» спорттық клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы және қамқорлығымен өткізіледі.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Ұстаз» спорттық клубы 2004 жылы 11 маусым айында құрылған. Қасымов Сұлтан Берікұлы басшылық жасады. 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Ұстаз» жастар спорттық клубы болып ауыстырылды. Спорттық клуб басшысы болып Сулейменов Олжас Абирлиевич сайланды. 2018 жылдың 1 наурызынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ұстаз» спорттық клубы» қоғамдық бірлестігі болып өзгертілді. Бірлестік төрағасы Сулейменов Олжас Абирлиевич қайта сайланды.

Клуб үнемі спорттық және бұқаралық сауықтыру іс-шараларын өткізеді және студенттердің құрама командаларының аудандық және халықаралық жарыстарға, универсиядаға қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ спорттық студенттік федерациялармен, клубтармен, халықаралық спорттық және туристік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Спорттық клубтың негізгі жұмыстары: - дене шынықтыру және спорт қағидаларын оқу және еңбек ісіне енгізу, студенттердің демалу, ұстаздарға, университет ұжымына салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру; - дене шынықтыру және спорттың әртүрлі формаларын және түрлерін ұйымдастыру, әдістемелік жағдайларын жасауды, жоғарғы оқу орнында қалыптасқан жүйесі бойынша, мамандық дайындау ерекшеліктері бойынша және ұйымның қызығушылығына байланысты жұмыстарын жоспарлау; - спорттық секцияларда оқу-жаттығу жүйесін ұйымдастыру; - спорттық жарыстардың жылдық жоспарын жасап, сол бойынша оны өткізу, жарыс кезінде сақтандыру қауіпсіздіктерін қамтамасыз етеді; - студенттердің спорттағы жетістіктері мен олардың дәрежелерін тіркеп, жоғарғы оқу орнының құрама командаларын жасақтап, оларды жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

2019-2020 оқу жылына «Ұстаз» спорттық клубы «Саламатты университеттер» жобасын іске асыру жоспары бойынша жұмыс атқаруда.

 

«ҰСТАЗ» СПОРТТЫҚ КЛУБЫ» БАСШЫСЫ

2019 жылдың 4 қазанынын бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ұстаз» спорттық клубы» қоғамдық бірлестігінде Шилібаев Бекболат Аманжолұлы төрағалық қызмет атқаруда.

Шилібаев Бекболат Аманжолұлы – дене шынықтыру және спорт маманы, аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры (доцент), Қазақстанның құрметті профессоры. Жасөспірімдер спорт негізінің психологы. Шығыс жекпе-жегінің жаттықтырушысы, қара белбеу иегері І дан. «Үшбас» спорттық асық ойыны және «Қазақ шаңырағы» инновациялық-логикалық, танымдық ойынның және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған 6-оқу құралы, 8-оқу әдістемелік құралы, 100-ден аса мақала авторы.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Calendar