Online оқыту

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Университеті

abay175

16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ



Музей

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің музейі ТарМПИ-ның 40 жылдық мерей тойына орай 2007 жылы қараша айында сол уақытқа дейінгі институттың жеткен жетістіктері мен ерекшеліктерін дәріптеу және Жамбыл облысындағы Ортағасырлық қалалардың бірі «Баласағұн» қаласының  археологиялық таныстыру мақсатында  ашылған.

Музейдің ашылуына ұйтқы болған – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің т.ғ.д. профессоры У.Х. Шалекенов.

Музей – өткен уақыт туралы естеліктерді жинақтайтын универсиеттің рухани орталықтарының бірі. Жалпы музей екі бөлімнен тұрады: көрме залы және жәдігерлерлердің қор бөлімі.

Көрме залында екі бөлім бар: бірінші бөлім ақын, ғұлама ғалым – 1020 жылы Баласағұн  қаласында туылған – Жүсіп Хас Хажип Баласағұниға арналған. Қайтыс болған жылы белгісіз, Баласағұнидің біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы – 1069 жылы көне түркі тілінде жазылған  «Құдатғу білік»  («Құт әкелетін білім») поэмасы. Бізге поэманың үш нұсқасы жеткен: Вена, Мысыр, (Каир), Наманған (Ферғана). Осы нұсқаларды шығыстанушылар көп зерттеген және бұл еңбектердің құндылығын бәрі бір ауыздан мақұлданған. Бұрын қысқартылып орыс тіліне, кейін кең көлемде өзбек тіліне аударылған болса, 1986 жылы көне  түркі тілінен қазақ тіліне ақын, ғалым Асқар Егеубаев аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазды. Түрік, Қазақ тіліне аударылған құнды еңбек музейдің төрінен орын тапты.

Музейдің қалған бөлігі Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстан қалаларының үстімен өткен, осындай Ортағасырлық аты әлемге әйгілі қалалардың бірі – Баласағұн қаласына арналған. Ол бізге жердің қойнауына түгелімен енген археологиялық ескерткіш  түрінде жеткен. Бұл қаланың орны Жамбыл облысы Шу ауданы, бұрынғы «Калинин» колхозының жерінде, Алматы – Тараз тас жолының бойында. «Ақтөбе» деп аталатын ортағасырлық үлкен қаланың орнын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Екінші бөлім «ТарМПУ тарихы», онда факультеттер туралы мәліметтер, экспозициялар қойылған.

Музей қорында әр түрлі деректердің 300 ден астам түрлері сақталған: негізгі оқиғаларды бейнелейтін құжаттар; оқытушылардың,  жоғары оқу орнының тарихы сақталған фотосуреттер; марапаттаулар, жеке заттар, монографиялар кітаптар,оқулықтар, жинақтар бар.

Музейде экскурсиялар, студеттер мен түлектердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі және тәлімгерлік сағаттар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп тұрады. Музей ішінен «Ізгілік» орталығы жұмыс жасайды. Халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға келген қонақтар музеймен танысады. Қазақстанның Тұнғыш Президентінің музейінің директоры Мырзатай Жолдасбеков, ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, еңбек сіңірген әртісі Бағдат Самединова, Олимпиада Бахтияр Артаев, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, ақиық ақындар Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев сынды тұлғалар музейде қонақта болды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support
Күнтізбе